Суббота , 7 июня 2025

КЕГЕНДЕГІ ЖЕР ИЕСІӘКІМГЕРДІҢ ӘКЕЛЕРІ

Алма­ты облы­сы­ның Кеген ауда­нын­да шару­а­лар ере­уіл­ге шықты. Аудан бас­шы­лы­ғын­дағы біраз атқа­мі­нер шен­ділер бос жатқан жер­лер­ді бөлу кон­кур­сын сыбай­ла­сты­қ­пен өткізіп, туған-туы­сқан­да­ры­на жер бөліп бер­ген. Ал жер бөлу тен­дерінің мұн­дай ымы­ра­шыл­ды­қ­пен өткен қоры­тындыс­ы­на келіс­пе­ген шару­а­лар кон­кур­стың нәти­же­сін заң­сыз деп танып, оның күшін жоюын талап ету­де. «Біз­ге егін екпек түгілі, мал жая­тын бос жер қал­ма­ды», – дей­ді редак­ци­яға хабар­ласқан қожа­лы­қтың иесі Мақ­пал Садықова.

Қалай болған­да да, жер көле­мі жағы­нан әлем­де 9‑орынды ала­тын Қаза­қстан­да ауыл тұрғын­да­ры қолын­дағы азын-аулақ малын баға­тын жер қал­маға­ны тағы сол аты­шу­лы жемқор­лық пен әділет­сіздік­тің сал­да­ры. Бұл жөнін­де Кеген ауда­ны­ның тұрғы­ны Мақ­пал Сады­қо­ва былай дейді:

«Өткен 2019 жыл­дың жел­тоқ­сан айын­да Кеген аудан­дық әкім­шілі­гінің сай­ты мен жер­гілік­ті БАҚ-та жер телім­дерін жалға беру жөнін­де кон­курс өткізілетіні тура­лы хабар­ла­ма жари­я­лан­ды. Жер кодексін­де қарас­ты­ры­лған шар­ттарға сәй­кес, жер алуға мүд­делі қожа­лы­қтар мен жеке шару­а­лар биз­нес-жос­пар­ла­рын әзір­леп, мал саны мен қолын­да бар тех­ни­ка­сын, құрал-жаб­ды­қта­рын айғақтай­тын құжат­та­рын өткізіп, кон­кур­сқа қаты­суға ниет біл­дір­дік. Кон­кур­стық талап негізін­де бөліс­ке түсетін жер­лер­дің тізі­мі мен көле­мі әр ауыл­дық округ бой­ын­ша жари­я­ла­нуы тиіс. Ол талап­та нақты – шабын­дық, жай­ы­лым­дық, егістік жер деп көр­сетіледі. Кей­ін­нен ашық түр­де­гі кон­курс өткізіліп, жер комис­си­я­сы мүше­лері дауыс береді. Осы кез­ге дей­ін кон­кур­стар дәл осы тәр­тіп­пен ашық түр­де өтіп жүрген.

Алай­да бұл жолғы кон­курс аяқ асты жабық түр­де өтетін бол­ды. Ауыл­дар­дан кел­ген шару­а­лар­ды кон­кур­сқа кір­гіз­беді. Оның не үшін жасалға­нын 29 қаңтар­да кон­курс қоры­тындысы жари­я­ланған кез­де ғана түсіндік.

Енді өзіңіз қараңыз: жабық кон­кур­стың №1 лоты­ның жеңім­па­зы – жер комис­си­я­сы­ның мүше­сі Жұмаш Суа­та­ев. (Аза­мат, бұл адам­ның қыз­мет­тік лау­а­зы­мын аны­қта). Ол қалай­ша өзіне-өзі дауыс бер­ді?! Сол сияқты жабық түр­де ымы­ра­шыл­ды­қ­пен өткен «жер бөлісін­де» Кеген аудан­дық әкім­нің бірін­ші орын­ба­са­ры Кеңес Қабыл­бе­ко­втың бала­сы – Аза­мат Күлесбай, аудан әкім­ді­гі аппа­ра­ты бас­шы­сы­ның әкесі – Шай­ы­тқан Иса­ев, аудан­дық поли­ция басты­ғы­ның әкесі – Стам­хан Үркен­ба­ев, Қарқа­ра ауыл­дық окру­гы әкі­мінің әкесі – Сағат­бек Мол­даб­а­ев, жер кадаст­ры меке­месі қыз­мет­кер­лерінің әке­лері – Серік Күшек­ба­ев пен Аман­тай Иби­жа­нов, тағы бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­дің әкесі – Марат Тақа­ба­ев жабық кон­кур­стың «жеңім­паз­да­ры» атанған. Бұл – құда-жек­жат деген­дер­ді есеп­те­ме­ген­де­гі, жер­ге ие болған тіке­лей туы­стар­дың тізі­мі. Біздің есебі­міз бойн­ша, 238 гек­тар жер­ді аудан бас­шы­лы­ғы туған-туы­ста­ры­на бөліп берген».

Конкур­стық комис­си­я­ны­ң­ше­ші­мі­мен және­а­удан бас­шы­лы­ғы­ның әпер­бақан әре­кет­тері­мен келіс­пе­ген шару­а­лар 3 ақпан күні аудан әкім­ді­гінің алды­на жина­лып, өздерінің нара­зы­лы­қта­рын жариялады.

Жанат ҚЫДЫРБАЕВ, ауыл тұрғыны:

– Осы­мен жер кон­кур­сы­на екін­ші рет қаты­сып отыр­мын. Бірін­ші рет өткен жаз­да қаты­стым, бірақ ол жолы да жер ала алма­дым. Мен қаты­сқан лот­тағы жер­лер­ді Кеген ауда­ны бас­шы­ла­ры­ның туған-туы­ста­ры алып кет­ті. Біз­ге ана­уың-мына­уың сай кел­меді деп, нешетүр­лі сыл­та­у­ла­рын айтып, ақы­ры жер бер­меді. Соны­мен қолы­мы­зда малы­мыз бар, бірақ оны баға­тын жері­міз жоқ болып тұр. Қолым­дағы 20 жылқы мен 20 сиы­рым­ды қай­да апа­рып бағам? Жер неге жер­ге мұқтаж­дарға тимей­ді?! Кон­кур­стың жабық өтіп, оның нәти­же­сіне қар­сы екенім­ді айту үшін кел­дім бүгін. Өйт­кені осы жолғы кон­кур­ста «ұтқан» адам­дар­дың көбінің малы тұр­мақ, қорасы да жоқ!

Қай­рат ШЫНАРБЕКОВ,

Қарқа­ра ауы­лы­ның тұрғыны:

– Біз жер кон­кур­сы әділ өте­ді деп сеніп едік. Әкім­нің есеп беру жина­лы­сын­да мен осы мәсе­лені көтер­ген­де, бәрі заң шең­берін­де әділ өте­ді деп сен­діріп еді, бірақ ол «сенім­нің» соңы осы­лай бол­ды. Біздің Қарқа­ра ауы­лы тұрғын­да­ры­ның 70–80 пай­ы­зын­да жер жоқ. Ауыл­дағы­лар жанын тек қана мал­мен бағып отыр. Ал жері­міз бол­ма­са, малы­мы­зды қай­да баға­мыз?! Осы мәсе­лені көте­ру үшін бүгін осын­да халық болып кел­дік. Қарқа­ра ауы­лы­нан төрт-бес ада­мға ғана жер тиген, қалға­нын ауда­ны­мы­здың лау­а­зым­ды чинов­ник­тері алып кетіп отыр. Барып тұрған әділет­сіздік қой бұл!

Белгілі заң­гер Бақыт­жан Базар­бек­тің айтуын­ша, Жер кодексінің 43-бабы­на сәй­кес, жер кон­кур­ста­ры ашық түр­де өткізілуі тиіс және оған комис­сия мүше­лерінің өздері қаты­суға құқы­ғы жоқ. Заң­гер Кеген ауда­нын­да өткен кон­кур­стың қоры­тындыс­ын тек­сер­ту үшін, хат­та­ма-құжат­ты Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гіне жол­да­уға дай­ын­дап жатқа­нын айтты.

Деген­мен, Кеген­де­гі жер дауы Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі Аман­дық Бата­ло­втың құлағы­на жетіп, істің ақ-қара­сын аны­қтау мақ­са­тын­да комис­сия құру­ды тап­сы­рға­ны бел­гілі бол­ды. Бұл жөнін­де облыс әкім­ді­гінің бас­пасөз хат­шы­сы Ғалым­мұрат Жүкел былай дейді:

«Арнайы комис­сия құрыл­ды. Оның құра­мын­да про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кер­лері бар. Комис­сия бір апта уақыт­та бар­лық құжат­тар­ды тек­се­реді. Қоры­тындыс­ын кей­інірек жариялаймыз».

Расын­да, «мал қорасы жоқ», тиісін­ше малы да жоқ ада­мға жер­дің қажеті қан­ша? Біздің бұл сау­а­лы­мы­зға орай Мақ­пал Сады­қо­ва былай деді:

«Қолын­да малы жоқ адам біре­улер­дің тех­ни­ка­сын жал­дап, жер­дің шөбін шап­ты­рып, сол шөп­тен күз бен қыста қып-қызыл ақша жасай­ды. Көп­шілік халық тек қана мал­мен күнін көр­ген біздің Кеген аймағын­да шөп­тің баға­сы – әке­міздің құны­мен тең. Міне, сон­ды­қтан қолын­да малы бар шару­а­лар жері мен шөбі бар алып-сатар­ларға мұқтаж болады».

Сөз соңын­да біз өз тара­пы­мы­здан Кеген­де­гі жер дауы­на қаты­сты жағ­дай­ды наза­рға ала­ты­ны­мы­зды мәлім­дей­міз. Егер Қаза­қстан­ның басқа аймақта­рын­да ауыл шару­а­ла­ры дәл осын­дай жағ­дай­мен қыса­сты­қта қалып оты­рған деректер бол­са, газет редак­ци­я­сы­на хабар­ла­су­ды сұрай­мыз. Біздің мекен-жай­ы­мыз бен бай­ла­ныс нөмірі­мізді газет­тің 15-беті­нен тауып алуға болады.

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн