Пятница , 4 июля 2025

Украина жеңіс күнін ТОЙЛАМАЙДЫ

  • Жер­гілік­ті теле­ар­на­лар­дың біріне бер­ген сұх­ба­тын­да елдің Сыр­тқы істер мини­стрі Вадим При­стай­ко осын­дай мәлім­де­ме жаса­ды, деп хабар­ла­ды life.ru сай­ты­на сіл­те­ме жасаған Тurkystan.kz.

«Біз 9 мамыр­ды той­лаға­лы жатқан жоқ­пыз. Еуро­па­дағы өзге мем­ле­кет­тер секіл­ді біз де 75 жыл­дан кей­ін бұл тра­ге­ди­я­ның нелік­тен болға­нын түсініп, бір-бірі­мізді кешіру­ге дай­ын­быз. Біздің пікірі­міз­ше, мере­ке осы бағыт­ты ұста­нуы керек», – деді министр.

Айта кетей­ік, ресми Мәс­кеу Жеңістің 75 жыл­ды­ғы­на орай өтетін мерей­той­лық сал­та­натқа бірқа­тар елдің бас­шы­сы­на шақыр­ту жібер­ді. Атап айтқан­да, АҚШ пре­зи­ден­ті Дональд Трамп, Фран­ция көш­бас­шы­сы Эмма­ню­эль Мак­рон, Гер­ма­ния канц­лері Анге­ла Мер­кель, Жапо­ния пре­мьері Син­дзо Абэ, ҚХР төраға­сы Си Цзинь­пин және басқа да көш­бас­шы­лар шақы­ры­лып отыр. Олар­дың көп­шілі­гі Ресей шақыр­туын қабыл алып, Мәс­ке­у­ге келетін­дерін мәлімдеген.

Еуразиялық одақтан ТАРҚАЙЫҚ!

  • Бела­русь бас­шы­сы Алек­сандр Лука­шен­ко құры­лға­лы бері түк тын­дыр­маған Еура­зи­я­лық одақ тура­лы осын­дай пікір айт­ты деп хабар­лай­ды Dalanews.kz. 

Оның айтуын­ша, одақтың ортақ ұста­ны­мы жоқ, әркім көр­пе­ні өзіне қарай тар­тып, осы ұйым­ды құрған әуел бастағы бағыт­тан ауы­тқып кет­ті. «Біреу – біре­уді тың­да­май­ды. Ешкім – ешкім­ге есесін жібер­гісі кел­мей­ді. Тар­тыс-талас, салғы­ла­су­дан өзге осы одақ біз­ге тит­тей пай­да­сын тигіз­беді», – дей­ді Лукашенко.

Ол Еура­зи­я­лық одақты құруға ұйы­тқы болған Қаза­қстан, Ресей және Бела­русь­тің және ұйы­мға кей­ін­нен қосы­лған Арме­ния мен Қырғыз­стан­ның ара­сын­да ауы­з­бір­шілік жоқ екенін айт­ты. Құры­лға­лы бері дау-дамай­дан арыл­май келе жатқан бере­кесіз одаққа өзге­лер де қосы­луға құлы­қты емес.

 «Одақтың аты бар да, заты жоқ. Одақ­та­стар­дың ортақ ұйға­ры­мы жоқ. Мұн­дай бол­са, бір-бірі­міздің басы­мы­зды қатыр­май, тарқап тынай­ық. Бұл одақтан қай­ыр бол­ма­са, әркім өз бетін­ше кет­сін. Өз дамуын өзі айқын­да­сын», – деді Лукашенко. 

Сая­сат­та­ну­шы Досым Сәт­па­ев­тың пікірін­ше, біздің билік­ке де мұн­дай батыл­дық қажет. «Мыса­лы, Алек­сандр Лука­шен­ко ойын ашық айта­ды. Оны­сы дұрыс. Ол Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтың өз еліне тиім­сіз екенін ара­кідік айтып оты­ра­ды. Ал Қаза­қстан дипло­ма­ти­я­лық дең­гей­де бұл рет­те ләм-мим деп тіс жарған емес. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ бұл түрі­мен ертелі-кеш күй­реп тына­ды. Тарих­та ол тиім­сіздік таны­тқан, өзіне мүше елдер­ге өте көп мәсе­ле туды­рған құры­лым ретін­де қала­ды», – дей­ді ол.

«D» 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн