Четверг , 15 мая 2025

Арман Шораев: БИЛІК менің жеңісімді ҰРЛАДЫ

  • Құр­мет­ті ағай­ын, құр­мет­ті достар! Мына кел­ген әз-Наурыз мей­ра­мы құт­ты бол­сын! Әрқай­сы­ңы­зға жақ­сы­лық, ден­са­улық тілей­мін! Жаңа жыл бәрі­міз­ге жақ­сы­лық әкелсін!

Осы мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып, маған тілек­ші болған, мен үшін дауы­ста­рын бер­ген мың­даған бауыр­ла­ры­ма, менің жер­ле­стері­ме риза­шы­лы­ғым­ды біл­дір­гім келеді. Ризамын!

Шынын айтқан­да, халық ара­сын­да қол­да­у­шы­ла­рым барын біл­дім, бірақ сон­ша­ма қол­да­уға қол жет­кі­зе­мін деп ойлаған жоқ­пын, риза­мын, халқым! Өткен­де бір интер­вьюім­де қай­та-қай­та айтқан­мын, маған маңы­здысы – сол мәжілісте­гі крес­ло емес, маған маңы­здысы – өзім­нің пікірім­ді біл­дір­сем, үзең­гіле­стерім­ді, сыр­ла­ста­рым­ды бірік­тір­сем, сон­дай мені қол­дай­тын кісілер бар ма, жоқ па – соны зерт­теп, аны­қтау еді.

Шыны­мен тест-драйв жаса­дық, «Жаңа Қаза­қстан» деген не екенін және менің иде­я­ла­рым­ды, ұста­ны­мым­ды қол­дай­тын аза­мат­тар­дың саны өте зор екеніне әбден көзім жет­ті, оны сіз­дер де бай­қаған шығар­сыздар. Сол үшін рах­мет, халқым, сенім­деріңізді ақтай­мын, мына күресім­ді әрі қарай жалғастырамын!

Өзіңіз білетін­дей, мен таза жеңдім, билік менің жеңісім­ді ұрла­ды. «Сасқан үйрек арты­мен жүзеді» дей­ді ғой, сол сияқты оларға нешетүр­лі заң бұзу­шы­лы­ққа баруға тура кел­ді. Сон­ды­қтан біліп жүріңіз­дер – мен енді халық сай­лаған депу­тат­пын! Жарай­ды, оны Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы мой­ын­да­май-ақ қойсын.

Мен жеңілісім­ді мой­ын­даған жоқ­пын, ешқа­шан мой­ын­да­май­мын да. Менің заң­гер­лерім қазір сол Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на 180 учас­ке­ден про­то­кол­дың көшір­месін бер­сін деп, арыз-талап түсіріп жатыр. Өзі­міздің қолы­мы­здағы про­то­кол­дар­мен салы­сты­ра­мыз, тағы басқа заң бұзу­шы­лы­қтар­ды аны­қтай­мыз, кім­нің – кім екенін дәлел­дей­міз, көп дәлел­дері­міз бар.

Маңы­здысы ол емес, маңы­здысы – біздің халық баяғы момын халық емес. Халық өзінің пікірін айтып жатыр, мың­даған кісілер маған хабар­ла­сып, сай­лау шеші­мі­мен келіс­пей­тін­ді­гін, мені­мен бір­ге екенін біл­діріп жатыр. Айна­лай­ын­дар, далаға шығай­ық дейді.

Енді Наурыз кезін­де /халықты/ көше­ге шығарға­ным дұрыс бол­мас… Бірақ та менің шта­бым­да істей­тін заң­гер­лер­дің талап­та­ры орын­дал­ма­са, егер біздің жүгін­ген сот жүй­есіне ары­зда­ры­мыз қабыл­дан­ба­са неме­се қанағат­тан­ды­рыл­ма­са, онда, әрине, біз митин­гі­ге шыға­мыз, әділ­дік­ті талап ете­міз. Ол тек Шора­ев Арман­ның ғана тала­бы емес, бүкіл халы­қтың тала­бы болып есеп­те­леді деп білемін.

Сон­ды­қтан, ағай­ын­дар, мен мұңай­май­мын, сіз­дер де мұңай­маңы­здар! Жылы сөз­деріңіз бен ақ бата­ла­ры­ңы­зға рах­мет, қазақ болып туға­ны­ма риза­мын! Біре­уіңіз­ге – аға, біре­уіңіз­ге – іні-бауыр болып жүр­гені­ме ризамын!

Енді тек мен ғана емес, сай­ла­уда билік­тің жасаған кесірі­нен талай «мен» дей­тін қаза­қтың батыр ұл-қызда­ры өте алма­ды. Бір қуа­ны­шты­сы – су жаңа мәжіліс­ке, қай­та­дан «бір отар қой­ға» айналған­дарға бір бақта­шы пай­да бол­ды. Бұл жер­де мен Ермұрат Бапи ағам­ды мең­зеп отырмын.

Ермұрат Бапи – шыны­мен, осы соңғы 30 жыл көле­мін­де ұста­ны­мын өзгерт­пей келе жатқан қай­сар қаза­қтар­дың бірі. «Біт­кен іске сын­шы көп» дей­ді ғой, мен білетін Ермұрат Бапи сын­бай­ды, билік оның адал, батыр аза­мат екенін мой­ын­да­ды. Билік сол кісі өтпе­се, халық көтерілетінін сезді ме, әйте­уір Ермұрат ағам, менің әріп­тесім, жур­на­лист, кезін­де жас жур­на­ли­стер үлгі алған­быз, қазір өзім­нің сыр­ла­сым, үзең­гілесім, оның өткені бүкіл қазақ үшін абы­рой, ағай­ын­дар, сол кісіні қол­дап жүрейік!

«Болар елдің бала­сы бір-бірін батыр дей­ді», мен үшін Ермұрат Бапи – нағыз қазақ батыр­ла­ры­ның бірі. Сол кісінің тіле­уін тілеп, айтқан сөз­дерін қол­дап жүрей­ік, ағайындар!

Наурыз құт­ты бол­сын! Біз бір­ге­міз, берік ірге­міз, біз жеңеміз!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн