Суббота , 28 июня 2025

Тышқанның тықырынан НЕ КҮТЕМІЗ?

Жыл сана­удың және жыл қай­ы­ру­дың соңғы жылы – Доңыз өзінің кезе­гін Тышқанға береді. Шығыс жұл­дызна­ма­сы­ның есеп­те­уі бой­ын­ша, Тышқан жылы Жаңа 2020 жылы қаңтар­дың 25‑і күні кіреді екен.

Қаза­қтар Тышқан жылын ырыс-бере­ке, татулық пен тыны­шты­қтың жылы деп санай­ды. Халы­қтың бұл сені­мі көп жағ­дай­да дәл келген.

Тышқан жылы­ның мың­даған жыл­дық тарихы­на көз жүгірт­сек, оның басым бөлі­гі тоқ­шы­лы­қта, жау­гер­шіліксіз, қиын­ды­қ­сыз, мол­шы­лы­қта өткен. Енде­ше Тышқан жылы­ның жора­мал-жоралғы­сы­на көз салайық.

ТЫШҚАН

  • Талғат АЯН, Марғұлан БОРАНБАЙ, Мей­ір­жан ТЕМІРБЕК

Жыл иесі атанған қу Тышқан бастаған ісін аяғы­на дей­ін жеткізеді.

Кәсі­би рөліңіз көп­шілік­тің алдын­да жүру­ге мін­дет­тей­ді. Жастар өзіне жаңа дос таба­ды. Ортақ қызы­ғу­шы­лы­ғы бар одақ құры­луы мүм­кін. Қар­жы мәсе­лесі де тұрақты бола­ды. Жыл басын ием­деніп үйреніп қалған Тышқан­дар біраз қиын­ды­қтарға төзуіне тура келеді. Қызған­шақтық, шыдам­сыз, қыр­сық мінезін түзе­ме­се, «мысы­қтың» уысы­на түсіп қалу қау­пі бол­са да, жыл иесі – тағ­дыр­дың еркесі бола­ды. Жыл соңын­да жемісі мол жеңіс­ке жете­ді, өйт­кені жыл­дың иесі өзі емес пе?!

СИЫР

  • Әсет МАТАЕВ, Асыл­хан МАМАШҰЛЫ, Мұх­тар ТАЙЖАН

Биыл Сиыр­лар үшін жыл­дың бере­рі мол. Өздері кең пей­іл­ді, жомарт жүрек­ті. Ал түрт­пек­теп тисе беретін­дер­ді қос мүй­ізі­мен аямай сүзеді. Туған-туы­ста­ры­ның про­бле­ма­сы­на көбірек алаң­дай­ды. Бақыт­ты жағ­дай­дағы адам­дар­дың қата­ры­на енеді. Әркім­мен тіл табы­са білетін қаси­етінің арқа­сын­да діт­те­ген мақ­са­ты­на жететін күрес жолын­да жеңіс күтіп тұр. Отба­сы­лық қарым-қаты­нас маңы­зды мін­дет. Қыз­мет бабын­да доста­ры­ңыз қол­дай­ды. «Қап­те­сер­лер» атанған тір­шілік иесінің сынағы көп, соған қарай біраз шашы­луы­ңы­зға да тура келеді.

БАРЫС

  • Даная ҚАЛИЕВА, Қазы­бек ИСА, Досым САТПАЕВ

Бары­стың табиға­ты өркөкірек, сон­ды­қтан нағыз досқа мұқтаж. Мінезін­де­гі – тәкап­пар­лық пен өкпе­ле­гі­шті­гі де өзіне кесірін тигі­зеді. Күй­ге­лек­тен­бей, сабыр­лық таны­тқа­ны­ңыз абзал, әйт­пе­ген­де тиесілі үлесіңіз­ден айы­ры­лып қалуы­ңыз ғажап емес. Тышқан да сол үле­сті «аңдып» тұрға­нын ұмыт­паңыз. Өзгерістер мен күт­пе­ген оқиға­лар маза­лай­ды. Соны­мен қатар тыныш өмір сүру үшін жақын адам­да­ры­ңы­здың кеңесіне құлақ асы­ңыз. Десек те, аң тағы­сы үлесін ешкім­ге бере қой­мас, жыл соңын­да мол қар­жы­ға ие бола­ды. Жұмысын­да да үлкен бет­бұрыс бар. Бары­стың әле­умет­тік мәр­те­бесі өзгеріп, жаңа қыз­мет­ке орна­ла­суы мүмкін.

ҚОЯН

  • Айман ТҰРСЫНХАН, Ләз­зат КЕНДЕБАЙҚЫЗЫ, Оңғар ҚАБДЕН

Жасқан­шақ қоян­дар жал­тақтаған­нан жалы­ғып, батыл іске көшу­ге ұмты­ла­ды. Осы жыл­да мүлік­ке қаты­сты мәсе­ле жетістік­ке әке­леді. Жаңа одақ­та­стар тауып, қыз­мет­ке кірі­сесіз. Туы­ста­ры­мен ара-қаты­на­сы­ңыз өзге­реді. Жаңа жағ­дай­ға, жаңа жау­ап­кер­шілік­ке үйре­неді, қосым­ша мін­дет жүк­те­леді. Осы мін­дет­тің ауыр жүгі де тыныш ұйы­қтат­пай­ды. Сон­ды­қтан болар, қорқақ, секем­шіл. Кез-кел­ген нәр­се­ден үрей­ле­неді, ал сыр сақта­уға олақ. «Екі елі ауы­зға –бір елі қақ­пақ» керек екенін жады­ңы­зда ұстаға­ны­ңыз жөн.

ҰЛУ

  • Рахым ОШАҚБАЕВ, Ерлан ҚАРИН, Жанар­бек ӘШІМЖАН

Тұй­ық мінезді, барын­ша қара­пай­ым көрі­ну­ге тыры­са­ды, бай­сал­ды, құпи­я­ны сақтай білетін, көбі­не­се үнсіз жүр­гіңіз кел­гені­мен, қоғам­дық мәсе­ле тыным тап­тыр­май­ды. Маңы­зды сұрақтар­ды шешу­де ішкі түй­сі­гіңіз­бен таң­дау жасаған жөн. Қателік жібе­ру­ге бол­май­ды. Жос­пар­ла­ры­ңы­здың біра­зын еңсе­ресіз. Жаңа жыл ойдағы­дай бола­ты­ны­на күмән кел­тір­меңіз. Өмiрiңiздi өзгер­тетiн жаңа­лық бар­шы­лық. Өткен жыл­дағы бастаған ісіңізді уақы­ты­нан бұрын орын­дап тастай­сыз. Жаңа достар­мен бас қоса­сыз. Жақын­да­ры­ңыз жаса­маған қол­да­уды жаңа достар­дан көресiз.

ЖЫЛАН

  • Инга ИМАНБАЙ, Дулат АҒАДІЛ, Әлнұр ІЛИЯШЕВ

Жылан­ның басы­на пәле болып жабы­са­тын нәр­се – тілі. Бой­дағы бар күш-жігер­ді сарқуға тыры­спаңыз. Қол­да бар­дың қадірін баға­лаған жөн. Өзгенің пікіріне мән беріп, күмән­да­на бер­ген­ді қою керек. Кәсі­би сала­да жинаған тәжіри­бесін іске асы­ра­ды. Ішкі дүни­еңізді өзгер­тетін кезең туды. Доста­ры­ңыз бер­ген көмек пен ақпа­рат­тың да жәр­де­мі бола­ды. Тышқан жылы сіздің ырқы­ңы­зға бағы­на­тын­дай көрі­нуі мүм­кін, бірақ сіз от тисе, тұтанға­лы тұрған май секіл­дісіз. Жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз.

ЖЫЛҚЫ

  • Марғұлан СЕЙСЕНБАЙ, Арай­лым НАЗАРОВА, Әділ ТОЙҒАНБАЕВ

Жылқы жылы туы­лған­дар – «арбаға жегіл­ген ат» сияқты, аяқ асты­нан аса­улық таныт­саңыз, ұты­ла­сыз. Жай желіспен де алға оза шабуға бола­ды. Жыл соңын­да сол желістің жеңісін көресіз. Көбі­не­се өзі тура­лы ойлай­ды, осы уақыт­тағы өзінің рөлін, руха­ни мін­дет­терін ой таразыс­ы­нан өткі­зеді. Уақыт­ты уыстан шыға­рып алма­саңыз бол­ды. «Нағыз тұл­пар­мын» деп жүр­ген­дер­дің жұмысқа деген ынта­сы әлсіре­уі мүм­кін. Бел­сен­ділік таныт­саңыз, бұл тығы­ры­қтан да оп-оңай құтыласыз.

ҚОЙ

  • Баян РАМАЗАНОВА, Ыры­с­бек ТОҚТАСЫН, Анар РАХЫМЖАНОВА

Қой­лар өткен жылы ұты­лған шаруа­сы үшін, өзіне баға беріп, алдағы күнін мұқи­ят жос­пар­лай­ды. Тұр­мысы төмен жан­дарға қол ұшын беріңіз, сау­а­бы мол бол­мақ. Тышқан жылын­да өзіне жаны жақын адам­ды іздей­ді. Жақ­сы көр­ген ада­мы­на жақ­сы­лық жаса­уға тыры­са­ды. Шетел­ге шыға­тын сапар­лар күтіп тұр. Роман­ти­ка­лық сезім­деріңіз сер­піліп, соңы үлкен махаб­батқа ұла­са­ды. Кей­бір адам­дар сіздің қар­жы­лық жұмыста­ры­ңы­зға кірі­суі мүм­кін, сон­ды­қтан сыры­ңы­зды кім-көрін­ген­ге шаша бермеңіз.

МЕШІН

  • Айда­на АЙДАРХАН, Өмір­жан ӘБДІХАЛЫҚ, Зәм­зә­гүл ТІЛЕУБЕК

Мешін сәнқой­лы­ғы­мен өзін өзге­лер­ден артық санай­ды. Жыл басын­да көп­тен берi қолға алған iсiңiздi аяғы­на дей­iн жет­кiзiп, тыны­шта­ла­сыз. Жеке басы­ңы­зда өмiрiңiздi өзгер­тетiн жаңа­лық бар­шы­лық. Өзін жарға жыға­тын мінезі – шешім­ді тым асы­ғыс қабыл­дай­тын­ды­ғы. Сол себеп­ті тәу­е­кел­ге бару­дан аулақ болға­ны­ңыз абзал. Бұрын­нан дос болған адам­мен жолы­ңыз айы­ры­ла­ды. Туы­стар ара­сын­да да өзгеріс бар. Қар­жы мәсе­лесін­де бәлен­дей өзгеріс жоқ. Тұр­мыста көп күш-жігер таны­туға тура келеді. Сезі­міңізді жасы­руға мәж­бүр боласыз.

ТАУЫҚ

  • Серік­жан МӘМБЕТАЛИН, Бэл­ла ОРЫНБЕТОВА, Сәния ТОЙКЕН

Сіз үшін бұл жыл­дың маңы­зы зор. Әріп­те­стер­ді таң­дау еркі өзіңіз­ге бұй­ы­ра­ды және одан қате­ле­с­пей­сіз. Мүлік­ке қаты­сты маза­лап жүр­ген сұрақ өз шеші­мін таба­ды. Отба­сын­да оны-мұны жағ­дай­лар орын алса, аса көп уай­ым­да­удың қажеті жоқ. Мен­мен­сіп, «ерте шақы­ра­мын» деп жұлқын­саңыз, келіп тұрған ырыс-дән­ді шашып ала­сыз. Сабыр­лы қалып таныт­саңыз, теріп жей­тін тары­ңы­здың ыры­зы­ғы мол бол­мақ. Тәу­е­кел­ге бел буып, тезірек табыс таба­мын деп те ойла­маңыз. Ақыл­мен өлшен­ген адал іс түбін­де оң нәти­же бере­рі сөз­сіз. Ішкі түй­сі­гіңіз­ге сенім артыңыз.

ИТ

  • Ген­на­дий КРЕСТЯНСКИЙ, Қай­рат МИРАШЕВ, Арман­жан БАЙТАСОВ

Жыл басын­да жан аямай тер төгу­ге тура келеді, өзін жан-жақты көр­се­ту үшін көбірек оқып, оны тәжіри­бе­ге пай­да­лан­са, артық етпей­ді. «Ит тір­лік­тен» құты­лу үшін, жұмыс бағы­тын өзгер­тіп, жаңа маман­ды­қты игеріп, жаңа іс бастағы­сы келеді. Сон­ды­қтан қора­ның маңын қорып, үйшік­те табан­дап жатып алмай, жан-жақты бар­лап, табыс көзінің иісін табуға ұмты­лы­ңыз. Жыл соңын­да ащы тер­мен жасаған ізденістің нәти­же­сін көресіз. Сон­да ғана қар­жы­ңыз молай­ып, тір­шілі­гіңіз оңа­ла­ды, Тышқан­дар сіз­ге кедер­гі жаса­май­ды, енде­ше алға!

ДОҢЫЗ

  • Қанат ТӨРЕБАЙ, Ринат РАФХАТ, Жанат ЕСЕНТАЕВ

Доңыз жылы туған­дар­дың отба­сын­да бала-шаға­сы көп бола­ды. Қар­жы­лық мүм­кін­дік­теріңіз мола­я­ды. Жұмыс бағы­тын өзгер­тіп, жаңа маман­ды­қты игеріп, жаңа іс бастағы­сы келеді. «Қор­сыл­дап жүр­геніңіз­бен, өте табандыс­ыз. Кей­де осы бел­сен­ділі­гіңіз­ден өзге­лер қорқа­тын бола­ды. Тышқан жылы өзгерістер мен жаңа­лы­қтарға толы бол­мақ, соны­мен бір­ге өмір­дің жаңа кезеңіне де жол ашылады.

Бұрын­нан бері көз­деп жүр­ген мақ­сатқа қол жет­кізу­ге қадам жасай­сыз. Қоңыр күз­де қар­жы­ңыз молай­ып, махаб­бат «май­да­нын­да» жолы­ңыз бола­ды, жар іздеп жүр­ген­дер қосағын тауып, отба­сы­ның бақы­ты­на бөле­неді. «Бақыт құсын» ұшы­рап алмауға тырысыңыз!

«DAT»-тың сұра­уы­мен дайындаған –

Арай­лым СЕЙТҚАЗЫ,

көріп­кел-экс­тра­сенс

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн