Пятница , 4 июля 2025

«ТАС» ТАУСЫЛДЫ МА?

Соны­мен көп­ті күп­ті қылған мәсе­ле шешіл­ді: Иманға­ли Тасмағам­бе­тов ақы­ры пен­си­яға кет­ті. Жөпел­де­ме жаз­ба­да не айта­мыз: Назар­ба­ев­тың оқшан­тай­ын­дағы «ескі гвар­ди­я­ның» жалғыз жол­ба­ры­сы сая­си эли­та­дағы карье­ра­сын тауысты.

Бірақ бұл «Тас» (сая­си истеб­лиш­мент­те­гі Тасмағам­бе­то­втың ата­уы) тау­сыл­ды деген сөз емес: сая­си билік­те­гі жолы түгесіл­се де, сая­сат­тағы қыз­меті тау­сы­ла қой­ған жоқ. Керісін­ше, «Тастың» алы­сқа ата­ры енді баста­ла­тын сыңай­лы. Пен­си­яға пара-пар кел­ген пай­ғам­бар жасын қажы­лы­қта қар­сы алға­ны тегін емес: «кіта­п­ха­наға» кіріп­тар­лы­қтан құты­лу­дың алға­шқы сиг­на­лы осы бол­са керек. Осы­мен оның дін­де­гі емес, діл­де­гі қыз­меті қау­лап кетуі мүм­кін деген болжам бар.

Екін­ші­ден, біз­ге жет­кен инсай­дер­лік ақпа­рат­тың айтуы­на қараған­да, Ақор­да­ның маңы­нан Иманға­ли мыр­за­ға қыз­мет ұсы­ны­лған, бірақ таң­да­уы тастай «Тас» одан бас тар­тқан көрі­неді. Бәл­кім, ол ұсы­ны­стың ұсқы­нын өзіне шақ көр­ме­ген, әлде осы­мен «бол­дым, той­дым» деген шығар.

«Той­ға­нын» кім біл­сін, ал болға­ны – жалған. Себебі кін­ді­гі билік­пен бітісіп кет­кен, реті кел­се, пре­зи­дент­тік таққа тала­сы бар тұлға­ның «бол­дым» деуі мүм­кін емес. Оның үстіне пре­зи­дент бола­тын «уақы­тын жеп қой­ған» Назар­ба­евқа деген ішкі нара­зы­лы­ғы бұрқ-сарқ қай­нап жүр­ген жігіт­тің 63-те апты­ғы басыл­ды деудің реті жоқ. Бұл – оның таласқа түсер нағыз жасы. Сек­сен­де­гі Назар­ба­ев­пен салы­стыр­сақ, «Тастың» тас-түй­ін 15 жыл «запа­сы» бар. Енде­ше билік­тің бар­лық биі­гін­де таба­ны­ның табы қалған ол неге «болуы» керек?

Айт­пақ­шы, «салы­сты­ру» деген­нен шыға­ды: келер жылы 70-ке жететін Ахмет­жан Есі­мов «Самұры­қта» «самрук­тың» (сам руко­во­ди­тель) мүд­десін бағып отыр­са, 60-тың алқы­мы­на жет­пе­ген «Тас» неге тай­сақта­уы тиіс? Сон­ды­қтан Има­штың (доста­ры осы­лай атай­ды) име­нетін жөні жоқ.

Бұл, әрине, біздің ой. Оның ойы қан­дай екені бел­гісіз. Бірақ қалай болған­да да, тастай «Тастың» пен­си­яға кетуі – қыты­мы­рға қар­сы­лы­қтың баста­уы бола­ды деген болжам бар. Әлбет­те, өзін «өнім» атаған адам авто­ры­нан асып кет­пе­сі анық. Бірақ атақ-абы­ройы «Шаңы­рақ шатағы­мен» шай­қал­са да, «қарғай­ын десем – жалғы­зым­ның» керіне дес бер­гің келеді…

Сон­ды­қтан «Тас» тау­сыл­ды деудің реті жоқ: ата­ры да, оның айта­ры да – алда. Мінезі мұқал­ма­са, май­лы жілік­тің басын ұстап үйрен­ген адам­ның асыл арма­ны­нан айнып қалуы мүм­кін емес. Тек ол арман Шаңы­рақта «шық­па жаным – шық­па» деп оты­рған­дарға оңтай­лы бол­са – болға­ны. Басқа­дай­да – оның арма­ны әдірам қалады…

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн