Пятница , 4 июля 2025

АРАША ТҮСІҢІЗ, ТОҚАЕВ МЫРЗА!

Сіз 2019 жыл­дың наурыз айын­да Қаза­қстан­ның пре­зи­ден­ті болып оты­рған кез­ден бастап, «елі­міз­де ешбір бүк­пе­сіз, әділ сай­ла­у­лар өтетін бола­ды»; «әртүр­лі тұрғы­да құры­ла­тын пар­ти­я­ларға шек кел­тір­мей­міз» деп уәде еткеніңіз ел-жұрт­тың есін­де. Бұл мәлім­де­меңізді оқы­ған халық «нағыз демо­кра­ти­я­шыл пре­зи­дент кел­ді» деп, күні бұрын-ақ сіз­ге риза­шы­лы­ғын біл­дір­ген еді.

Бұл уәдеңіз­ге қоса «мем­ле­кеті­міз­де­гі жастар­дың жағ­дай­ын жақ­сар­туға көңіл ауда­руы­мыз керек»; «олар­ды жұмыспен қам­та­ма­сыз ете­міз»; «олар­дың ынта-жігеріне қар­сы­лық біл­дір­мей, жоға­ры дәре­же­де қол­дау көр­се­те­міз» дегеніңіз тағы бар. Тіп­ті жастар­ды арнайы жинап, олар­мен жина­лыс та өткіздіңіз.

Бірақ сіздің сол уәдеңіз бос сөз­ге айна­лып бара жатқан сыңайы бар. Мәсе­лен, сіз­ге бағы­нуы тиіс әкім­дік­тер, поли­ция, про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кер­лері Демо­кра­ти­я­лық пар­тия құра­мыз деген жас сая­сат­кер Жан­бо­лат Мамай­дың баста­ма­сы­на қар­сы шығу­да. Ол қар­сы­лы­қтың мәні – аталған орган­дар өкіл­дері пар­ти­я­ның баста­ма­шыл тобы­на кір­ген адам­дар­дың әрқай­сысы­ның үйіне жеке-жеке кіріп, оларға «бұл пар­ти­яға кір­мең­дер, одан пай­да жоқ» деп, теріс үгіт жүр­гізіп, тіп­ті кей жер­лер­де қысым көр­сетіп жүр. Есіңіз­ге салай­ық: елде Демо­кра­ти­я­лық пар­тия құра­мыз деген баста­ма­шыл топ және оның жетек­шісі Жан­бо­лат Мамай сіздің жоға­ры­да айты­лған уәде­леріңіз­ге және Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­сы мен тиісті заң­да­ры­на сүй­еніп, заң­на­ма­лар аясын­да жұмыс жүр­гізіп жатыр.

Сіздің де қапе­ріңіз­де болар, бүгін­гі күні 1122 аза­мат­тан тұра­тын баста­ма­шыл топ­тың тізі­мі Әділет мини­стр­лі­гіне тап­сы­ры­лып, құжат­тар мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге алын­ды. Сон­да, дей­міз-ау, сіздің құзы­ры­ңы­зға бағы­на­тын орган­дар­дың қыз­мет­кер­лері 1122 адам­ның үйлеріне күн­діз демей, түн демей кіріп, барып маза­сын алып, тыны­штық бер­ме­гені қалай? Оның үстіне елде тұмау ауруы ұшқын­дап тұр, Қытай жақтан келіп қалар қатер­лі виру­стың қау­пі және бар. Сіздің «шақы­рыл­маған қонақта­ры­ңыз» қан­дай мақ­сат­пен ел ара­сы­на лаң салып жүр?!

Әркім­нің үйіне барып, теріс үгіт жүр­гізіп жүр­ген­дер жай­шы­лы­қ­пен кет­пей, «егер жаңа пар­ти­яға кір­сең­дер, біз­ден жақ­сы­лық күт­пе­ң­дер» деп, қорқы­тып кететін­дері де бар екен. Ойпыр­май, сон­да олар­дың қыз­мет тұрғы­сын­да жұмыста­ры бол­маға­ны ғой?! Олар­дың түк­ке тұр­май­тын іспен айла­ны­суы, не өзіне, не өкі­мет­ке пай­да­сы жоқ. Бірақ оларға бәрібір: халы­қтың қал­та­сы­нан алы­нған бюд­жет­тен төле­нетін жалақы­сы­на риза.

Жал­пы, халық біліп айтып жүр: мем­ле­кет қыз­мет­кер­лерінің тең жар­ты­сын қысқар­ту керек! Көде­дей көп мемқыз­мет­кер­лер халы­қтың есебі­нен жалақы алып, халы­қтың өзіне, олар­дың қоғам­дық ерік-жігеріне қар­сы шығу­да. Демо­кра­ти­я­лық пар­тия құруға қар­сы жаса­лып жатқан арнайы және жоғарғы жақтың тап­сыр­ма­сы­мен жүр­гізіліп жатқан зиян­кест­ік осы. Тағы да есіңіз­ге салай­ық: сая­си пар­тия құру­шы баста­ма­шыл топ­тың жұмысы бар­лық тиісті заң­ды­лық аясын­да жүргізілуде.

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Жаңа­дан құры­ла­мыз ба деп, үлкен үміт­пен рес­пуб­ли­ка­мы­здың облы­ста­рын жаяу-жал­пы ара­лап жүр­ген Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның баста­ма­шыл тобы­ның жұмысы­на тіке­лей көңіл бөліп, оған қар­сы­лық жаса­у­шы­ларға тый­ым салуы­ңы­зды, ара­ша түсуіңізді өті­не­міз. Егер бұл заң­сыз әре­кет одан ары жалға­сып, баста­ма­шы­ларға қысым жаса­уға тый­ым салын­бай­тын бол­са, біз қоғам­ды аза­мат­тық нара­зы­лық акци­я­сы­на шақы­руға мәж­бүр боламыз!

  • Сіз­ге деген құр­мет­пен және үлкен сенім­мен ара­ша сұраған­дар: Алма­ты, Жам­был, Қызы­лор­да облы­ста­ры, Алма­ты қала­сы­ның тұрғын­да­ры – Р. Сәке­ба­ев, Қ. Бек­нұр, М. Қырғы­з­ба­ев, Р. Үрке­нов, З. Васи­льев, К. Зия­бек, Б. Көке­нов, Ж. Ораз­бек, М. Қаб­де­нов, З. Мәу­ле­нов, Р. Махам­бет, М. Раха­тов, Д. Дәу­ре­нов, Г. Габи­де­нов, С. Тока­рьев, Ж. Сағы­бе­ков, М. Жақа­нов, С. Май­лы­ба­ев, Р. Тер­ге­уба­ев, В. Чер­нен­ко, Ж. Орын­бе­ков… Бар­лы­ғы – 182 адам аты­нан қол қойдық.

23.01.2020 ж.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн