Пятница , 4 июля 2025

Съездің орнына – МИТИНГ!

  • Назар­ба­ев­тың режи­мі Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ны күрт бет­бұрыс жасау қада­мы­на мәж­бүр етті.

«Жалған жала­мен қамауға алы­нып, аймақтар­да нақақ қыл­мыстық іске тар­ты­лып жатқан әріп­те­стерім­нен менің жаным артық емес. Мен өз жол­даста­рым­мен бір­ге абақты­ға қама­луға дай­ы­н­мын! Пар­тия жақ­та­ста­рын өзім­мен бір­ге аза­мат­тық нара­зы­лық митин­гісіне шақы­ра­мын!» – деді кеше шұғыл жағ­дай­да өткен бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның жетек­шісі Жан­бо­лат Мамай.

Жедел түр­де өткізіл­ген бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да пар­тия құру­шы бел­сен­ділер өздерінің шұғыл бет­бұрыс жаса­уға мәж­бүр болға­нын, съездің орны­на митинг өткізу­ге тура кел­генін мәлімдеді.

  • Бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да бұл митинг 22 ақпан күні сағат 11.00-де Алма­ты­дағы ескі алаң­да (Абы­лай­хан – Төле би, Пан­фи­лов және Бөген­бай батыр көше­лерінің ішкі аумағын­да) өтетіні хабарланды.

Құры­лу үстін­де­гі пар­ти­я­ның жетек­шісі, жас қай­рат­кер Жан­бо­лат Мамай жиналған жур­на­ли­стер­ге төмен­де­гі жағ­дай­ды жария етті.

«Қаза­қстан­ның бар­лық аймақта­рын­да пар­тия құру­шы бел­сен­ділер­ге бұрын-соң­ды бол­маған жап­пай қысым көр­сетіліп жатыр. Пар­тия жақ­та­ста­ры­на қаты­сты ондаған нақақ қыл­мыстық іс қозғал­ды, бір­не­ше адам жалған жала­мен қамауға алын­ды, бірқа­тар аза­мат­тар ешқан­дай негіз­сіз әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лу­да. Пар­ти­я­ның құры­л­тай съезіне қаты­суға жолға шыққан Жаңаө­зен қала­сы­ның деле­га­ци­я­сы тегі­стей пой­ы­здан түсіріл­ді. Ақта­уда бес адам 5 тәулік­ке қамалды.

Пар­ти­я­ның Аты­рау облы­стық бөлім­ше­сінің жетек­шісі Әлі­бек Мұсаұлы­ның үйін поли­ция қор­шап алды. Ол бір ама­лын тауып, қор­ша­удан сыты­лып шығып, Алма­ты­ға Орал қала­сы арқы­лы кел­мек болған­да, оны Жым­пи­ты­да ұстап, БҚО поли­ция депар­та­мен­тіне қама­ды. Екі күн­нен бері оған нәр татыр­май, ішу­ге су да бер­мей, зор­лық-зомбы­лық жасауда.

Бүгін Орал­да Әлі­бек Мұсаұлын сот­та­уға әкелді.

Бірер күн бұрын Аты­ра­уда поли­ция пар­тия бел­сен­дісі Әсел Нұрға­зи­е­ва­ның үйін қор­шап алып, кеше оны да ұстап әкет­ті. Пар­тия жақ­та­ста­ры­на қаты­сты Семей­де де бір­не­ше қыл­мыстық іс қозғады.

Орал­да аза­мат­тық бел­сен­ді Айбо­лат Бөке­но­вты поли­ция екі күн бұрын алып кет­кен, одан ешқан­дай хабар-ошар жоқ. Қай­да қамалға­ны бел­гісіз. Бүгін іздеу жари­я­ла­дық. Бел­гілі орал­дық аза­мат, қоғам бел­сен­дісі Жанат Есен­та­ев­тың үсті­нен іс қозға­лып жатыр.

Қоста­най­да пар­тия съезіне қаты­су үшін жолға шыққан деле­га­ция мүше­лерін қала­дан 100 шақы­рым жер­де ұстап, олар­ды қалаға кері алып келіп, бір­не­ше әкім­шілік із қозғады.

Алма­ты­да «ішкі сая­сат бөлі­мінің қыз­мет­кері­міз» деген желе­умен (аны­ғын­да «КНБ» қыз­мет­кер­лері – Ред.) баста­ма­шыл топ­тың әрбір мүше­сінің үйіне барып, оларға Дем­пар­ти­я­ның съезіне қаты­спаң­дар деген қысым жасалған.

Қараған­ды қала­сын­да да поли­ция съезд деле­гат­та­рын ұстап, Алма­ты­ға жібер­мей қой­ды. Қаза­қстан­ның басқа аймақта­рын­да да жап­пай және бұрын-соң­ды бол­маған сая­си қысым­дар жаса­лу­да. Билік­тің бар мақ­са­ты – Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның құры­л­тай­ын бол­дыр­мау, біздің жасам­паз жақ­та­ста­ры­мы­здың басын қостыр­мау. Бұл бас­сыздық пен заң­сыз әре­кет­ке жау­ап­ты­лар – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен Қасым-Жомарт Тоқаев!

Біздің әріп­те­стері­міз бен жақ­та­ста­ры­мы­зға қар­сы адам айтқы­сыз қысым жаса­лып жатқан кез­де біз съезд өткізуді

жөн­сіз деп санай­мыз. Сон­ды­қтан пар­тия бел­сен­ділеріне жаса­лып жатқан қысым­дарға қар­сы және сая­си тұтқын­дар­ды боса­ту­ды талап етіп, Алма­ты­дағы ескі алаңға митин­гі­ге шығуға шешім қабыл­да­дық. Бұл жөнін­де бүгін ҚР Әділет мини­стр­лі­гіне хабар­ла­ма жолдаймыз.

Әрине, сая­си пар­тия ретін­де күресі­мізді жалғастырамыз.

Біз Дем­пар­ти­я­ны тір­ке­ту үшін, өз мақ­сат­та­ры­мы­зға жету үшін, бір­не­ше митин­гілер сери­я­сын өткіземіз!».

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн