Пятница , 4 июля 2025

Келімсекке ҚҰЛ болмаймыз!

  • Қор­дай­дағы оқиғаға бай­ла­ны­сты бір­не­ше ауыл­дың тұрғын­да­ры нара­зы­лық митин­гісін өткіз­гені жөнін­де­гі хабар әле­умет­тік желілер­ді шар­лап жүр. Сол сти­хи­я­лық жиын­дар­да сөй­ле­ген екі ақсақал­дың сөзін қағазға түсіріп, оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­нып отырмыз.

1. Кел­ген комис­си­я­ны дүн­ген­дер­ге «өртеніп кет­кен маши­на­ла­ры­ң­ды төлей­міз, қирап қалған үйлеріңді оңдап бере­міз, ал қаза­қтар не қыл­саң о қыл, боғын жесін деп» жібер­ді ме?

Бүтін қаза­қтың, қаны төгіліп жатқан бала­ла­ры­мы­здың қаны­на не дей­ді, неге біз­ге келіп көңіл айтуға жара­май­ды?! Біз­ге көңіл айтуы керек, айда­ла­дан қаңғып кел­ген дүн­ген­ге емес. Дүн­ген­нің жері жоқ, мем­ле­кеті жоқ, қаңғып жүр­ген дүн­ген­ге неге құл болуы­мыз керек? Өткен­де бала­мы­зды зор­ла­ды, онда да үкі­мет келіп, басып кет­ті. Сек­сен­де­гі шалы­мыз бен екі неме­ресін қосып саба­ды, сон­да да біз үндемедік.

Үкі­мет басын­дағы Назар­ба­ев пен Тоқа­ев еке­уінің бірі – дүн­ген, жоңғар, қал­мақ па? Қазақ қай­да қал­ды? Ата-баба­мы­здан мұраға қалған жер­дің иелері біз­дер қай­да қал­дық? Дүн­ген­дер кім ол? Елі жоқ, жері жоқ, әнұра­ны жоқ олар кім?

2. Тамы­ры­на құрт түсіп, /терек/ қурай бас­та­са, оны бір-бір бұтағын алып жой­ған дұрыс па, жоқ тамы­ры­мен алып тастап, жаңа ағаш оты­рғы­зған дұрыс па? Мына мәсе­ле қалай болып жатыр? Мыса­лы, осы дүн­ген ұлты тура­лы желі­ге кере­мет мәлі­мет түсті: 150 жыл­дан астам уақыт бұрын Қытай­дан қалай қуып шықты бұлар­ды? Жақ­сы адам­ды кім қуады?!

Кел­ді. Жері­мізді, төрі­мізді бер­дік. Ал енді мына істеп оты­рған­да­рын көріп отыр­сыздар. Арғы жақтың бәрін айт­пай-ақ қояй­ын, мені­мен тең­дей қатар болған, Қор­дай ауда­нын­да осы Масан­шы­ның парт­ор­гы болған Сейт­жа­нов Жеңіс деген жігіт­тің үлпіл­деп өсіп, 11-кла­сты бітіріп, сурет­ке түсіп келе жатқан қызын зор­лап, өлтіріп, өртеп кет­ті. Түбін­де оған ешкім жау­ап бер­ген жоқ. Әкесі бей­ша­ра жүре­гі­нен ауы­рып, осы­дан 8 жыл бұрын қай­тыс бол­ды. Бұл қаза­ққа тиген зиян ба? Зияны!

Айтай­ын дегенім, үйге барып, теле­ви­зор­ды қос­сам, әрбір канал­дың бәрі /оқиғаны/ бөліп-бөліп, /оған/ басқа­ша сипат беріп тастаған. Ал бұған халы­қтың қаны қай­нап, жігері әбден жүн бол­ды. Заң орган­да­ры келеді де, тек қана біздің жер­гілік­ті ұлт­тың бала­ла­рын қамай­ды, ана­лар /дүнгендер/ кінәлі бол­са да.

Міне, осын­дағы елдің бәрі біледі: Атым­тай Бай­сү­гіров деген кісі болған – біздің үлкен аға­мыз. Өте мықты ұйым­да­сты­ру­шы, кол­хоз­дың бас инже­нері болған. Сол 70-тен асқан үлкен кісіні көк­пар­да ере­гісіп қалған дүн­ген­дер басы­нан ұрып, соның сал­да­ры­нан басы­нан шата­сып өлді. Сон­да оның өзін апа­рып, қамап тастаған. Ал дүн­ген­дер­дің біре­уін де қама­май­ды, тек қаза­қтың 80-ге жақын­даған шалы­на дей­ін қамайды.

Бұл қан­дай заң, қан­дай мем­ле­кет­піз біз? Өз елі­міз­де, өз жері­міз­де жүріп, өзі­міздің құқы­ғы­мы­зды, бала-шаға­мы­зды қорғай алма­сақ, онда несіне жүр­міз? Ондай еге­мен­дік­тің кере­гі не?

Мәтін­ді дайындаған –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн