Пятница , 4 июля 2025

LRTБЮДЖЕТТІҢ ЖАҢА СОРҒЫШЫ

  • Аста­на­дағы LRT онсыз да дефи­цит­тен көз ашпай­тын Қаза­қстан бюд­жетін әбден зорықтырмақ.

2023 жылы LRT құры­лы­сын жалға­сты­руға рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен 50 мил­ли­ард тең­ге бөлу жос­пар­лан­ды. Бұл шешім рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет комис­си­я­сы­ның оты­ры­сын­да бекітіл­ді. Енді жоба Пар­ла­мент қара­уы­на ұсы­ны­луы керек, бірақ мәжіліс құра­мы дай­ын емес. Сон­ды­қтан жоба сай­ла­удан кей­ін талқы­ға түседі. Жос­пар бой­ын­ша осы сәуір айын­да әкім­дік­ке ақша ауда­ры­луы тиіс.

Қазір тұрған LRT баған­да­рын орна­ту үшін 475 мил­ли­он дол­лар кет­ті. Ол Қытай­дан қары­зға алы­нған ақша. Мем­ле­кет ай сай­ын осы кре­дит­ті төлеп отыр. Оны­мен қой­май, LRT-ға өткен жыл­дың соңын­да 1 мил­ли­ард дол­лар­дан астам қар­жы бөлін­ген еді. Енді 580 мил­ли­он дол­лар қажет. Сон­да шама­мен төлеп жатқан қары­здан бөлек 700 мил­ли­ард тең­ге кете­ді. Қар­жы осы­лай 50 мил­ли­ард тең­ге болып жырым­дап беріліп оты­ра­ды. Ал LRT-ның өзі 2024 жылы дай­ын болуы тиіс.

Шығын мұны­мен біт­пей­ді. Себебі LRT кіріс әкел­мей­тін транс­порт­тық жоба. Оның жүріс-тұры­сы: тех­ни­ка­сы, вагон­да­ры, құрал-сай­ман­да­ры, тоқ, ком­му­нал­ды шығын­дар, қыз­мет­кер­лер­дің жалақы­сы – осы­ның бар­лы­ғын Аста­на әкім­ді­гі суб­си­ди­я­лап оты­ра­ды. Жыл сай­ын кем деген­де 20 мил­ли­ард тең­ге шығын әкеліп отырмақ. 

Аста­на халқы­на оның пай­да­сы бар ма?

Дәл қазір­гі жағ­дай­ын­да, яғни бірін­ші кезеңнің марш­ру­тын­да дым пай­да­сы жоқ. Аста­на­да есі дұрыс адам әуе­жай мен жаңа «Нұр­лы жол» вок­за­лы­ның ара­сын­да жүр­мей­ді. Аста­на тұрғын­да­ры­на оң жаға­лау мен сол жаға­ла­уды жалға­сты­ра­тын, одан әрі қарай Қос­шы жаққа бара­тын LRT керек. Себебі таңғы мен кеш­кі уақыт­тар­да осы бағыт­та көлік кеп­телісі­нен көз ашу мүм­кін емес. Оның бәрі LRT-ның тек екін­ші кезеңі­нен бастап жос­пар­ланған. Яғни, егер мил­ли­ард дол­лар­лап үздіксіз ақша құй­ған жағ­дай­да Аста­на тұрғы­ны оң жаға­ла­удан сол жаға­ла­у­ға ЛРТ-мен тек 2030 жыл­да­ры ғана бара алады.

Соны­мен, қор­тындысы не бол­ды? Бір трил­ли­он тең­ге жұм­сап салған LRT Аста­на­ның қара­пай­ым тұрғы­ны­на керек емес болып шыға­ды. Одан кей­ін, ЛРТ аста­на­лы­қтарға шын қажет болуы үшін (оң жаға­лау – сол жаға­лау) тағы 1 трил­ли­он тең­ге жұм­сау керек болады.

Сон­да бір LRT бүкіл Қаза­қстан халқы­ның бір жыл­дық пен­си­я­сы­мен теңеспек.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн