Пятница , 4 июля 2025

«Торгаштардан» ТҮК ШЫҚПАЙДЫ!

Менің бай­қаға­ным – «тор­га­штар­дың» тұқы­мы­нан ешқа­шан мем­ле­кет­шіл тұлға шық­пай­ды екен. Олар əртүр­лі шетел­дік экс­пан­си­я­лық, дивер­си­я­лық жоба­лар­дан дел­дал болып, үлес алып, ақша табу үшін үне­мі мем­ле­кет мүд­десіне қар­сы əре­кет етеді.

Ал жемқор­лар­дың жиы­лып пар­тия құра алмай­тын себебі – олар мем­ле­кет бюд­жетін тонап бай­ы­ған­дар, яғни шене­унік тонын жамы­лып алып, мем­ле­кет қазы­на­сын тонаған қарақ­шы­лар. Қарақ­шы­да мем­ле­кет­тік, ұлт­тық сана бол­май­ды. Олар ешқа­шан мем­ле­кет­тік сана биі­гіне көтері­ле алмайды.

Ал оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­ның дені мем­ле­кет­шіл тұлға­лар­дан, ұлт­тық бур­жу­а­зия алпа­уыт­та­ры­нан жасақта­луы тиіс. Кезін­де Назар­ба­ев Бутя (Болат Әбі­лов – Ред.) бастаған келе­шек ұлт­тық бур­жу­а­зия оли­гарх­та­ры­ның көрін өз қолы­мен қаз­ды. «Кар­мет­ком­би­нат­ты» Бутя­дан тар­тып алып, Үндістан еврейі Лакш­ми Мит­талға су тегін­ге бере салға­ны есіңіз­де шығар. Пре­зи­дент егер жөр­ге­гін­де тұн­шы­қтыр­маған­да – жер асты бай­лы­ғы мол мем­ле­кет­те ұлт­тық бур­жу­а­зия аз уақыт­та есеп­сіз бай­ып, өзінің билі­гіне ие бер­мей кететінін бір­ден сезді. Сезді де – ұлт­тық бур­жу­а­зи­я­ны құр­ды­мға жіберді.

Сөйт­ті де, маңай­ы­на сауда­гер­лер­дің тұқы­мы – өңшең жемқор­лар­ды жиып алып, өзінің отыз жыл­дық билі­гін қам­та­ма­сыз етті. Ал ұлт­тық бур­жу­а­зия бол­са – қаза­қта əлі жоқ. Қазақ ұлт­тық бур­жу­а­зи­я­сы жоқты­ғы­ның сазай­ын əлі талай заман тар­та­тын бола­ды. Себебі ұлт­тық бур­жу­а­зи­я­сы жоқ елге көрін­ген транс­кон­ти­нен­таль­ды ком­па­ни­я­лар, Қытай сияқты аждаһа мем­ле­кет­тер қожа болып ала­ды. Алды да!

Қазір­гі қазақ билі­гін­де Қона­ев зама­ны­нан келе жатқан «тор­га­штар­дың» тұқым­да­ры өте көп! Олар ақша үшін шетел­дік ком­па­ни­я­лар­дың ықпа­лы­на тез түседі, сөй­тіп мем­ле­кет мүд­десін арсызды­қ­пен сатып жіберіп жатыр. Соның бір айғағы Лон­донға жиы­лған, ел тонап, есеп­сіз бай­ы­ған қашқын қарақ­шы­лар құры­лға­лы жатқан жалғыз оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­ны (ЖСДПРед.) сатып жібер­ді. Егер ұлт­тық бур­жу­а­зия болған­да, қазақ қоға­мын­дағы қазір­гі ситу­а­ция мүл­де басқа­ша сипатта өрбір еді. Мен сая­сат­тың сасық ауы­лын­да шошай­ып жалғыз қалған Ермұрат Бапи ағам­ды түсі­не­мін, бірақ амал нешік, ұлт­тық бур­жу­а­зи­я­сы, мем­ле­кет­шіл тұлға­ла­ры жоқ елдің сая­си өмірінің сиқы осы­лай болып қала бермек.

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн