Пятница , 4 июля 2025

Қандастарға ҚАСТАНДЫҚ жасаған кім?

Құрмет­ті пре­зи­дент Қасым-Жомарт Кемелұлы!

«Халы­қты әле­умет­тік қорғау» деген заты бар мини­стр­лік­тің елі­міздің ұлт­тың қауіп­сізді­гіне үлкен қауіп төн­діретін «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы көші-қон сая­са­ты­ның 2023–2027 жыл­дарға арналған тұжы­рым­да­ма­сы» тура­лы дай­ын­даған заң жоба­сы – без­бүй­рек құжат болып шықты. Бұл заң жоба­сы елі­міз­де­гі және шетел­де­гі 5 мил­ли­он­нан аса қан­дастар­дың «Жаңа Қаза­қстанға» деген үмітіне сел­кем түсірей­ін деп тұр.

Бұл заң жоба­сын ҚР Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гі мем­ле­кет­тік «Ашық үкі­мет» (open.gove.kz) пор­та­лы­на салып, 05.09.2022–19.09.2022 ара­лы­ғын­да халы­қтың талқы­ла­у­ы­на ұсы­нған екен.

Осы заң жоба­сы­ның «Этни­ка­лық көші-қон­ды рет­те­уді қай­та ойла­сты­ру» деп ата­ла­тын 4‑бағытында этни­ка­лық қаза­қтар­ды – басқа елдің аза­мат­та­рын Қаза­қстан­ның дамуы­на тар­ту арқы­лы ұлт­тық дәстүр­лер­ді және тари­хи ота­ны­мен эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ны­сты­ру мәсе­лесі көз­деліп­ті. Бірақ ол қазақ халқы­ның мүд­де-мұра­ты­на теріс бағыт­та көз­дел­ген. Мұн­да «қоны­стан­ды­ру өңір­лерін және Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алу үшін, кемін­де 5 жыл тұру мерзі­мін еске­ре оты­рып, «Қан­дас» мәр­те­бесін беру тәр­тібін қай­та қарау керек» деп жазылған.

Құр­мет­ті Пре­зи­дент! Сіздің баста­маңы­з­бен «орал­ман» деген ерсі атау алғаш рет «қан­дас» деген есті ата­уға ауы­сты­ры­лып еді. Сіз әр жолғы Жол­да­уы­ңы­зда «бәсең­деп қалған қан­дастар көшін жан­дан­ды­ру», «қан­дастар­дың аза­мат­тық алуын барын­ша жеңіл­де­ту», «сол­түстік­ке көшіп барған қан­дастар­ды тұрғын үймен қам­та­ма­сыз ету», «қан­дас мәр­те­бесін ұзар­ту», т.б. қол­да­удың нақты шара­ла­рын қолға алу тура­лы тиісті мини­стр­лік­тер­ге нақты тап­сыр­ма бердіңіз.

Соны­мен бір­ге елі­міздің заңын­да көші-қон сая­са­ты­ның негіз­гі қағи­да­ты – ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ деп көр­сетіл­ген. Осы баста­ма­ла­ры­ңы­здың арқа­сын­да қан­дастар­дың тұрақты тұру мерзі­міне қара­ма­стан, Қаза­қстанға кел­ген мезет­тен бастап, тіке­лей аза­мат­тық ала ала­тын, бұры­нғы­дай «сот­ты­лы­ғы тура­лы», алды­мен «Ықти­яр хат» алу сын­ды қағаз­ба­сты­лық қысқа­рып, қысқа уақыт ішін­де жетел­детіл­ген тәр­тіп­пен Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын беру мүм­кін­ді­гі туған-ды.

Енді егер мини­стр­лік ұсы­нып оты­рған құжат заң жүзіне айна­ла­тын бол­са, бұл баста­ма­ла­ры­ңы­здың бар­лы­ғы жел­ге ұшай­ын деп тұр. Сон­да бұл мини­стр­лік­ке кім осын­дай заң жаса­уға тап­сыр­ма бер­ді? ҚР Пре­зи­ден­тінің тап­сыр­ма­сын қасақа­на орын­да­май, оған қар­сы заң шыға­рып, ел заң­на­ма­сын аяққа тап­тай­тын мұн­дай мини­стр­лік­тің көз­де­гені не? Әлде ішкі-сыр­тқы жау анта­лап тұрған қазір­гі қиын сәт­ті пай­да­ла­нып, халы­қтың жаны­на бата­тын, ел-жұрт­ты ашын­ды­ра­тын заң жасау арқы­лы «екін­ші Қаңтар» жасағы­сы келе ме?

Сонау 1956–1962 жыл­да­ры және рес­пуб­ли­ка­мыз тәу­ел­сіздік алған соңғы 30 жыл­да елге кел­ген қаза­қтар­дың саны бүгін­де өскен ұрпағы­мен қосқан­да, шама­мен 3–4 мил­ли­онға жуы­қтаға­нын біле­міз. Сөй­те тұра, мини­стр­лік ұсы­нып оты­рған бұл жоба тек шетел­ден кел­ген қаза­қтар­ды ғана емес, тұтас қаза­қтың ашу-ызыс­ын туды­ру үшін жаса­лып отыр ма?

Құр­мет­ті Пре­зи­дент! Мем­ле­кет­тің басты капи­та­лы – Адам капи­та­лы деген қағи­да барын білесіз. Соның ішін­де «Кісі елін­де сұл­тан болған­ша, өз елің­де ұлтан бол» дей­тін ата­лы сөзді ту еткен, өз елі үшін еңбек ететін, өз Ота­ны­ның пат­ри­о­ты бола­тын, Қаза­қстанға қай­тып жатқан қан­дастар – біздің ең маңы­зды капи­та­лы­мыз. Атал­мыш мини­стр­лік осы капи­тал­дың көзін құрт­пақ па?

Енде­ше ерте­ректе елге ора­лып, өз Ота­ны­на үлес қосып, еңбек етіп жүр­ген аза­мат ретінде:

БІРІНШІ: Аталған заң жоба­сын жасаған, жер-дүни­е­ге шашы­лған қаза­қтың бірі­гуіне, Қаза­қстан­ның демо­гра­фи­я­лық өсуі мен көр­ке­юіне, қаза­қтың ұлт­тық қауіп­сізді­гіне қар­сы болған қас­көй­лер­ді аны­қтап, олар­ды қатаң жаза­лап, бұл заң­ның күшін жоюы­ңы­зды талап етемін;

ЕКІНШІ: 5 жыл­да бір бола­тын, мерзі­мі өтіп бара жатқан Дүни­е­жүзі қаза­қта­ры­ның VI құры­л­тай­ын ашып, без­бүй­рек заң жоба­сы­на қаты­сты жақ ашпаған қауым­да­стық бас­шы­ла­рын орны­нан алып, олар­дың орны­на қан­дастар мәсе­лесінің мән-жай­ын толық білетін, еліне адал, ұлты­на жана­шыр, білік­ті аза­мат­тар­ды тағай­ын­дап, қан­дастар көшін тың­нан жалға­сты­руы­ңы­зды сұраймын!

 Құр­мет­пен, Қыды­рәлі ОРАЗҰЛЫ,

 Қаза­қстан аза­ма­ты, дәрі жасау тех­но­ло­ги­я­сы маманы,

  • Ұлы­бри­та­ния аста­на­сы Лон­дон қаласынан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн