Пятница , 4 июля 2025

«LRT» ЖОБАСЫ тағы да миллиардтарды ЖАЛМАЙТЫН БОЛДЫ

  • Аста­на­дағы LRT құры­лы­сы­на күз­де қосым­ша 20 млрд тең­ге бөлін­ді деп, пре­мьер-министр Әли­хан Смай­ы­ло­втың кеше пар­ла­мент мәжілісін­де жасаған сөзіне сіл­те­ме жасап Қаз­ТАГ хабарлады.

«Шынын­да да, біз бұл жоба­ның бола­шақ тағ­ды­ры­ның нұсқа­ла­ры тура­лы көп талқы­ла­дық. Осы жоба­ны одан әрі дамы­ту­дың түр­лі схе­ма­ла­рын, түр­лі нұсқа­ла­рын зер­де­лей келе, біз халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар­дың пікірін, жұрт­шы­лы­қтың пікірін еске­ре оты­рып, осы жоба­ны жүзе­ге асы­ру­ды жалға­сты­ру және аяқтау қажет деген ортақ пікір­ге кел­дік. Бірақ бір­ша­ма оңтай­лан­ды­ры­лған пішін­де. Қазір бұл жоба­ны қар­жы­лан­ды­рып жатыр­мыз. Күз­де құры­лы­сты жалға­сты­ру үшін қосым­ша 20 мил­ли­ард тең­ге бөл­дік», – деді Смай­ы­лов мәжіліс отырысында.

Оның айтуын­ша, бұл қар­жы игеріліп жатқан­ды­қтан, біз олар­ды дамы­ту­дың тиім­ділі­гін, осы жоба аясын­да тұрған мақ­сат­тар мен мін­дет­тер­дің орын­да­луын қарас­ты­ра­мыз. «Бұдан кей­ін бұл жоба­ны жос­пар­ланған көлем­де аяқтау үшін, кезең-кезеңі­мен қосым­ша қара­жат бөлі­нетін бола­ды», – деп мәлім­деді Смайылов.

Пре­мьер-министр Смай­ы­ло­втың LRT жоба­сын «халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар мен жұрт­шы­лық пікірін еске­ре оты­рып жалға­сты­ра­тын бол­дық» деген пікірі шын­ды­ққа жана­спай­ды. Бірін­ші­ден, пре­мьер­дің сөзін­де­гі «халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар» бір мил­ли­онға толар-тол­мас халқы бар қала үшін мұн­дай аспа­лы жол қажет емес және бұл жоба осы­ған сәй­кес әлем­дік құры­лы­стан бір­не­ше есе қым­батқа түсіп отыр деп, әлдеқа­шан өз баға­сын беріп қойған.

Соған қараған­да, Смай­ы­ло­втың «халы­қа­ра­лық сарап­шы­сы» – экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев екенін болжау қиын емес. Өзі­нен мұраға қалған және жоба­дағы «өз үлесін» күнібұрын бөліп алған «елдің басы» Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на әлі күн­ге дей­ін ықпа­лын жүр­гізіп отыр деген жоралғы­ны жоққа шыға­руға болмайды.

Екін­ші­ден, LRT жоба­сын жүзе­ге асы­руға «жұрт­шы­лық пікірі» ескеріл­ді деген пре­мьер­дің пәтуа­сыз пай­ы­мы – қып-қызыл өтірік. Себебі Қаза­қстан қазы­на­сы­на қыру­ар шығын әкел­ген және жуық жүз жыл­да қай­та­ры­мы бол­май­тын бұл жобаға жұрт­шы­лық әу баста қар­сы болған.

Соңғы уақыт­та LRT жоба­сы тоқтаған кез­де бұл аспа­лы жол­дың жұмысын доға­ру ел бюд­жеті үшін арза­нға түседі деген пікір­лер болған. Расын­да да, бұл бетон баға­на­лар­ды елде ширек ғасыр үстем­дік еткен авто­ри­та­ризм мен волюн­та­риз­мнің куәсі ретін­де ескерт­кіш­ке қал­ды­ру – кей­ін­гі ұрпақтың зер­десі мен халы­қтық қазы­наға қолай­лы болар еді…

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн