Пятница , 9 мая 2025

РЕСЕЙДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАСІРЕТТЕН ҚҰТҚАРАЙЫҚ!

Айдын Рахым­ба­ев­тың аза­мат­тық үнде­уін қолдайық!

Укра­и­на­дағы соғы­стан жеңі­ле бастаға­нын сезген агрес­си­я­шыл Путин­нің «жар­ты­лай моби­ли­за­ция» жари­я­лау жөнін­де­гі жар­лы­ғы Ресей­де барын­ша толқу тудыр­ды. Әділет­сіз соғы­стан қашқан, ақы­мақтың амби­ци­я­сы үшін өлгісі кел­мей­тін ресей­лік жастар Қаза­қстанға ағы­лып келу­де. Ресми орган­дар босқын­дар санын дөп басып айта алмай­ды, себебі – екі ел ара­сын­дағы 7,5 мың шақы­рым­дық шека­ра­ның тұс-тұсын тесіп өткен, маң дала­мен маңып қашқан жастар­дың санын­да есеп жоқ.

Бұл екі ара­да Ресей билі­гі окку­па­ци­я­лық соғы­сқа оры­стан өзге ұлт өкіл­дерін әкетіп жатыр деген ақпа­рат­тың ағы­ны қат­ты. Тая­у­да аст­ра­хандық қазақ жаста­рын авто­бу­сқа тиеп жатқан видео әле­умет­тік желілер­дің қаза­қстан­дық сег­мен­тін жарып жіберді.

Міне, Ресей­де­гі мил­ли­он­нан астам қаза­қтың жас буы­нын соғыс пен өлім­нен құтқа­ру үшін, елге таны­мал «BI» құры­лыс ком­па­ни­я­лар тобы дирек­тор­лар кеңесінің төраға­сы Айдын Рахым­ба­ев әле­умет­тік желілер арқы­лы үндеу жари­я­ла­ды. Онда хол­динг­тің қожай­ы­ны не деді? «Фейс­бук­тен» көшіріліп, қаз-қал­пын­да жари­я­ла­нып оты­рған жаз­ба­сын оқыңыз:

Қан­дас бауырлар!

Соңғы күн­дері көр­ші елде орын алып жатқан жағ­дай­лар біз­ге де ауыр тиіп жатыр. Әскер­ге жұмыл­ды­ру деген сұм­дық нәр­се ғой! Әсіре­се май­данға Орын­бор, Омбы, Аст­ра­хан өңлерін­де­гі жүз­де­ген бауы­ры­мы­зды да алып кетіп жатыр екен. Жасын да, кәрісін де. Обал-ай! Кет­кен­дер­дің көбісі аман кел­мей­тіні анық қой…

Сон­ды­қтан біз – бір топ жігіт­тер – әскер жасын­дағы /соғыстан қашқан/ қан­дастарға Аста­на мен Аты­ра­удағы жатақ­ха­на­лар­дан орын мен тамағын беріп, көмек­те­сей­ік деп шештік. Елге қарай жет­се бол­ды ғой…

Осын­дай қиын жағ­дай­дағы бауыр­ла­ры­мыз бол­са, менің «Фейсб­ку­те­гі» мес­сен­джері­ме хабар­лас­сын. Қажет­ті ақпа­рат­ты жібереміз.

Айдын Рахым­ба­ев

Айдын­ның аза­мат­тық баста­ма­сы Қаза­қстан­да кеңі­нен қол­дау табу­да. Оны қол­да­у­шы­лар тобы «Фейс­бук­те» былай деп жазады:

Ува­жа­е­мые этни­че­ские Каза­хи Рос­сии!

Меце­нат Айдын Рахим­ба­ев заявил о готов­но­сти помочь этни­че­ским каза­хам Рос­сии. Вам доста­точ­но пере­сечь гра­ни­цу. Будут предо­став­ле­ны обще­жи­тия в горо­дах Аты­рау и Аста­на, обес­пе­че­ны пита­ни­ем, рабо­той. Кон­так­ты +7–777-198‑1313, Айша (НАО «Фонд Отандастар»).

Кон­так­ты Цен­тра инфор­ма­ци­он­ной под­держ­ки этни­че­ских каза­хов за рубе­жом и Қан­дастар, при­быв­ших в Казахстан: 

1. 1404 (звон­ки для всех казах­стан­ских мобиль­ных опе­ра­то­ров осу­ществ­ля­ют­ся бесплатно);

2. 8 800 080 1404 (звон­ки с город­ских номе­ров по Казах­ста­ну осу­ществ­ля­ют­ся бесплатно); 

3. +77172981404 (звон­ки из-за рубе­жа осу­ществ­ля­ют­ся по став­ке опе­ра­то­ра связи);

4. +7010001404 (WhatsApp, Telegram).

Бұл екі ара­да ҚР Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі Укра­и­на­дағы соғыс пен сая­си жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты мына­дай хабар тарат­ты (Қаз­ТАГ):

Қаза­қстан Укра­и­на­ның төрт облы­сы­ның Ресей­ге қосы­луы тура­лы рефе­рен­дум­ды мой­ын­да­май­ды, деп хабар­ла­ды Қаза­қстан Репуб­ли­ка­сы Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің бас­пасөз қызметінен.

«ЛХР мен ДХР деп өзін-өзі жари­я­лаған мем­ле­кет­тер­дің және Запо­ро­жье мен Хер­сон облы­ста­ры­ның әске­ри әкім­шілік­терінің Ресей­ге қосы­лу тура­лы рефе­рен­дум­дар өткі­зуіне келетін бол­сақ, Қаза­қстан мем­ле­кет­тер­дің аумақтық тұта­сты­ғы, олар­дың еге­мен­дік теңді­гі және бей­біт қатар өмір сүру қағи­дат­та­рын негіз­ге ала­ды», – деп мәлім­деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

СІМ бас­пасөз хат­шы­сы атап өткен­дей, пре­зи­ден­ті­міз бір­не­ше рет, оның ішін­де БҰҰ мін­бері­нен жақын­да ғана сөй­ле­ген сөзін­де осы дүни­е­жүзілік әмбе­бап ұйым­ның Жарғы­сы­на негіз­дел­ген халы­қа­ра­лық құқық қағи­да­тын бұл­жыт­пай сақта­удың маңы­зды­лы­ғы тура­лы мәлім­деді. Жарғы­да БҰҰ-ға мүше елдер­дің бей­біт­шілік пен мем­ле­кет­тер­дің аумақтық тұта­сты­ғын сақтау жау­ап­кер­шілі­гі тура­лы айтылады.

«Біз сая­си диа­лог орна­ту үшін жан-жақты қол­дау көр­се­ту­ге дай­ын екені­мізді тағы да рас­тай­мыз. Бұл рет­те елі­міз тұрақты­лы­қты өңір­лік әрі жаһан­дық дең­гей­де сақта­уды аса маңы­зды мін­дет санай­ды», – делін­ген хабарда.

Құр­мет­ті қазақтар!

Егер сіздің Ресей­де тұра­тын туған-туы­ста­ры­ңыз бол­са, газет­те жари­я­ланған осы хабар­ды шека­ра­ның арғы жағы­на жет­кізу­ге тыры­сы­ңыз! Онсыз да саны аз, әлем­нің түк­пір-түк­піріне тараған қан­даста­ры­мы­здың бір пұшпағын төніп келе жатқан қасірет­тен құтқа­рай­ық! Айдын сияқты қазақ аза­мат­та­ры өз бауыр­ла­рын құшақ жая қар­сы алады!

«DAT» газетінің редакциясы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн