Пятница , 4 июля 2025

ҚАҢТАРДА АЗАП ШЕККЕНДЕР кінәлілерді жазаға тартуды талап етті

  • Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін нақақ жала­мен қамауға алы­нып, «СИЗО»-да азапталған бір топ аза­мат 14 наурыз күні бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізіп, кінәлі поли­цай­лар­ды жаза­ға тар­ту­ды талап етті.

Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін қызған үтік­пен азапталған Аза­мат Батыр­ба­ев­тың (сурет­те – оң жақтан екін­ші) ісі бой­ын­ша бір күдік­ті қамауға алы­нған еді. «Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін мені азаптаған­дар бой­ын­ша қыл­мыстық іс қозғалға­ны­на бір жыл­дан асып кет­се де, әлі күн­ге дей­ін істің анық-қаны­ғы­на жет­пе­дік», – деді бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да Аза­мат Батырбаев.

«Мені азапта­ды деп арыз жаз­дым. Бірақ про­ку­ра­ту­ра бір адам­ның ары­зы аз екенін айтып, күдік­ті­ге қаты­сты үш адам арыз жазуы керек деді. Қара­пай­ым халық бір адам­ды ұрса, сол күні жаза­сын ала­ды. Ал біз­ге жет­кіліксіз дей­ді. Азаптаған­дар жаза­сын алса екен», – дей­ді ол.

Еске сал­сақ, Аза­мат Батыр­ба­ев Тал­ды­қорған­да Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін «жап­пай тәр­тіп­сіздік­ке қаты­сты» деген күдік­пен қамауға алы­нған бола­тын. Кей­ін ол өз «кінәсін мой­ын­дап», тер­ге­умен келісім­ге кел­гені хабар­ланған еді, деп жаза­ды «Азаттық». Осы­дан соң Тал­ды­қорған қала­сы­ның соты оны 4,5 жыл шар­тты жаза­мен босатқан.

Батыр­ба­ев­тың адво­ка­ты Жалғас Сапар­ха­но­ва­ның айтуын­ша, азапталған­дар ісі бой­ын­ша дәлел жет­кілік­ті бол­са да, тер­геу шек­тен тыс созы­лып кет­кен. «Қыл­мыстық іс қозғал­ды, бірақ соңы­на дей­ін жет­пе­ді. Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гі­нен, Бас про­ку­ра­ту­ра­дан қыл­мыстық істер­ді соңы­на дей­ін әділ, заң­ды қара­уды, істі сотқа жібе­ру­ге ықпал етуді сұрай­мыз», – деді ол.

Жәбір­ле­ну­шілер­дің бірі Асхат Ақа­шев поли­ция депар­та­мен­тін­де аяу­сыз азап көр­сет­кен қыз­мет­кер кім екенін әлі күн­ге дей­ін біл­мей­ді. Жәбір­ле­ну­ші өздерін ұрып-соққан басқа да поли­ция қыз­мет­кер­лері жұмыстан кет­сін деп талап етті.

«Мені тер­ге­ушінің каби­нетін­де бел­гісіз бір адам темір қалқан­мен ұрып-соқты. Ол адам­ның аты-жөнін біл­мей­мін. Қыз­мет­кер­лер оны таны­ға­ны­мен, мой­ын­да­май тұр. Мені ұрған адам кім екенін айт­са екен неме­се оны танып беру­ге мүм­кін­дік бер­се екен», – деді Ақашев.

Тал­ды­қорған­дағы дүр­бе­лең кезін­де Жақ­сы­лық Совет­бе­ко­втің көлі­гі каме­раға түс­кен, кей­ін поли­ция оны тер­ге­у­ге шақы­рған. Тер­ге­уден кей­ін Совет­бе­ко­втің төс сүй­е­гі мен тоғыз қабы­рға­сы сынған. Аяу­сыз соққы­ға жығы­лған Жақ­сы­лы­қтың ісі бой­ын­ша құқық қорғау орга­ны­ның бір қыз­мет­кері қамауға алы­нған, ал біре­уі бостан­ды­қта жүр. Ол «істі тоқта­ту үшін әлдекім­дер көлік ұсы­нға­нын» айта­ды, деп жаза­ды «Азаттық».

«Біре­улер арқы­лы ұсы­ны­ла­ды, бірақ кім үшін екенін айт­пай­ды. Мен «керек емес» дедім. Жұмысы­ма орна­ла­сты­рып, ден­са­улы­ғым­ды түзеп бер­сін, басқа ештеңе керек емес. Төрт балам бар, қазір жұмыс­сыз­бын», – деді ол.

Биыл 10 ақпан­да Тал­ды­қорған қала­лық сотын­да Қаңтар оқиға­сы кезін­де ұсталған­дар­ды азапта­ды деп күдік­ке ілін­ген бес ада­мға сот үкі­мі шығып, олар төрт жылға дей­ін бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лған. Бәрі Қыл­мыстық кодекстің «азаптау» бабы (146-бап­тың 2‑бөлігі) бой­ын­ша айып­талған. Айып­та­лушы­лар­дың бар­лы­ғы шені­нен айы­ры­лып, оларға үш жыл құқық қорғау жүй­есін­де және мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жұмыс істе­у­ге тый­ым салын­ды. Сот ісіне 23 адам жәбір­ле­ну­ші ретін­де қатысқан.

Кемін­де 238 адам­ның өмірін қиған Қаңтар оқиға­сы кезін­де және одан кей­ін «қамау орын­да­рын­да азаптал­дым» деген жүз­де­ген адам құқық қорғау орган­да­ры­на шағым түсір­ген. Бірақ мұн­дай істің көбі жабы­лып қалған еді. Бас­пасөз мәли­ха­ты­на қаты­су­шы спи­кер­лер поли­ци­я­ның жазы­қ­сыз аза­мат­тар­ды азапта­уы­на қаты­сты істі қай­та­дан қарап, әділ жаза тағай­ын­да­луын талап етті.

ДАТ-информ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн