Пятница , 4 июля 2025

Қытай қатерінен САҚТАНАЙЫҚ!

Қытай­дың Ухань қала­сы­нан тараған бел­гісіз өкпе ауруы әлем­ді дүр сіл­кін­дір­ді. Басқа – басқа, ал шека­ра­лас елде­гі жағ­дай қаза­қстан­ды­қтар­ды қат­ты алаң­да­ту­да. Баста­пқы­да қытай жағы жасы­рып қал­мақ­шы болған ақпа­рат ғалам­тор мен әле­умет­тік желілер­дің күші­мен әлем­ге тарап кет­ті. Көбіне ағы­л­шын мен қытай тілін­де­гі БАҚ мәлі­мет­тері көп­шілік үшін бей­мағлұм болған­ды­қтан, өзін тір­кел­ме­ген және тір­кел­мей­тін «Ата­жұрт ерік­тілері» ұйы­мы­ның жетек­шісі­мін деп таны­сты­ра­тын, қытай мен ағы­л­шын тілін жетік мең­гер­ген қоғам бел­сен­дісі Серік­жан Біләш инте­рент желісін­де­гі ағы­л­шын мен қытай тілін­де­гі БАҚ мате­ри­ал­да­ры­на шолу жасап өтті. Сол шолу­дың қысқар­ты­лған нұсқа­сын оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­нып отырмыз.

Ағыл­шын­дық басы­лым­дар­дың кел­тір­ген мәлі­мет­тері бой­ын­ша, бел­гісіз вируспен ауы­рған адам­дар Уха­нь­да көше бой­ла­рын­да, жол жиек­терін­де өліп жатыр деп даб­ыл қағу­да. «Инста­грам­да» көр­сетіл­ген ақпа­рат­тарға ден қоя­тын бол­сақ, Қытай билі­гі Уха­нь­ды жабық қала деп жари­я­лап, оны әскері­мен қор­шап қой­ған. Адам­дар­дың жол шетін­де өліп жатқан фото­ла­ры мен бей­не­жа­з­ба­ла­ры тараған. Онда фан­та­сти­ка­лық кино­дағы­дай, басы­нан аяғы­на дей­ін хими­я­лық соғы­ста жүр­ген, аппақ киін­ген, өне-бойы 100% қым­та­нып алған адам­дар жол шетін­де өліп жатқан­дар­ды тек­серіп жүр.

Екін­ші бір ақпа­рат­та жол жиегін­де өліп жатқан адам­дар­ды тұм­ша­ла­нып алған дірі­гер­лер көлік­ке тиеп алып кет­кені көр­сетіл­ген. Осы мақа­ла­ны оқып берей­ін: сен­бе­ген­дер бол­са, көр­сін, білсін.

«Кеше Қытай билі­гі Ухань қала­сын тұта­стай тұм­ша­лап, жауып таста­ды. Уха­нь­нан жіберіл­ген сурет­тер­де ес-түсі жоқ адам еден­де жатыр. Қысқа­сы, Ухань қала­сы тұта­сы­мен жабық қала бол­ды» деп, ағы­л­шын ақпа­рат агент­тік­тері жары­са жазып жатыр.

Тағы бір ақпа­рат­ты оқып берей­ін. Хунан өлкесінің Шаң­ша әуе­жай­ын­да бір адам сол жер­де талып қалған. Енді­гі «Твит­тер­де» жари­я­ланған бір ақпа­рат­та Уха­нь­ның алды­ңғы шеп­те­гі дәрі­герінің руха­ни жақтан әбден күй­ре­ген­ді­гі көрініп тұр. Бүкіл ауру­ха­на­да жер­де құлап жатқан адам­дар. Өне-бойы тұтас тұм­ша­ланған дәрі­гер теле­фон­мен біре­у­ге: «Сен­дер­дің не істей­тін ойла­рың бар? Мына адам­дар­ды алып кет­пей­сің­дер ме?! Бұл жер­дің бар­лы­ғы адам, біздің де мере­ке өткіз­гі­міз келеді. Менің өмір сүр­гім кел­мей кет­ті. Менің өлгім келеді!» – дейді.

Мен көр­ген тағы бір ақпа­ратқа сәй­кес, 40–50 шақты ұшақ Ухань қала­сы­ның жоғарғы дәре­желі ман­сап­ты­ла­рын, әске­ри жоғарғы дәре­желі ком­му­ни­стік шен­ділер­дің бала-шаға­сын алып, қала­дан бір­жо­ла­та ұшып кет­кен. Содан кей­ін әуе қаты­на­сы тұта­стай тоқтатылған.

Ал енді аме­ри­ка­лық БАҚ-тың жари­я­лаған ақпа­ра­ты­на тоқта­лай­ын. Мақа­ла­да Дүни­е­жүзілік ден­са­улық сақтау ұйы­мы (ДДҰ) 24 қаңтар­да Пекин уақы­ты­мен таңғы 02 сағат­та шұғыл жина­лыс ашқан. Осы жина­лы­ста Қытай­да тараған бел­гісіз өкпе ауруын тек Қытай­ға қаты­сты, бүкіл дүние жүзі бой­ын­ша төтен­ше жағ­дай жари­я­ла­у­ға кел­мей­ді деп шеш­кені жөнін­де жазып­ты. ДДҰ-ның мәлім­де­уін­ше, Қытай­дағы вирус адам­дар­ды өлім­ге апа­ра­ды. Бірақ бұл ауруға шал­ды­ққан­дар­дың 41 ғана шұғыл реак­ция береді. Олар­дың көбінің имму­ни­теті нашар, бұрын­нан сырқат­та­ры бар адамдар.

Ал тағы бір мақа­ла­да өлген­дер­дің бәрі Ухань қала­сы­нан кел­ген­дер екені жазы­ла­ды. Қала көше­лері бос қал­ды. Ауру­ха­на­лар­дың бар­лы­ғы лық толы. Ухань бүкіл әлем­нен көмек сұра­уда делін­ген. Азық-түлік жетіс­пей жатыр. Тамақтың баға­сы өсіп кет­кен. Екін­ші бір сурет­те Уха­нь­ның поезд бекетін­де тұта­сы­мен мұз­дай қару­ланған, бет­терін мас­ка­лаған қытай­дың арми­я­сы торып жүр.

Біз бұны ағы­л­шын және қытай тілін­де­гі ірі меди­а­лар­дан ауда­рып жари­я­лап отыр­мыз. Тір­кел­ме­ген «Нағыз Ата-жұрт ерік­тілері» ұйы­мы­ның «Ютуб» кана­лы­на кіріп, Қытай­да тараған індет тура­лы жаңа ақпа­рат­тар­ды біліп оты­ры­ңы­здыр. Біз олар­дың бәрін жазып үлгер­мей­міз, тек аудио-видео тара­тып оты­ра­мыз. Уха­нь­да оқып жатқан бала­ла­ры бар қаза­қтар, бала­ла­ры­ң­ды алды­рып алы­ңы­здар! Олар­ды ауы­лға әкеп, қой­дың құй­рық май­ы­мын сылап, қаза­қ­ша емдей­мін деп ақы­мақ бол­маңы­здар! Мем­ле­кет­пен бір­ден хабар­ла­сып, ең қатаң режим­де­гі ауру­ха­на­ларға барып, бір­ден тір­келіңіз­дер. Тұтас халық болып қыры­лып қал­май­ық! Қытай­ға ештеңе етпей­ді. Олар 1,5 мил­ли­ард. Жар­ты­сы қыры­лып қал­са да, 700 млн. халқы қала­ды. Ал біз 18-ақ млн. халықпыз.

Қытай­дың Қаза­қстан­дағы итар­шы­сы, өзін-өзі Қытай­дың шетел­де­гі дис­по­расы санай­тын және тың­шы­лық орга­ны, шетел­де­гі «жұм­сақ күшін» арт­ты­ра­тын «Қытай бір­лік салу» деген меке­месі бар. Ол Пекин­нің орта­лық полит­бю­ро­сы­на тіке­лей бағы­на­ды. Орыс­ша аудар­ма­сы – «Еди­ный фронт». Сол ұйым жылы­на 10 млрд. дол­лар­ды Қытай­дың ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы­нан алып, шетел­де бала оқы­ту, діни, достық қарым-қаты­на­сын арт­ты­ра­мыз деп, Кон­фу­ций инсти­тут­та­рын ашып, Қытай­дың жұм­сақ экс­пан­ци­я­сын күшей­ту үшін жұмыс жасай­ды. Қытай­дың түрі өзгер­тіл­ген әске­ри-шпи­он­дық орга­ны. Осы шпи­он­дық орган­ның меке­ме­лері Қаза­қстан­да тір­ке­уден өткен. Олар қаза­қтың бала­ла­рын алдап-арбап, өздері оқы­тып жүр. Ресми ақпа­рат бой­ын­ша, 14 мың қаза­қтың бала­сы Қытай­да оқып жүр. Ал бей­ре­сми ақпа­ратқа сәй­кес, олар­дың саны 20 мың­нан да көп болуы мүмкін.

Осы бала­лар­дың ата-ана­ла­ры, ойлаңы­здар! Бала­ла­ры­ңы­зды аман сақтаңы­здар! Бұларға қытай­дың шпи­он­дық орган­да­ры арнайы түр­де ауру­ды жұқты­рып жібе­руі әбден мүм­кін. Қытай­дан келетін азық-түлік­ке тый­ым салы­ңы­здар! Біздің мем­ле­кет әлі даб­ыл қақ­пай тұр. Оны Қытай­дың елшілі­гі бүгін­гі жари­я­лаған мәлім­де­месін­де де жазып­ты: Қаза­қстан­да осы уақы­тқа дей­ін Қытай­дан келетін жола­у­шы­ға тый­ым жоқ деп. Қытай біліп отыр – біздің осын­дай сор­лы екенімізді.

Қытай­дан келетін жеміс-жидек, нешетүр­лі дәм­де­уі­ш­тер, тіп­ті бүкіл затта­ры­нан бас тар­ты­ңы­здар. Қытай­дан келетін киім­нен де абай­лаңы­здар! Өткен­де қырғыз әйел­дер­дің видео­сы тара­ды: Қытай­дан келетін джин­сы шал­бар­лар­дың белін­де бел­гісіз ұнтақ жүр. Оры­стар­дың қан­ша­ма видео­сы жүр: қытай­дың үті­гі мен теле­фон қуат­тағы­шта­рын­да тың­дағы­штар табы­лға­ны көр­сетіл­ген. Біз де бір видео сал­дық: Қытай­дан кел­ген сум­ка­ның ішін­де тың­дағыш құрал­дар жасы­ры­нға­ны туралы.

Азық-түлі­гінің бәрі улы. Ойлап қараңы­здар­шы, неге біз­дер, осын­ша­ма жері бар қазақ өспей отыр­мыз?! 1990 жыл­да­ры 20 млн. өзбек бүгін, міне, 40 млн. ада­мға жақын­дап бара­ды. Аш, кедей өзбек Қаза­қстанға келіп, жұмыс істеп 40 млн. бол­ды, ал қаза­қтар өспей қал­ды?! Өйт­кені бізді бірін­ші кезек­те құр­тып жатыр. Оларға өзбек­тің өзі сый­май оты­рған жері керек емес, біздің жері­міз керек. Ол үшін бірін­ші бізді құр­ту керек. Еркек­тер­дің бел­сіз, әйел­дер­дің бедеу болуы, өспе­уі­міз, көбей­ме­уі­міз нешетүр­лі ауру­лар­дың шығуы – қытай­дың азық-түлі­гі­нен! Сон­ды­қтан тұтас халық болып, қытай­дың азық-түлі­гіне бой­кот жари­я­лаңы­здар. Аш қал­саңы­здар да, қара шәй ішіп, қара нан жесеңіз­дер де, қытай­дан келетін жеміс-жидек­ті жемеңіз­дер! Қытай­дың алма­сын, бана­нын жеме­сеңіз, өліп қал­май­сыз! Ата-баба­мыз банан мен ман­да­рин­нің не екенін біл­мей өткен.

Сақта­ны­ңы­здар! Бізді тұқы­мы­м­ы­з­бен құр­тып жіберіп, жері­мізді қытай­мен тол­ты­ру­ды жос­пар­лап отыр. Артық айт­сам, айы­пқа бұй­ыр­маңы­здар. Жазу­шы­лар, зия­лы­лар, жур­на­ли­стер, әлем­дік ақпа­рат­ты оқы­ңы­здар! Жазы­ңы­здар! Даб­ыл қағы­ңы­здар! Әлем­дік ағы­л­шын тіл­ді ақпа­рат құрал­да­ры осы жай­лы жазып жатыр. Даб­ыл қағып, Қытай­дан келетін шека­ра­ны жауып, Қаза­қстан­да жұмыс істеп жүр­ген қытай­лар­ды бақай­шағы­на дей­ін тек­серіңіз­дер және тек­се­рудің ақша­сын өздеріне төлетіңіз­дер! Қатаң режим­де­гі виза беру шара­ла­рын қол­да­ны­ңы­здар! Осы­ны есті­ген адам айна­ла­сы­на жари­я­лап, тұтас мем­ле­кет болып қозға­лы­сқа келіңіз­дер! Мем­ле­кет­ке қатаң талап қой­ып, әуе­жай, кеден­дері­міз­де Қытай­дан келетін­дер­ді қатаң тек­се­ру­ге алма­сақ, «құры­дың қазақ» дей беріңіз!

Тір­кел­ме­ген және тір­кел­мей­тін «Ата жұрт ерік­тілері» аты­нан жаңа хабар­лар­ды біл­гіңіз кел­се, «Ютубқа» кіріп, латын жазуы­мен ATAJURT деп жазып ізде­сеңіз­дер, жаңа ақпа­рат­тар­ды үзбей тара­тып отыр­мыз. Біз­бен бір­ге болыңыздар!

 «D»

  • Өзбек­стан және Қаза­қстан халқы­ның демо­гра­фи­я­лық динамикасы:

 Өзбек­тер Қазақтар

1950 жыл 6 314 000 6 591 600

2019 жыл 33 523 600 18 395 567

«Уики­пе­ди­ядан» алынды.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн