Пятница , 4 июля 2025

Қазақстандағы ең ірі ҰЛТАРАЛЫҚ ҰРЫСТАР

  • 1950–2020 жыл­дар ара­лы­ғын­да Қаза­қстан­да 10 ірі ұлта­ра­лық қақты­ғыс болған екен. Оның төр­те­уі шешен­дер­мен, еке­уі – түрік, қалға­ны – ұйғыр, тәжік, армян және дүн­ген ұлы­ста­ры­ның қаты­су­мен өткен.

1951 жыл. Шығыс Қаза­қстан. Шешендер.

  • Өске­мен руд­ник­терін­де орын алған бұл қақты­ғы­сқа қаза­қтар қаты­сқан жоқ. Жан­жал руд­ник жұмыс­шы­ла­ры – оры­стар мен шешен­дер ара­сын­да бол­ды. Руд­ник­тер­де түр­ме­ден босап шыққан­дар­дың көп­ті­гі сал­да­ры­нан түр­лі қыл­мыстық әре­кет­тер жасал­ды. Оқиға­ның нақты неден басталға­ны құпия сақталды.

1989 жыл. Жаңаө­зен. Шешендер.

  • Би алаңын­да қаза­қтар мен кав­каз­ды­қтар ара­сын­дағы төбе­ле­стің соңы бүкіл қала қаза­қта­ры­ның көтерілуіне әкеліп соқты. Бұл толқу­дың мұрағат құжат­та­ры әлі күн­ге құпия күй­ін­де сақта­у­лы. Екі жүз­ге жуық адам қаза тапқан деген бей­ре­сми дерек бар. Жаңаө­зен­ге арнайы жасақтар кір­гізіл­ген­нен кей­ін, жер­гілік­ті шешен­дер түгелі­мен көшіріл­ген. Толқу төрт күн бойы толастамаған.

1992 жыл. Өске­мен. Шешендер.

  • Арма­ту­ра зауы­ты­ның жатақ­ха­на­сын­да төрт қазақ жігітінің мәй­іті табы­лған­нан кей­ін, қыл­мыс шешен­дер тара­пы­нан жасал­ды деген қау­е­сет тарап, адам­дар көтері­ле бастай­ды. Халық шешен­дер тұра­тын Ове­чий Ключ ауы­лы­на топ­та­сып бет алған. Мили­ци­я­ның ара­ла­суы­мен қару­лы қақты­ғы­сқа жол берілмеді.

2006 жыл. Теңіз. Түрік жұмысшылары.

  • Теңіз мұнай кен орнын­дағы түрік және қаза­қстан­дық жұмыс­шы­лар­дың жап­пай төбе­лесі бол­ды. Төбе­лес жұмыс­шы­лар­дың асха­на­дағы кикіл­жіңі­нен басталған. Оның арты қару­лы қақты­ғы­сқа ұла­сты. Нәти­же­сін­де жарақат алған жүз­ден астам түрік жұмыс­шы­сы шұғыл елдеріне қайтарылды. 

2006. Шелек. Ұйғырлар.

  • «Cта­рый замок» кафесін­де күт­пе­ген жер­ден қазақ пен ұйғыр жаста­ры­ның ара­сын­да қақты­ғыс бол­ды. Арты жастар­дың өз жақ­та­ста­рын жинай баста­уы­на әкеліп соққан. Іске ақсақал­дар ара­ла­сып, жастар­ды бітім­ге шақы­рып, қан­тө­гіс дер кезін­де тоқтатылды.

2007 жыл. Каза­тком, Мало­вод­ное. Шешендер.

  • Бол­ма­шы тұр­мыстық кикіл­жің­нен шыққан өрт Мах­ма­ха­но­втар әулетінің тра­ге­ди­я­сы­на алып кел­ді. «Бота­гөз» бильярд клу­бын­да жер­гілік­ті тұрғын­ның бірі Бек­жан Сәлім­ба­ев Маго­мед Мах­ма­ха­нов­пен жұды­ры­қ­тасқан. Сол күні кеш­ке Маго­мед­тің інісі Тахир Бек­жан­ды көлі­гі­мен қағып, аяғын трав­ма­ти­ка­лық тапан­ша­мен жара­лай­ды. Жиналған халы­ққа ағай­ын­ды Мах­ма­ха­но­втар оқ жауды­рып, нәти­же­сін­де екі қазақ қаза таба­ды. Арты­нан ауыл тұрғын­да­ры Мах­ма­ха­но­втар­дың үйін өртеп, үш ағай­ын­ды шешен жігітін өлтіреді. 

2015 жыл. Бостан­дық, Ынты­мақ ауыл­да­ры. Тәжіктер.

  • Бұл қақты­ғы­сқа Ынты­мақ ауы­лы­ның тұрғы­ны Бақыт­жан Арты­қо­втың тәжік аза­ма­ты­ның қолы­нан қаза табуы себеп бол­ды. Жер­гілік­ті қаза­қтар көтеріліп, тәжік­тер­дің бір­не­ше тұрғын үйлері мен көлік­терін өртей­ді. Арты­қо­втың туы­ста­ры ауыл қаза­қта­ры­нан тәжік­тер­ді көшіруді өтін­ді. Соңы­нан бір­не­ше тәжік отба­сы қоныс аударды.

2016 жыл. Бурыл. Түріктер.

  • Түрік ұлты­ның 17 жасар жасөс­пірі­мі ұрлық жасау мақ­са­ты­мен қаза­қтың үйіне түсіп, қыл­мысқа куә­гер болған 5 жасар бала­ны пышақтап өлтір­ген. Ауыл қаза­қта­ры бір­ден көтеріліп, жер­гілік­ті түрік­тер­дің үйлерін қор­ша­уға алып, тас жауды­ра­ды. Жан­жалға ақсақал­дар мен поли­ция ара­ша түсіп, тарап­тар мәміле­ге келді.

2018 жыл. Қараған­ды. Армяндар.

  • Қарағанды­да «Ежел­гі Рим» мей­рам­ха­на­сын­да қонақтар мен мей­рам­ха­на қыз­мет­кер­лері ара­сын­да төбе­лес бол­ды. Нәти­же­сін­де бір қазақ өліп, тағы бір­не­ше адам жарақат алды. Қала­да армян­дарға қар­сы нара­зы­лық митинг­тері өтіп, әле­умет­тік желілер­де түр­лі үнде­улер жари­я­лан­ды. Бір­не­ше армян отба­сы репрес­си­ядан қорқып, қала­ны тастап кетті.

2020 жыл. Масан­шы оқиға­сы. Дүнгендер.

  • Ресми ақпа­рат бой­ын­ша, Сор­тө­бе ауы­лын­да ұлты дүн­ген көлік жүр­гі­зу­шісі поли­ция қыз­мет­кер­леріне бағын­баған. Осы­ған бай­ла­ны­сты поли­цей­лер мен жүр­гі­зу­шінің туы­ста­ры ара­сын­да жан­жал туып, жер­гілік­ті дүн­ген­дер поли­ция көлі­гіне тас атып, олар­ды соққы­ға жыққан. Дүн­ген­дер­дің бұл бас­сызды­ғы­на нара­зы болған қор­дай­лық қаза­қтар көтеріліп, дүн­ген­дер тұра­тын бір­не­ше ауыл­дағы үйлер мен көлік­тер өртеліп, 10 адам қаза тапқын, 150-ге жуық адам түр­лі жарақат алған.

Nege.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн