Четверг , 3 июля 2025

Рысбек Сәрсенбайұлы: Парламенттің сайлауы ҚАЙТАДАН ӨТКІЗІЛСІН!

  • Мен, Пар­ла­мент мәжілісінің депу­тат­ты­ғы­на Алма­ты облы­сын­дағы № 11 сай­лау окру­гі бой­ын­ша кан­ди­дат Сәр­сен­бай Рыс­бек, 2023 жылғы 19 науры­здағы сай­ла­у­ға бай­ла­ны­сты көп­шілік­ке төмен­де­гі жағ­дай­ды мәлімдеймін.

Кезек­тен тыс сай­лау кезек­ті ұрлы­қ­пен, қара­улы­қ­пен, заң­сызды­қ­пен өтті. Бұған Қаза­қстан бой­ын­ша дәлел­дер жет­кілік­ті. Бұл округ­те­гі теңсіздік сай­ла­у­шы­лар­мен кез­де­су кезін­де әкім­дік­тер­дің бел­гілі бір кан­ди­дат­тың шаш­ба­уын көтеріп, қолай­лы ғима­рат­тар бөліп, адам­дар жинап беруі­нен бастал­ды. Дауыс беру­ге қаты­су­шы­лар­дың санын қол­дан көбейт­ті. Оны «Ама­нат» пар­ти­я­сы мен билік­тің өзі қалаған кан­ди­дат­тың пай­да­сы­на бөлді.

Облы­ста сай­ла­у­ға қаты­су­шы­лар­дың негіз­гі көр­сет­кі­ші 10–18 пай­ыз көле­мін­де бол­ды. Алай­да Қона­ев қала­сын­дағы, Талғар аудан­да­рын­дағы кей­бір сай­лау учас­ке­лері бюл­ле­тень алды деген­дер­дің көр­сет­кі­шін 65-тен 96 пай­ы­зға дей­ін өсіріп көр­сет­ті. Соған сәй­кес, билік жақ­тасқан кан­ди­да­ту­раға дауыс бер­ген­дер­дің саны аспанға шықты. Қона­ев қала­сын­дағы ауру­ха­на­ның, әске­ри бөлім­дер­дің 100 пай­ы­зы тек бір ғана кан­ди­датқа қол­дау таны­тқа­ны таң­да­нар­лық жәйт. Бұл қала бой­ын­ша бар­лық сай­ла­у­шы­лар­дың саны 48 502, ал дауыс беру­ге қаты­сты делін­гені – 21 900. Нақты­лы дауыс беру­шілер­дің саны 10 870 адам.

Құзыр­лы комис­сия 11 030 «өлі жан­ды» санаққа қосқан. Сол арқы­лы маған қар­сы­лас жасаған ада­мы­ның, билік пар­ти­я­сы жақ­та­ста­рын рекорд­тық мөл­шер­де көбейт­кен. Осын­дай толып жатқан қол­дан жасалған көр­сет­кі­ш­тер, бұр­ма­ла­у­шы­лы­қтар – жоға­ры­дан түс­кен тап­сыр­ма, нұсқа­удың сал­да­ры екені даусыз.

11-округ­тік сай­лау комис­си­я­сы­ның төрай­ы­мы Әми­ро­ва мәжіліс депу­тат­та­ры кан­ди­да­ты­ның сенім­ді өкіліне, тіп­ті кан­ди­дат­тың өзіне хат­та­ма­лар тап­сы­ры­лған аудан­дар­дың мәлі­метін беру­ден бас тарт­ты. Алай­да бар­лық аудан­дар­дың жинақталған қоры­тындысы шық­пас­тан, хат­та­ма­сы жасал­ма­стан бұрын, кей­бір ақпа­рат құрал­да­рын­да біз­ден жасы­рған деректер хабар­лан­ды. Қоғам­дық пікір­ді алдын ала өздері ойла­сты­рған жос­парға бей­ім­деу үшін, билік осы­ны істе­ді. Комис­си­ядағы­лар сай­лау учас­ке­леріне аяқ аттап бас­паған, сай­лау ата­улы­ға сенім­сіздік­пен қарай­тын аза­мат­тар­дың дау­сын өздерінің лас мақ­сат­та­ры­на пай­да­лан­ды. Яғни, иесіз қалған дауы­стар­ды ұрлады.

Оны ар-ұят­тан гөрі, депу­тат­тық ман­дат­ты ием­де­нуді көк­се­ген­дер­ге тар­ту етті. Билік­ке қар­сы шығып жүр­ген, сынға ала­тын, ақиқат­ты айта­тын, әділет­тілік­ті талап ететін аза­мат­тар­ды Пар­ла­мент­ке өткіз­беу үшін, осын­дай арам­за­лы­ққа бар­ды. Кезек­тен тыс сай­ла­уды өткі­зу­шілер сая­си өзгерісті қала­май­тын­ды­ғын, авто­ри­тар­лық билік жүй­есін, жемқор­лық пен сыбай­ла­сты­қты сақтап қалу­ды көз­дей­тін­ді­гін айқын аңғарт­ты. Олар өз деген­деріне жетті.

 Мен бұған үзіл­ді-кесіл­ді қар­сы­мын! Ұрлық жолы­мен құралған билік, яғни Пар­ла­мент ұры-қары­лар­дың мүд­десін қорғай­тын, соған қыз­мет қыла­тын орда бола­ды. Бұған өткен кезең­дер толық дәлел. Осын­дай Пар­ла­мент халы­ққа керек пе? Әрине, жоқ!

Қадір­лі халай­ық, маған үміт артқан ізгі ниет­те­гі бар­шаңы­зға, шынайы қол­да­у­шы­ла­ры­ма, қоғам­ды өзгер­ту­ге білек сыба­на кірісіп жүр­ген бел­сен­ді аза­мат­тарға, доста­рым мен жақын­да­ры­ма мың рет алғыс айта­мын! Сіз­дер­дің маған көр­сет­кен көмек­теріңіз орас­ан зор! Сіз­дер жақ­сы өмір сүру­ге кедер­гі кел­тір­ген, тозы­ғы жет­кен назар­ба­ев­тық, тоқа­ев­тық жүй­е­ден ары­лу­ды қала­ды­ңы­здар. Сол үшін маған дауыс бер­діңіз­дер. Менің бағ­дар­ла­мам­да бұл ашық көрсетілді.

Міне, сон­ды­қтан да сіз­дер­дің дауы­ста­ры­ңы­зды азшы­лы­ққа айнал­дыр­ды. Бұл сай­ла­уда біз жеңіл­ген жоқ­пыз. Әділет­сіз төре­шілер менің әлсіз қар­сы­ла­сым­ның қолын жоға­ры көтер­ді. Мұн­дай келеңсіз жағ­дай­лар спорт­та да, сай­ла­уда да кезі­геді. Мұның аты – әділет­сіздік, қиянат.

Сай­лау комис­си­я­ла­рын, олар­дың бас­шы­ла­ры мен мүше­лерін Сай­лау тура­лы заң­ды бұзған­ды­ғы үшін қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту­ды талап ете­мін. 11-округ­тағы сай­ла­уды заң­сыз, әділет­сіз деп есептеймін.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті мәжілісінің сай­ла­уы қай­та­дан өткізіл­сін! Мен осы­ны талап ете­мін! Біздің тала­бы­мыз орын­да­луы үшін, мені жақтаған және басқа да өзін-өзі ұсы­ну жол­да­ры­мен кан­ди­дат­ты­ққа сай­ла­у­ға түс­кен бар­ша аза­мат­тар­ды қол­дап, қажет болған жағ­дай­да алаң­дарға барып, митин­гілер өткізіп, бүкіл халық болып, талап етуі­міз керек.

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн