Пятница , 4 июля 2025

Ділмарсыған Ділманов КІМГЕ ДОҚ КӨРСЕТТІ?

  • Мем­ле­кет­тік шека­ра­дан заң­сыз өткен екі этни­ка­лық қаза­қты Қытай­ға бере­міз, деп мәлім­деді ҚР ҰҚК төраға­сы­ның орын­ба­са­ры – ҚР ҰҚК шека­ра қыз­метінің дирек­то­ры Дар­хан Ділманов.

«Ал мақұл­данған құжат ста­ту­сы бар қол­дағы келісім бой­ын­ша сот, сон­дай-ақ бар­лық қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік аяқта­лы­сы­мен, біз атал­мыш аза­мат­тар­ды Қытай­ға ма, әлде басқа мем­ле­кет пе – кел­ген елдеріне бере­міз. Яғни, бұл жағ­дай­да біз шека­ра өкіл­дері қыз­метінің желісі бой­ын­ша, ҚХР-ға қай­та­ра­мыз. Ол жақта сәй­кесін­ше көр­ші мем­ле­кет­тің әре­кетіне бай­ла­ны­сты. Сон­ды­қтан олар­дың осын­да қалуға мүм­кін­дік­тері жоқ, тіп­ті олар осын­да жүр­се де», – деді Діл­ма­нов ҰҚК бас­пасөз қыз­метін­де­гі сұхбатында.

Ол этни­ка­лық қаза­қтар­дың Қаза­қстан­да заң­сыз жүруіне «мүл­дем мүм­кін­дік­тері» жоғын атап өтті. «Жоқ, біра­уы­здан олай (осы жер­ге заң­да­сты­ру) бол­май­ды. Біз әре­кет ете­міз және өте қатал әре­кет ете­міз», – деп мәлім­деді ҰҚК төраға­сы­ның орынбасары.

«…Мен шека­ра­ны заң­сыз бұзып, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы аумағын­да түк бол­маған­дай жүре бере­міз деп ойлай­тын­дарға мына­ны айтқым келеді. Бірін­ші­ден, олар­дың жұмысқа орна­ла­су­да қиын­ды­қта­ры бола­ды. Екін­ші­ден, меди­ци­на­лық қам­ту, қан­дай да білім алу, жеңіл­дік алу, басқа да бағыт­тар. Бәрібір ерте ме, кеш пе, кім­нің, қашан заң­сыз кел­генін және не үшін кел­генін аны­қтай­мыз. Біз олар ерте ме, кеш пе табы­ла­ды деп батыл мәлім­дей­міз. Олар тиісін­ше қыл­мыстық жау­а­пқа тар­ты­ла­ды», – деп­ті Ділманов.

Діл­ма­но­втың діл­мар­лы­ғы Қаза­қстан билі­гінің Қытай­ға қаты­сты «жал­пақ­ше­шей» сая­са­ты­на бай­ла­ны­сты екен­ді­гі дау­сыз. Бірақ қытай қаза­қта­ры «бер­гі бет­ке» ерік­кен­нен қашып келіп жат­паға­ны діл­ма­но­втар­дың доғал діңіне сің­бе­гені өкіні­шті-ақ жәйт. Әйт­пе­се былқыл­дақ билік­ке емес, қал­жы­раған қаза­ғы­на қыз­мет етуі тиіс гене­рал­дың «олар ерте ме, кеш пе табы­ла­ды» деп доқ көр­се­туі аза­мат айта­тын сөз бе еді?

«ДАТ-ақпа­рат»

Бет қат­та­лып жатқанда

  • ҰҚК шека­ра қыз­метінің дирек­то­ры Дар­хан Діл­ма­нов “шека­ра­ны заң­сыз кесіп өтті” деп айып­талған этни­ка­лық қаза­ққа бай­ла­ны­сты жуыр­да айтқан сөзіне түсінік­те­ме бер­ді. Оның сөзін­ше, “шека­ра­ны заң­сыз кесіп өтті” деп айып­талған этни­ка­лық қаза­қтар Қастер Мұса­ханұ­лы мен Мұра­гер Әлі­мұлынҚытай­ға қай­та­ры­ла­ды деп, бұған дей­ін­гі мәлім­де­месін қоғам «дұрыс түсін­бе­ген екен. «Мені дұрыс түсін­беді. Мен бұл екі аза­матқа қаты­сты сот шешім шыға­руы тиіс, сот қалай шеш­се, солай бола­ды деп айтқан­мын», — деп­ті кеше Азаттық тіл­шісінің сұрағы­на жау­ап бер­ген Дар­хан Ділманов.

Бұл екі арада

НЬЮ-ЙОРКТА Қытайға қарсы МИТИНГ ӨТТІ

  • Бүгін­гі таң­да әлем­нің түп­кір-түп­кірін­де Қытай­дың аз ұлт­тарға қаты­сты жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты­на қар­сы шеру­лер кең етек жай­ып бара­ды. Сон­дай нара­зы­лық шеру­лер­дің бірі күні кеше Аме­ри­ка­ДА – Нью-Йорк қала­сы­ның дәл орта­сын­да өтті. Сол шерудің бей­не­жа­з­ба­сы әле­умет­тік желілер­ге тара­лу­да. Нара­зы­лық шара­сы­на қаты­су­шы­лар­дың бірі – қазақ аза­ма­ты­ның шеру­ге қаты­сты бөліс­кен пікірін оқыр­ман наза­ры­на қаз-қал­пын­да ұсынамыз.

«Құр­мет­ті отан­дастар! Бүгін Нью-Йорк­тың дәл орта­сын­да Қытай­дың аз ұлт­тарға қаты­сты жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты­на қар­сы­лы­ғы­мы­зды біл­діріп, бей­біт шеру өткізіп жатыр­мыз. Тибет, Қаза­қстан, Вьет­нам, Шығыс Түр­кістан, Тай­вань, Гон­конг – бәрі де Қытай­ға қар­сы шығып жатыр. Осы шеруді ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың ара­сын­да Аме­ри­ка­дағы біздің «Еркін Қаза­қстан» деген сая­си оппо­зи­ци­я­лық ұйы­мы­м­ыз бар. Поли­ция біз­ге тиісіп жатқан жоқ.

Біз де дик­та­тор Назар­ба­евқа қар­сы­лы­ғы­мы­зды біл­дір­дік. Біз Жаңаө­зен­ді ұмыт­пай­мыз! Жүз­ге жуық адам­ды қыр­ды. Бар­лық бел­сен­ді аза­мат­тар­ды түр­ме­ге оты­рғы­зды. Макс Боқа­ев, Мұх­тар Жәкі­шев, Арон Ата­бек секіл­ді қаза­қтың бел­сен­ді аза­мат­та­ры қамауда отыр. Назар­ба­ев­тың беті (кари­ка­ту­ра­сы – Ред.) бүгін Нью-Йорк­тың дәл орта­сын­да. Бар­лық аме­ри­ка­лы­қтар дик­та­тор Назар­ба­ев­тың қыл­мыста­рын біл­сін… Оның қазақ халқы­на жасаған қыл­мыста­рын ағы­л­шын тілін­де аме­ри­ка­лы­қтарға тара­тып жатыр­мыз. Құдай қала­са, АҚШ дик­та­тор Назар­ба­евқа қар­сы санк­ци­я­лар қол­да­на­тын болады.

Біздің екі бауы­ры­мыз Қастер Мұса­ханұ­лы мен Мұра­гер Әлі­мұлын Қаза­қстан­ның сатқын билі­гі Қытай­ға қай­та­рып бер­мек­ші. Өйт­кені дик­та­тор Назар­ба­ев халқы­ның мүд­десін Қытай­ға сатты!»

«

ҮШ ЛАУРЕАТ неге тізімде жоқ?

 Кеше Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев ҚР экс-пре­зи­ден­ті Н.Назарбаевтың мәде­ни­ет сала­сын­дағы мем­ле­кет­тік сти­пен­ди­я­сын тағай­ын­да­ды, деп хабар­ла­ды мем­ле­кет бас­шы­сы­ның бас­пасөз қызметінен.

ҚП пре­зи­ден­тінің өкі­мі бой­ын­ша, бұл сти­пен­дия жал­пы жиы­ны 75 ада­мға тағай­ын­далған екен. Оның 29‑ы – ақын-жазу­шы­лар. Бұл тізім­ге ілін­ген ірілер­ге айтар ала­бө­тен сөз жоқ – шеті­нен Қаза­қстан Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері, мем­ле­кет­тік орден­дер иегер­лері. Елге еселі еңбе­гі сің­ген таны­мал тұлға­лар, даңқты дарындар.

Бірақ осы 29 ақын-жазу­шы­ның ара­сын­да Темір­хан Медет­бек, Дулат Иса­бе­ков және Бексұл­тан Нұр­же­кеұ­лы жоқ. Бұл санат­та был­тыр да бол­маған бұл үше­уі де Мем­ле­кет­тік сый­лық пен бір­не­ше мем­ле­кет­тік орден­нің иегері еді. Басқа­дай алған атақ-дәре­же­лері – бір­не­ше төбе. Бұлар елге 29-дан кем еңбек етті деп айтуға ауыз бармайды.

Енде­ше сти­пен­дия бұй­ы­рған бұл тізім­де Темір­хан ақын, жазу­шы­лар – Дулат пен Бексұл­тан неге жоқ? Был­ты­рғы­сы – был­ты­рғы дей­ік: бұлар Назар­ба­ев­ты жер-көк­ке сый­ғы­з­бай наси­хат­тау науқа­нын­да «көш­тен қалып», оны пай­ғам­барға теңеу, Құдай­дың қасы­на «апа­рып қою» жары­сын­да «жаңы­лған» шығар. Ал биы­лғы «ала­пе­стік ауру­ды» қалай түсі­ну­ге бола­ды: сти­пен­дия тағай­ын­дау жөнін­де­гі өкім­ге пре­зи­дент Тоқа­ев қол қой­ған жоқ па еді? Әлде ресми ата­уы «Қаза­қстан­ның тұңғыш пре­зи­ден­ті – Елба­сы­ның мәде­ни­ет сала­сын­дағы мем­ле­кет­тік сти­пен­ди­я­сы» деп ата­ла­тын шүлен тара­туға кон­сти­ту­ци­я­лық пре­зи­дент қол қой­ып, рәсім­де­уші ғана болға­ны ма?

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн