Четверг , 3 июля 2025

Бақауовқа байланған ҮШ СХЕМА

Пав­ло­дар облы­сы­ның әкі­мі Болат Бақа­у­овтың кенет қамауға алы­нуын­да қан­дай қисын бар? Ол нақ қыл­мыс­кер ме, жоқ әлде нақақ қия­нат­тың құр­ба­ны ма? Оны қамау кім­ге қажет бол­ды? «КНБ» оның ұста­лу себебін неге бірер тәулік­тен кей­ін ғана хабар­ла­ды? Карим-ака Мәсі­мо­втың «кон­то­ры» Бақа­у­овты қамауға желеу болған жағ­дай­ды неге бүге­жек­теп, бүрістіріп атады?

Әлбет­те, Бақа­у­овта бес – бересі, алты – ала­сы­мыз жоқ. Біздікі – лау­а­зым­гер­ді қамауға алу лақа­бы­нан қисын іздеу ғана. Оның үстіне Болат мыр­за­ны «сүт­тен – ақ, судан – таза» дей алмай­мыз. Мәсе­лен, жуы­қта пав­ло­дар­лық «мини-пре­зи­дент­тің» порт­реті әлдебір аук­ци­он­да 32 млн тең­ге­ге (~$85 мың) саты­луы да тегін емес: тұқи­я­нын тін­тер бол­саң, бұны пара­ны астыр­тын берудің бір ама­лы деу­ге бола­ды. Кезін­де Назар­ба­ев­тың сва­ров тасы­нан жасалған порт­реті оның 75 жасқа толу той­ын­да $100 мыңға ғана саты­лға­нын ескер­сек, Бақа­у­овтың баға­сы ой-ой-ой болға­ны!
Иә, бүгін­де билік­те жүр­ген­дер былға­нуға «мін­дет­ті»: таза тұлға билік­тің биі­гін­де тұрақтап қала алмай­ды; олар­дың кез кел­генін Назар­ба­ев «қолы­нан жетек­теп апа­рып, сотқа өткі­зе сала­ды». 30 жыл­дық сірес­кен жүй­енің назар­ба­ев­тық нұсқа­сы осын­дай: қожай­ы­нға жақ­саң – бар­сың, жақ­па­саң – тарсың.

Деген­мен, облы­стың жоя­нын жемқор­лық желе­уі­мен жауып тастау – бала­ның ойы­ны емес. Бұл – жоғарғы жақтан нұқып тұрып, санк­ция беріл­ген қамау. Ал ондай иша­раға ым қаққан – әлбет­те, Назар­ба­ев. Біздің пай­ым­да пре­зи­дент Тоқа­ев­тың бұған ешқан­дай қаты­сы жоқ. Тіп­ті дәл осы ара­да оның «КНБ»-ға қар­сы келер қай­ла­сы да болмаған. 

Енде­ше сая­си истеб­лиш­мент­те­гі соңғы бір апта­ның схе­ма­сы­на қараңыз: жаңа пре­зи­дент сай­ланған­нан кей­ін, қалып­тасқан тәр­тіп бой­ын­ша отстав­каға кетуі тиіс болған үкі­мет­тің пре­мьер-мини­стрі Мамин­ді «бас кіта­п­ха­на­шы» қабыл­дай­ды; бұдан соң Мамин Назар­ба­ев­тың «Сам­ка­сын­дағы» («Самұрық-Қазы­на») дирек­тор­лар кеңесінің төраға­лы­ғы­нан кете­ді; пре­зи­дент­тің өкі­мі­мен Кеңес мүшелі­гіне Тоқа­ев­тың кеңес­шісі Қанат Бозым­ба­ев кіреді; сол күні-ақ Бозым­ба­ев «Самұрық-Қазы­на» қоры дирек­тор­лар кеңесінің төраға­сы болуы мүм­кін деген инсай­дер­лік ақпа­рат тарай­ды (Қаз­ТАГ); ал ара­да бір күн өткен­де Кари­мнің «кон­то­ры» Бақа­у­овты қамайды.

Енді келесі схе­маға үңіліңіз: 2013 жыл­дың жел­тоқ­са­нын­да Бозым­ба­ев Пав­ло­дар облы­сы­ның әкі­мі болып тағай­ын­да­ла­ды; ара­да ай өтпей (2014), Бақа­у­ов Ақсу ауда­ны­ның әкім­ді­гі­нен Пав­ло­дар қала­сы әкі­мінің крес­ло­сы­на ауы­са­ды; 2016 жылы Бозым­ба­ев энер­го­мин­ге министр болып кете­ді; облыс әкі­мінің посты­на ол Бақа­у­овты ұсы­на­ды; Назар­ба­ев оны тағайындайды. 

Ал енді мынау схе­маға зей­ін қой­ы­ңыз: Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын­дағы ақша мен негіз­гі актив­тер­дің иесі – назар­ба­ев­тық «Сам­ка»; үкі­мет­тің үлесі бар өндірістер­дің бар­лық акци­я­сы – осы қор­дың қолын­да; қор­дың атқа­ру­шы орга­ны – басқар­ма­ның төраға­сы – Назар­ба­ев­тың туы­сқа­ны Ахмет­жан Есі­мов; басқар­ма – дирек­тор­лар кеңесіне (ДК) бағы­ны­шты; ал оның төраға­сы болып Бозым­ба­ев тағай­ын­да­луы мүм­кін; ондай жағ­дай­да Есі­мов «Сам­ка­ның» есеп-қиса­бын ДК-ның төраға­сы Бозым­ба­ев­тың алдын­да беру­ге мәж­бүр бола­ды; мұн­дай­да егер Тоқа­ев мүд­делі бол­са, Қаза­қстан­ның актив­тері мен қар­жы­сын судай сапы­рған «Самұрық-Қазы­на» ұлт­тық қоры­ның былы­ғы ашы­лып қалуы ықти­мал; ал бұл былы­қтың автор­ла­ры – пре­мьер­лік­тің «пай­да­сын» екі мәр­те – он жылға жуық татқан Карим-ака Маси­мов пен әрине, оның көке-қожай­ы­ны Назарбаев. 

Енді осы былы­қтың ашы­луы бұл еке­уіне керек пе? Әлбет­те – жоқ!

Бұл еке­уі үшін бел мен бел­бе­удің бірі кетуі тиіс бұл ере­ге­стің ерені – Қанат Бозым­ба­ев­тың пре­мьер-министр болып кетуі. «Самұрық-Қазы­на­ның» Жарғы­сы мен бұл ком­па­ни­яға қаты­сты мем­ле­кет­тік заң­на­ма­лар негізін­де, бұл ұлт­тық қор­дың Дирек­тор­лар кеңесін елдің пре­мьер-мини­стрі басқа­руы керек. Егер ДК-дан Мамин кет­се, оның орнын Бозым­ба­ев басуы мүм­кін бе? Әлбетте!

Пре­зи­дент Тоқа­ев өз ада­мы – Бозым­ба­ев­ты осы мақ­сат­пен «Сам­каға» сіңіруі мүм­кін еді ғой! Тоқа­ев­тың бұл есебін «жылан­ның артқы аяғын көріп жүр­ген», интри­га­ны итше иіретін Назар­ба­ев­тың сезбе­уі мүм­кін емес. Содан елдің есесі­нен бұрын, өзінің есебіне ерен елба­сы қамау-жамау­мен қам жаса­уға кіріс­кен сыңайлы…

Енде­ше не етпек керек? Бақа­у­овты абақты­ға жауып, оның тер­ге­у­ге беретін (бер­гі­зеді) жау­ап­та­ры арқы­лы Бозым­ба­ев­ты былғау керек. Әрине, былға­нуға күні бұрын «мін­дет­ті» болған Қанат шырақ та тап-таза дей алмай­мыз. Оның қыз­мет­тік қамы­ты таза­лы­қты талап етпей­ді… Бақа­у­овты тер­геу кезін­де «жаңа­дан ашы­лған жағ­дай­лар» (вновь открыв­ши­е­ся обсто­я­тель­ства) пай­да бола қалуы тағы мүмкін…

Қысқа­сы, Ақор­да мен «Кіта­п­ха­на» ара­сын­дағы алы­стан аты­стың арақа­шы­қты­ғы қысқа­рып, ол қоян-қол­тық айқасқа ұла­сты. Енді кім епті – най­за­ла­су шай­қа­сын сол жеңеді. Бұл ара­да, сөз жоқ, қитұрқы­ның ғалам­дық ғала­ма­ты Назар­ба­евқа Тоқа­ев тең­дес бола алмай­ды: алы­спақтың айдаһа­ры бұған дей­ін­гі 30 жыл­да ешкім­ге дес беріп көрмеген. 

Ал кім­нің қолын­да құзірет – негізі, түбе­гей­лі жеңіс соның үлесін­де болуы тиіс еді. Әрине, бар­лық заңи құзірет – пре­зи­дент Тоқа­ев­та. Бірақ ол өз құзіретін пай­да­ла­на ала ма, айдаһар­ды түй­реп түсіру­ге әлі жете ме – ол енді Қасе­кеңнің қасқыр­лы­ғы­на қаты­сты мәсе­ле. Аны­ғы – Боқа­ев пен Бозым­ба­ев­ты қоя тұрған­да, ең алды­мен және дәл қазір Қасе­кеңнің қасқыр болуы халы­ққа қажет-ақ болып тұр. 

Міне, біздің пай­ым­ның пошы­мы осын­дай. Бұл, әрине, біздің болжам­ның бағ­да­ры. Ал сіз не дей­сіз – өз еркіңіз!

Ермұрат БАПИ

Айт­пақ­шы

ТАЛАП КІМДІКІ?

  • Кеше Бас про­ку­ра­ту­ра Пав­ло­дар облы­сы­ның экс-әкі­мі Болат Бақа­у­овтың қамауға алы­нға­ны­на қаты­сты пікір білдірді.

ҚР Бас про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Марат Ахмет­жа­нов экс-әкім Бақа­у­овты қамау мен тер­геу Кон­сти­ту­ция мен елдің заң­на­ма­сы­на сәй­кес жүр­гізіліп жатқа­нын мәлім­деді. Про­ку­рор сотқа Бақа­у­овты қамау тура­лы талап түсір­ген. Соның негізін­де сот Пав­ло­дар облы­сы­ның бұры­нғы әкі­мін екі айға қамау тура­лы шешім қабылдаған.

Марат Ахмет­жа­но­втың айтуын­ша, Бақа­у­овтың ісі бақы­ла­у­ға алы­нған. «Толы­ғы­рақ ақпа­рат­ты сіз­дер­ге тер­геу орган­да­ры бере ала­дыу, – деп­ті Ахмет­жа­нов мыр­за журналистерге.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн