Четверг , 8 мая 2025

Азап пен қорлықтан ҚҰТҚАРЫҢЫЗ!

  • Мен – Әли­асқа­ров Бауы­р­жан Тоқтар­бекұ­лы Қаңтар оқиға­сы­ның жазы­қ­сыз құр­ба­ны ретін­де таны­мал құқы­ққорға­у­шы Бақыт­жан Төреғо­жи­на ханы­мға «ДАТ» газеті арқы­лы арыз жол­дай­мын. Маған ара­ша түсу үшін, іске ара­ла­суы мүм­кін тәу­ел­сіз құқыққорға­у­шы­ларға жағ­дай­ды тәп­ті­ш­теп жазып отыр­мын (қаз-қал­пын­да – Ред.).

Қаңтар оқиға­сы кезін­де мені көше­ден ұстап әкет­кен «опер­лер» доку­мент­терін көр­сет­пе­ді. Боқтап, ұрып-соғып, маши­наға салып алды. Содан Іле ауда­ны­на алып кел­ді. Мұн­дағы тер­ге­ушілер маған жоқ жер­ден іс қозғап, «телес­ный осмотр­дан» өткізді, дәрі­гер көз­ге көрі­нетін ешқан­дай жарақат тапқан жоқ. Өйт­кені мені ұстаған «опер­лер» басым­нан, бүй­ре­гім­нен ұрған еді.

Содан мені Тал­ды­қорған қала­сы­на апа­ру үшін жолға шықтық. Жол бойы поли­цей­лер мені боқтап, пси­хо­ло­ги­я­лық қысым көр­сетіп кел­ді. Жол­да тоқтап, тағы да бүй­ре­гім­нен ұрды. Мені Тал­ды­қорғанға алып кел­ген соң, бір ғима­ратқа кір­гізді. РВД болуы әбден мүм­кін, пост­та фор­ма киген бір мили­ция қыз­мет­кері тұрды.

Пост­тан өткен соң, солға бұры­лып, соңғы каби­нет­ке кір­гізді. Біз­бен бір­ге тағы екі фор­ма­сыз, жәй киім киген адам кір­ді. Сол каби­нет­те біз­бен кір­ген адам­ның біре­уі мені алып кел­ген­дер­ге кісен­ді артқа сал деп бұй­ыр­ды. Олар қолым­ды артқа қай­ы­рып, кісен сал­ды. Әлгі фор­ма­сыз адам мені басы­ма, жағы­ма, бүй­ре­гім­нен, ішім­нен ұрып, теп­ті. Мен жер­ге құла­дым, ол басым­ды аяғы­мен мыжып, тебе баста­ды, мен есім­нен айы­ры­лып қалдым.

Бір есім­ді жина­сам, орын­ды­қта отыр екем. Менен митинг және қару-жарақ жай­лы сұрай баста­ды. Мен қару алма­дым, бірақ бей­біт митин­гі­ге қаты­стым дедім. Онда пока­за­ниені былай бересің деп, менің сөзім­ді бұр­ма­лап, өзі құра­с­ты­рып жаза баста­ды. Мен олай емес деп едім,басыма пла­стик дор­ба кигізіп, қабы­рғам­нан ұрды. Мен тағы есім­ді жоғалт­тым. Осы­лай екі-үш мәр­те қай­та­ла­ды. «Егер тер­ге­уде біздің айтқа­ны­мы­зды айт­па­саң, түр­ме­де өлтіре­міз» деді.

Ақы­ры қор­лық пен азапта­уға шыдай алмай, мен көн­дім. Менің бер­ген пока­за­ни­ем жар­ты­сы жалған, солар­дың айт деген­дері. Мені азаптау бір жарым сағатқа жалға­сты. Кей­ін­нен азапта­у­шы­ларға қаты­сты 146-бап­пен іс қозғалған еді. Бел­гісіз себеп­тер­мен іс тоқтап тұр. Мен олар­ды таны­ған­мын және қазір де танып бере аламын.

Енді про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кер­лері қия­ли ерте­гілер құра­с­ты­рып, маған жалған айып тағу­да. Менің 5 қаңтар күні бей­біт митин­гі­ге шыққа­ным рас. Себебі – мен­де не жер жоқ, не үй жоқ, әйелім, 4 балам бар. Мені азаптаған кез­де қабы­рғам­ның сынға­ны кей­ін анықталды.

Құр­мет­ті Бақыт­жан ханым! Қаңтар оқиға­сы­на бай­ла­ны­сты істер­ге тіке­лей ара­ла­сып жүр­ген тәу­ел­сіз құқы­ққорға­у­шы ретін­де менің ісі­ме (ст. 272‑І, ІІ, ІІІ) ара­ла­суы­ңы­зды сұрай­мын. Маған адво­кат және юри­ди­ка­лық көмек керек.

Мені мынау қор­лық пен азаптан құтқа­ры­ңыз! Сіз­ден жау­ап күтемін.

Құр­мет­пен, Бауы­р­жан Әли­асқа­ров, Тал­ды­қорған қала­сы, сч/16 мекемесі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн