Пятница , 4 июля 2025

Жармахан ТҰЯҚБАЙ, ЖСДП партиясының төрағасы: МЕН КЕТТІМ! Кемшіліктерім болса, кешірім сұраймын!

Енді­гі ел-жұр­тқа бел­гілі болған­дай, Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы­ның 26 сәуір күні өткен кезек­тен тыс ХІV құры­л­тай­ын­да Жар­ма­хан Тұяқ­бай пар­тия төраға­лы­ғы­нан кететінін мәлім­де­ген еді. Қалай болған­да да, соңғы 13 жыл­дам астам уақыт­та елде­гі жалғыз оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­ны осы бүгін­гі күн­ге дей­ін «сүй­реп» әкел­ген аза­мат­тың съез­де сөй­ле­ген сөзін қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз. 

Құр­мет­ті әріптестер! 

Бүгін біз билік­тің айтуы­мен өткелі жатқан кезек­ті сая­си науқанға бай­ла­ны­сты жина­лып отыр­мыз. Көп­шілі­гі­міз бүгін­гі «пре­зи­дент­тік сай­лау» атты сай­қы­ма­зақ қой­ы­лы­мға деген көзқа­ра­сы­мы­зды басты мақ­сат етсек те, оған мән беріп, ойла­ну­ды қажет ететін – пар­ти­я­мы­здың бола­шағы­на қаты­сты көкей­кесті мәсе­ле­ге назар аударға­ны­мыз жөн. Пар­ти­я­ны тек қана сақтап қалу тұрғы­сы­нан ойла­сақ, сая­си өрісі­міз тарылады. 

Сон­ды­қтан пар­ти­я­ның сая­си алаң­дағы алдағы уақыт­тағы қыз­метін өркен­де­ту арқы­лы билік­тің өтпе­лі кезеңін­де­гі шынайы күрес­ке қалай дай­ын болуы­мыз керек? Елі­мізді дамы­ту жолын­дағы өз иде­я­ла­ры­мы­зды халы­ққа қалай жет­кі­зе ала­мыз? Бүгін­гі билік­тің кесірі­нен елі­міз­де орны­ққан күр­делі жағ­дай­да пар­ти­я­ның абы­рой­ын сақтап, оның жұмысын қалай тиім­ді ету­ге бола­ды? Елге оң өзгерістер әке­лу­ге шама­сы келетін зама­на­уи сая­си пар­ти­я­лар дең­гей­іне қалай көтері­ле ала­мыз? Міне, біз үшін басты сұрақтар осы. Мені осы мәсе­ле­лер соңғы жыл­да­ры көп ойландырды.

Ойла­на келе түй­генім: ЖСДП-ның бел­сен­ділі­гін арт­ты­рып, жұмыс істеу тәсіл­дерін түбе­гей­лі өзгер­тіп, оның сая­си мақ­сат-мұрат­та­ры­на жету жолын­да ең алды­ңғы қатар­лы жаңа әдіс-тәсіл­дер­ді қол­дан­ба­са, пар­ти­я­ның ел ішін­де­гі таны­мал­ды­лы­ғын, сая­си бәсе­ке­де жеңіп шығу қабілетін биік­те­те алмай­мыз. Осы мақ­сатқа жету үшін және пар­ти­я­ның келе­ше­гін ойла­сақ, оның басқа­ру тетік­терін зама­на­уи талап­тарға сай жастарға беруі­міз керек. 

Пар­ти­я­ның уақыт тала­бы­на жау­ап бере ала­тын өзгерістер қада­мын өзім­нен баста­уым керек деп шештім. Қоры­та айтқан­да, пар­ти­я­ның төраға­лы­ғын боса­туға шешім қабылдадым. 

 Бұл шешім біздің пар­ти­яға жаңа екпін беріп, оны жаңғыр­ту бағы­тын­дағы жаңа ой-ұсы­ны­стар туын­да­тып, пар­ти­я­ның өркен­де­уіне жол аша­ты­ны­на мен кәміл сене­мін! Сая­си алаң­дағы жалғыз оппо­зи­ци­я­лық пар­тия ретін­де ЖСДП өткен кезең­де елде­гі авто­ри­тар­лық жүй­е­ге қар­сы, демо­кра­ти­я­лық бала­ма иде­я­ны ұсы­ну жолын­да қан­дай күр­делі жағ­дай­лар мен қауіп­тер­ді басы­нан өткіз­ген­ді­гін сіз­дер менен де жақ­сы білесіз­дер. Соған қара­ма­стан, біз пар­ти­я­ны сақтап қал­дық. Бүгін біздің пар­ти­я­мыз – Қаза­қстан­дағы демо­кра­ти­я­лық күш­тер­ге тірек болып тұрған жалғыз сая­си күш. 

Біз халық мүд­десіне сай бағ­дар­ла­ма­мы­здың бір­де-бір құн­ды­лы­қта­ры­нан бас тар­тқан емес­піз, алдағы уақыт­та да бас тарт­пай­мыз! Біз­ге үміт артқан ел аза­мат­та­ры­ның сені­мін ақтау жолы­нан тай­ған емес­піз. Оны іске асы­ру үшін, Қаза­қстан­да еркін­дік пен әділет­тік­ті орна­ту үшін, билік­ке келу­ге ұмты­лы­сы­мы­зды тоқтатқан емеспіз.

Қоры­та келе айта­рым, мен пар­ти­я­ның бола­шағы­на нық сене­мін және оның күрес жолын­да күш-жігерін аямай тер төгіп келе жатқан пар­ти­я­ның бел­сен­ділері мен жақ­та­ста­ры­на, демо­кра­ти­я­лық көзқа­рас­тағы бар­ша қаза­қстан­ды­қтарға деген ыстық ілти­па­тым­ды біл­дір­гім келеді. ЖСДП-ның аймақтық фили­ал­да­ры­ның жетек­шілері мен мүше­леріне алғы­сым шексіз. Олар біздің пар­ти­я­ның арқа сүй­ер тіре­уі және сенім­ді серігі! 

Олар­дың қата­рын­да марқұм болып кет­кен: Қараған­ды облы­стық фили­а­лы­ның төраға­сы Рахым­бер­лин, Ақтө­бе облы­сын­да фили­ал бас­шы­сы болған Кли­мо­нов, қоста­най­лық пар­тия бел­сен­дісі болған Собо­льев, пар­ти­я­лық Жарғы автор­ла­ры­ның бірі, ғылым док­то­ры Кор­зун, бел­сен­ділер – Мамат­ра­и­мов пен Шаке­ба­ев, тағы басқа да аты атал­маған бақи­лық болған әріп­те­стері­мізді еске алып, бір минут­тық үнсіздік жариялайық. 

Рах­мет!

Бүгін біздің қата­ры­мы­зда пар­ти­я­ның құры­луы­на атса­лы­сқан­дар – Жұма­бай Доспа­нов, Нұр­лан Сей­іт­жап­па­ров, Қади­ша Мұқа­но­ва, Иван Бул­га­ков, Гри­го­рий Тен, Әділ Жұма­лы­ұ­лы, Май­ра Әбе­но­ва. Уақыт­тың сыны­нан өткен сенім­ді әрі­те­стері­міз – Вла­ди­мир Анд­ри­ев­ский, Әбді­ка­мал Әшім­бе­ков, Сер­гей Бога­ты­рьев, Вале­рий Смок­вин, Нұр­тай Қожа­ха­нов, Мари­на Сабитова. 

Пар­ти­я­ның жаңа толқы­ны, бел­сен­ді жастар – Мирам­бек Кама­лов, Ләз­зат Бақты­ба­е­ва, Асхат Рахым­жа­нов, Таза­бек Сам­бет­бай, Маки­ля Тоқ­сам­ба­е­ва, Нұрым Нұр­лы­бе­ков, Ажар Сағын­ды­қо­ва, Қуат Күн­бо­ла­тов бар.

Әрине, пар­ти­я­ның бар­лық бел­сен­ді мүше­лерінің атын атап өту мүм­кін емес. Олар­дың пар­ти­яға деген сені­мінің арқа­сын­да ғана біздің алға жыл­жып, сая­си толы­суы­мы­зға мүм­кін­дік туды. Соны­мен қатар мен пар­ти­я­ның қоғам­дық қабыл­дау орын­да­рын­да қыз­мет көр­сет­кен ерік­ті көмек­шілер­ге, тәу­ел­сіз жур­на­ли­стер­ге шын көңілім­мен алғы­сым­ды жет­кіз­гім келеді!

Көп жыл жаным­да болып, пар­ти­я­ның ұйым­да­сты­ру жұмысы­мен шұғыл­данған Ұлан Хандул­ла­ев­ты, пар­ти­я­ның идео­ло­ги­я­сы мен интел­лек­ту­ал­ды негізін қала­у­ға көп үлес қосқан Мак­сим Андрю­шин­ді айт­пай кету­ге болмайды.

Қым­бат­ты серік­те­стер, достар! Өткен 13 жыл­дың ішін­де пар­ти­я­ның жетістік­тері мен кем­шілік­тері менің өмірім­мен, сіз­дер­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты бол­ды. Иде­а­лизм­ге жол беріп, қателік­тер жібер­ген кез­дерім де аз емес. Мүм­кін­шілік­тері­мізді асы­ра баға­лаған, негіз­сіз ғай­бат сөз­дер және қара­ла­удан құла­зы­ған кез­дерім де болды. 

Кезін­де айтқан ұсы­ны­ста­ры­ңыз бен сұра­ны­ста­ры­ңы­зды дұрыс баға­лай алмаған кез­дерім бол­са, сіз­дер­ден кешірім сұраймын! 

Ең басты­сы – менің сөзім мен атқарған ісім­нің бар­лы­ғы пар­ти­я­ның өркен­де­уіне, халқы­мы­здың тұр­мыс-тір­шілі­гінің жақ­са­рып, еркін өмір­ге жетуіне бағыт­талған­ды­ғы үшін мен ешбір өкін­бей­мін. Тек осы шынайы сезім мен сенім және сіз­дер­дің қол­да­у­ла­ры­ңыз маған жігер беріп, алға жете­леді. Сол үшін де сіз­дер­ге көп рахмет!

Ал пар­ти­я­ның төраға­лы­ғы­на мен өзім сенім біл­дір­ген, елге бел­гілі сая­сат­кер, тәу­ел­сіз жур­на­лист, «ДАТ» газет­тер жоба­сын 20 жыл­дан бері шыға­рып келе жатқан Ермұрат Бапи­ды ұсы­на­мын. Сіз­дер менің ұсы­ны­сым­ды қабыл ала­ды деп сенемін! 

Республиканский еженедельник онлайн