Среда , 18 июня 2025

30 ЖЫЛҒЫ БИЛІКТІҢ АҚЫРЫ Назарбаев үшін СОРАҚЫЛЫҚПЕН АЯҚТАЛДЫ

Бал­таш Тұрсымбаев:

Біздің аны­қта­ма

  • Бал­таш Тұр­сым­ба­ев – бел­гілі мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері. Әр жыл­да­ры Ауыл шару­а­шы­лық мини­стрі, Қоста­най облы­сы­ның әкі­мі, ҚР Қауіп­сіздік кеңесінің хат­шы­сы, Қаза­қстан­ның Түр­ки­ядағы Төтен­ше және өкілет­ті елшісі, ҚР үкі­меті пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры болып қыз­мет істеген. 

– Бал­таш аға, Назар­ба­ев шыны­мен кет­ті ме? Ол қашып кет­ті деген бей­ре­сми сөз­дер айты­лып жатыр…

– Кет­кен­де – өзді­гі­нен кет­кен жоқ ол. Иә, қашып кет­ті! Елді бір өзі 30 жыл езіп кел­ген билі­гінің абы­рой­сыз ақы­ры осы бол­ды. Масқа­ра! Енді ол сорақы тарихқа тап бол­ды. 200 мил­ли­ард дол­лар бай­лы­ғы бар адам не істей­ді бұл жер­де? Ол 2 қаңтар күні қашып кет­ті. Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы болып, ел пре­зи­ден­ті­нен жоға­ры отыр­ды. Ақы­ры масқа­ра болып, қыз­мет­тен түс­кен күні қашты.

Енді ол өзі­мен кет­сін! Мен біздің халы­қтың қай­ғы­сын бөлі­се­мін. Арты қай­ыр­лы, тыныш болсын!Көптеген адам­дар жәй­дан-жәй, кінәсі жоқ, нақат­тан шей­іт болып кет­ті. Енді оған кінәлі бүгін­гі билік, оған кінәлі қоғам, оған кінәлі бүгін­гі болып жатқан жағдай.

– Сіз үшін Назар­ба­ев кім еді?

– Кім болу­шы еді?! Узур­па­тор! Елдің билі­гін басып алған озбыр. Мен бұл жөнін­де көп­тен бері айтып келе­мін. Ол 1995 жылы халы­қты алдап, өзіне қолай­лы жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­дап алды. Рефе­рен­дум­мен. Егер ол адал, халы­ққа таза ниеті­мен қыз­мет ететін бол­са, Ата заң елдің мүд­десін көз­де­уі керек еді. Бірақ олай бол­ма­ды. Ақы­ры ол халы­қты тобы­рға айнал­дыр­ды, ел билі­гін ұрлау мен тона­уға жол ашты. Мақ­сатқа тез жет­ті. Маңай­ын­да жүр­ген көп­те­ген оңбаған шолақ бел­сен­ділер­ді, халы­қтың сатқын­да­рын қыз­мет­ке тағай­ын­да­ды, халы­қ­шыл аза­мат­тық бел­сен­ділер мен өнер қай­рат­кер­лерін сатып алды. Пре­мьер-мини­стр­ді өзі тағай­ын­да­ды. Ол – ұры! Оның орын­ба­сар­ла­ры – ұры. Мини­стр­лері – ұры. «МВД» – ұры. «КНБ» – ұры.

Елде­гі завод-фаб­ри­ка­лар­дың бәрін құрт­ты, ауыл шару­а­шы­лы­ғын түгел қират­ты. Содан кей­ін шетел­дің ең оңды жер­лерін, зәулім сарай­лар­ды өзінің семья­сы­на, жанын­да жүр­ген көмек­шілеріне сатып алы­ң­дар деп рұқ­сат етті. Ол сарай­лар­дың баға­сы кемін­де 50–100 мил­ли­он дол­лар тұра­ды. Фран­ци­ядан, Лон­дон­нан, Швей­ца­ри­ядан жалғыз өзінің басы­на бес-алты үлкен особ­няк­тар­ды сатып алды. Испа­ни­ядан жері­мен бір­ге сатып алды. Испа­ни­я­ның королін кор­руп­ци­о­нер қылып алды.

Сон­ды­қтан Назар­ба­ев­ты ешқан­дай халық кешір­мей­ді. Ол ойла­ма­сын, туы­ста­ры мен бүгін­гі билік­те оты­рған­дар оны халық кешіреді деп ойла­ма­сын. Егер халық кешіретін бол­са, онда бұл елдің зер­десі жой­ы­лға­ны ма?!

– Назар­ба­ев­тың Қауіп­сіздік кеңесі төраға­лы­ғы­нан кет­кені жөнін­де ресми ақпа­рат беріл­ген жоқ қой…

– Ондай ресми ақпа­рат­ты берудің кере­гі жоқ. Тоқа­ев айт­ты ғой: мен енді пре­зи­дент ретін­де Қауіп­сіздік кеңесін бір­ге басқа­ра­мын деп. Одан артық не ақпа­рат керек?

– Прези­дент Тоқа­ев елде­гі жағ­дай жай­лы мәлім­де­ме жаса­ды. Бірақ экс-пре­зи­дент тура­лы ештеңе айтқан жоқ. Ел тыны­шталған­нан кей­ін Назар­ба­ев қай­та айна­лып келуі мүм­кін бе?

– Ешқа­шан қай­та айна­лып кел­мей­ді. Біз Назар­ба­ев­тың істе­ген қыл­мысын жиыр­ма жыл бойы айтып келе­міз, соны халы­ққа жари­я­ла­у­ға Қасым-Жомарт Тоқа­ев­ты мәж­бүр­леу керек. Осы­дан кей­ін шын­ды­қты айт­сын. Іс қозға­сын, мұны­мен тер­ге­ушілер шұғыл­да­нуы керек. Кор­руп­ци­о­нер ретін­де, ұрлы­қ­шы ретін­де ол жаза­ға тартылады.

Бұғанға дей­ін де біздің билік нешетүр­лі қитұрқы­лы­ққа барған, оны бәрі­міз біле­міз. Ел тыны­шта­лып, қал­пы­на оралған­да, Назар­ба­ев келіп қал­са, не істеу керек?

– Халық сол сағат­та-ақ алаң­дарға шығуы керек. Елдің пре­зи­ден­тін мәж­бүр­леу керек, халы­қтың алды­на шық­сын да айт­сын: мен Назар­ба­евқа іс қозғай­мын, оны жаза­лай­мын, ұрлаған ақша­сы­ның бәрін қай­та­ра­мын, халы­қтың игілі­гіне жұм­сай­мын деп. Одан басқа жол жоқ.

Назар­ба­ев­тың жақын­да­ры­ның, отба­сы­ның бай­лы­қта­ры тура­лы көп айты­ла­ды. Сол бай­лы­қты елге қай­та­ру­дың мүм­кін­ді­гі бар ма?

– Шетел­ге шығарған бай­лы­қтар­дың бар­лы­ғы ашық, оны тауып алу оп-оңай. Шетел­дер­де­гі актив ашық бола­ды, оны жасы­рып қала алмай­сың. Сон­ды­қтан уақы­ты кел­ген­де халы­қтың ыры­сы­нан жырып алған бар­лық бай­лы­қта­рын қай­та­руға күш сала­тын бола­мыз. Бұл іспен Әке­жан Қажы­гел­дин мен Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­ның шетел­дік бюро­сы қазір­дің өзін­де айна­лы­сып жатыр.

Бұл отба­сы елде­гі «нал» деп ата­ла­тын «тірі» ақша­ның бар­лық көзін басып алған. Мәсе­лен, елде­гі банк­тер­ді айт­паған­да, Болат Назар­ба­ев пен Дариға Назар­ба­е­ва еке­уі арақ шыға­ра­тын өндірісті бөліп алған. Басқа биз­нес­мен бұл салаға кіре алмай­ды. Мен жай ғана бір биз­не­стің сала­сын айтып отыр­мын. Алма­ты­ның бар­лық базар­ла­ры мен бара­хол­ка­сы назар­ба­ев­тар­дың мен­ші­гін­де. Халық жылап-еңіреп солар­дан бес тиы­нын тауып жүр. Міне, бұлар­дың халы­ққа істе­ген «жақ­сы­лы­ғы». Бұл халы­ққа жасаған қастан­дық. Осы қастан­ды­қтың бәріне Назар­ба­ев­тың семья­сы түгел жау­ап беруі керек.

Пре­зи­дент Тоқа­ев рефор­ма жасай­мын деді. Оның қан­дай рефор­ма жаса­уы мүм­кін? Бүгін­гі шу шыға­рып жатқан сай­лау тура­лы, митинг тура­лы заңға рефор­ма жасай ала ма?

– Ол жаса­уға мәж­бүр бола­ды. Неге десеңіз, қазір бар­лық мәсе­ленің беті ашыл­ды. Егер қазір Қасым-Жомарт Тоқа­ев пре­зи­дент ретін­де рефор­ма жаса­май­тын бол­са, оны ешкім кешір­мей­ді. Ол ең бірін­ші сая­си рефор­ма жаса­уы керек. Халы­қтың бетін адал­ды­ққа, шын­ды­ққа бұруы керек. Ал ол үшін әділ сай­лау өткі­зу керек. Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның басын­да Берік Има­шов деген оңбаған отыр, оны қуу керек.

Сон­ды­қтан елде­гі жағ­дай­дың бәрін орны­на кел­ті­ру үшін, көп жұмыс істеу керек. Сая­си рефор­ма керек. Эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­ны қай­та­дан қарап, оны тоқтат­пау керек. Қаза­қтың бай мем­ле­кетін қай­та­дан орны­на қалып­та­сты­ру керек.

Егер Назар­ба­ев­тың ұрлық жасаған жолы­мен, оның кор­руп­ци­я­лық, сая­си ұрлық бағы­ты­мен Тоқа­ев та жүретін бол­са, оның пре­зи­дент­тік қыз­меті көп­ке созыл­май­ды. Халық оны сая­си тез шешеді. Халық қазір ашын­ды, оның беті ашыл­ды. Халы­қ­пен ақыл­да­сып, елде жедел түр­де сая­си өзгеріс жаса­май­тын бол­са, Тоқа­ев осы пре­зи­дент­тік мерзі­мінің аяғы­на дей­ін жет­пей қалады.

Елдің көп талқы­лап жатқан тақы­рып­та­ры­ның бірі Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің бірін­ші орын­ба­са­ры Самат Әбіш тура­лы. Екін­ші тақы­рып – елдің бей­біт шеруін билік­тің өз пай­да­сы­на пай­да­ла­нып кетуі. Елде­гі қан­тө­гісті содыр­ларға, тер­рор­шы­ларға жауып жатыр. Сол сыр­тқы күш­тер­ді мем­ле­кет­тік қауіп­сіздік орган­да­ры білуі керек еді ғой…

– Мұн­дай қатер­дің бола­рын біз бай­қап, алдын ала тәу­ел­сіз бас­пасөз арқы­лы айтып отыр­дық. Бірақ оған ешкім құлақ аспа­ды. Рас, Қауіп­сіздік коми­теті бүгін­де немен шұғыл­да­нып отыр? Елде уаха­бит­тік-сала­фит­тік ағым күшей­іп бара жатқа­нын Коми­тет біл­меді ме? Осы экс­тре­ми­стік күш­тер­дің орны­ғып, ешқан­дай шек­те­усіз дамуы­на Кәрім Маси­мов пен Самат Әбіш «кры­ша» бол­ды. Ал ол еке­уінің үстін­де тұрған – Назар­ба­ев. Уаха­бит­тер мен сала­фит­тер­ді Назар­ба­ев­тың айтуы­мен өсір­ген – сол еке­уі. Жалған қоғам­дық бір­ле­стік­тер құрып алған Қай­рат Саты­бал­ды сырт­тан әре­кет етті. Бұлар­ды соңғы жиыр­ма жыл бойы дай­ын­да­ды. Сол кез­де­гі жиыр­ма­дағы жас жігіт­тер өсіп, бүгін­де сақал­да­ры сап­сиған тер­рор­шы болып шыға келді!

Назар­ба­ев­тың отба­сы елден қашып кет­ті деп жатыр. Ал Маси­мов елде ме?

– Маси­мо­вты қамауға алды. Назар­ба­ев­тың жасаған қыл­мысын осы Маси­мов сияқты қол­шоқ­пар орын­да­у­шы­ларға жабу баста­ла­ды. Егер бұл опе­ра­ци­я­лар­дың артын­да Кремль мен Путин­нің тұрға­ны нақ бол­са, Тоқа­евқа Назар­ба­ев­ты қорға­шта­удың бар­лық қысы­мы жасалады.

Осын­дай қысы­л­та­яң жағ­дай­да қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кері ретін­де Тоқа­евқа қан­дай кеңес айтар едіңіз? Ең алды­мен халы­ққа не дейсіз?

– Халы­ққа, елге айта­рым – тер­рор­шы­лар­дың да әке-шеше­сі бар. Әке-шеше­сін тың­да­ма­са, олар адам емес – айу­ан. Сон­ды­қтан олар­ды әке-шеше­сі, туған-туы­сы қой­ғыз­сын! Ол – бір.

Екін­ші­ден, мынау тер­ро­ризмді, бұза­қы­лы­қты тоқта­ту үшін, билік қоғам бел­сен­ділерінің бәрін осы жұмысқа тар­туы керек. Ұлт жана­шыр­ла­ры ұсы­ны­ста­рын енгіз­сін. Ал билік соны ескеріп, жос­пар­лы бағ­дар­ла­ма қабыл­да­уы керек. Бұдан басқа жол жоқ.

Мыса­лы, дамы­ған мем­ле­кет­те не бар? Пар­ла­мент бар – бақы­лай­ды. Тәу­ел­сіз медиа бар – бақы­лай­ды. Пар­ти­я­лар бар – бақы­лай­ды. Ал біз­де не бар? Ештеңе жоқ қой! Назар­ба­ев жат дегенін – жатқы­за­ды, тұр дегенін – тұрғы­за­ды, өлтір дегенін – өлтіреді. Біз осы­лай 30 жыл­ды жоғалт­тық. 30 жылы­мыз ешқан­дай нәти­же­сіз, жел­ге ұшып кет­ті. Назар­ба­ев­тың 30 жылғы билі­гі масқа­ра сорақы­лы­қ­пен аяқталды!

Ал егер Тоқа­ев мыр­за осын­дай тәу­ел­сіз инсти­тут­тар­ды қалып­та­стыр­май­тын бол­са, тарих­та өте жаман аты­мен қала­ды. Біз­де Тоқа­ев кор­руп­ци­о­нер емес деген сенім бар. Болып жатқан жағ­дай­ды түзей­ді деп ойлай­мын. Ең әуелі Назар­ба­ев пен оның әулетінің қар­жы­сын мем­ле­кет­ке қай­та­ру керек. Әйт­пе­се олар сол ақшаға қай­та­дан тер­рор­шы­лар дай­ын­дай­ды. Олар қазір де мем­ле­кет­ті қалай сүрін­діруді ойла­сты­рып отыр.

– Кеше тағай­ын­далған Қаза­қстан үкі­метінің жаңа пре­мьер-мини­стрі тура­лы қан­дай пікір айтар едіңіз? Жал­пы, Әли­хан Смай­ы­лов деген кім?

– Әли­хан мыр­за­ның кім екені маған қызы­қты емес. Ерекшелі­гі сол – Назар­ба­евқа жаға біл­ді. Үкі­мет­те­гі көп мене­джер­лер­дің біре­уі ғана. Мәсе­лен, кезін­де­гі Әке­жан Қажы­гел­дин­нің бір ора­мы­на тұр­май­тын пре­мьер бола­ры­на сенімдімін.

Осы тағай­ын­да­уға қарап, мына­дай тұжы­ры­мға кел­дім: кезін­де Назар­ба­ев­тың ықпа­лы­мен өскен, бұры­нғы үкі­мет­тің құра­мын­да ешқан­дай ерекшелі­гі­мен таныл­маған тұлға­ның пре­мьер болуы пре­зи­дент Тоқа­ев­тың өзін­дік эко­но­ми­ка­лық коман­да­сы жоқ па деген ойға негіз бола­тын сияқты.

– Ал қоғам мен билік­тің ара­сын­да теке-тірес туған осы­нау шақты сіз үкі­мет­тің құра­мын­да кім­дер болуы керек деп ойлайсыз?

– Егер дәл осы жолы үкі­мет басы­на Ораз Жан­до­сов неме­се Мұх­тар Жәкі­шев сияқты таны­мал және про­фес­си­о­нал тұлға тағай­ын­далған­да, пре­зи­дент Тоқа­ев ұсы­нған эко­но­ми­ка­лық блок­тың нәти­же­сіне қоғам мен халы­қтың сені­мі нығая түсер еді. Сол сияқты жаңа үкі­мет­тің құра­мын­да Арман Шора­ев пен Бар­лық Меңдіға­зи­ев сияқты әрі пат­ри­от, әрі білік­ті аза­мат­тар болған­да, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың жаңа баста­ма­ла­ры баян­ды болар еді. Енді болар іс – бол­ды. Күтей­ік! Үміті­міз үзіл­ме­ген халы­қ­пыз ғой…

– Бал­таш аға, елде­гі соңғы жағ­дай­лар­ды еске­рер бол­сақ, мерзі­мі­нен бұрын пар­ла­мент­тік сай­лау өтуі мүм­кін бе?

– Мүм­кін ғана емес, сай­лау мін­дет­ті түр­де өтуі тиіс! Елге еш пай­да­сы тиме­ген назар­ба­ев­тық пар­ла­мент­ті қуу керек. Жаңа пар­ла­мент әділ сай­ла­удың негізін­де қоғам өкіл­дерінің толық қаты­су­мен өтуі тиіс. Ол үшін сай­лау тура­лы заң­на­ма­ларға тиісті өзгерістер енгізілуі керек. Тір­кеу про­цесі­нен өте алмай жүр­ген пар­ти­я­лар тір­ке­у­ге алы­нуы қажет. Жаңа пар­ла­мент­те аза­мат­тық қоғам­ның толық спек­то­ры қам­ты­луы тиіс!

– Ал сон­да «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның бұдан былай­ғы тағ­ды­ры не бола­ды деп ойлайсыз?

– Бұл пар­ти­я­ны күресін­ге лақты­ра­тын уақыт туды! Менің ойым­ша, пре­зи­дент Тоқа­ев­ты төраға­лы­ққа сай­лай­тын алдағы съез­де «Нұр Отан» пар­ти­я­сы тарқап, билік пар­ти­я­сы жаңа­ша ата­у­мен жаңа­руға тыры­са­ды. Бірақ бұл өзгеріс тағы да көз­бо­я­у­шы­лы­қ­пен өте­ді деп ойлай­мын. Себебі елде ұзақ жыл­дар бойы қалып­тасқан қасаң бюро­кра­тия мен назар­ба­ев­тық режим бұл пар­ти­я­ны бұры­ла алмай­тын өгіз­ге айнал­ды­рып жібер­ді. Ал «өк» деген­нен басқа­ны түсін­бей­тін өгіз­ден не күту­ге болады?

– Енде­ше мұн­дай жағ­дай­да сіз жетек­шілік ететін «Ел мен Жер» қозға­лы­сы пар­ти­яға айна­лу­ды ойла­сты­рып оты­рған жоқ па?

– Жақ­сы сұрақ. Біз қозға­лы­сты пар­ти­яға айнал­ды­ру транс­фор­ма­ци­я­сын ойла­сты­ру­ды қолға алдық. «Ел мен Жер­дің» осы дүй­сен­бі күні өткен төралқа оты­ры­сын­да бұл мәсе­ле сөз бол­ды. Бірақ қалай болған­да да, ең алды­мен елде­гі сая­си пар­ти­я­лар тура­лы заң­на­ма­ларға өзгеріс енгізіл­мей, пар­тия құру мәсе­лесі оңай бол­май­ды. Сон­ды­қтан бүгін­гі пар­ла­мент халық алдын­да ақта­луы үшін, демо­кра­ти­я­лық қаты­на­стар­ды қалып­та­сты­руға ықпал ететін тиісті заң­на­ма­лық құжат­тарға шұғыл өзгерістер енгіз­луі тиіс деп ойлаймын.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рақ­мет, Бал­таш аға! Істеріңіз ілгері болсын!

Қой­шы­бек МҮБАРАК, QazaqTimes

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн