Пятница , 4 июля 2025

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН

патриоттар түрмеде отырмауы тиіс

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Берік Ноғайұлы АСЫЛОВ мырзаға

Құрмет­ті Берік Ноғайұлы!

Енді­гі өзіңіз­ге анық-қаны­ғы бел­гілі болған­дай, Пет­ро­павл қала­сын­да (СҚО) болған СЕПАРАТИЗМ СИПАТЫНДАҒЫ оғаш оқиға Қаза­қстан­дағы сепа­рат­тық-жік­шіл­дік пиғыл­дың өте акту­аль­ды тақы­рып екенін тағы бір рет көр­сет­ті. Мем­ле­кеті­міздің тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғы мен тәу­ел­сізді­гіне қауіп­ті әле­умет­тік эле­мент­тер­дің ауық-ауық бой көр­се­туі «Жаңа Қаза­қстан» иде­я­сы­на қар­сы бағыт­талған және оған тіке­лей төн­ген қатер­дің біре­гей бел­гісі деп баға­лау керек.

Ел ішіне жік салу син­дро­мы қоғам­ның қат­ты алаң­да­у­шы­лы­ғы мен зығыр­да­нын туғы­зып оты­рға­нын баса айту керек. Сіз бен біз қоға­мға жары­қ­шақ салуға ұмты­лған бұл мем­ле­кет­тік қас­кү­нем­дік­ке қыз­мет бабы­мен ғана емес, аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік пен пер­зент­тік парыз тұрғы­сын­да алаң­да­у­шы­лық біл­діруі­міз керек.

Иә, ел Кон­сти­ту­ци­я­сы мен тиісті мем­ле­кет­тік заң­дар кез кел­ген СЕПАРАТИЗМГЕ қар­сы тұра ала­ды. Бірақ елдің тұта­сты­ғы мен халы­қтық мүд­денің қаси­етін қорғай­тын «ҰЛТТЫҚ НАМЫС» деп ата­ла­тын тағы бір құдірет­ті күш бар.

Осы­ған бай­ла­ны­сты Сіз­ге депу­тат­тық сау­ал жол­да­уым­ның енді­гі мәні: біздің ұлы құн­ды­лы­ғы­мыз – елдің ұлт­тық намысын қорғау жолын­да әртүр­лі себеп­тер­мен сот­ты болған аза­мат­тарға бай­ла­ны­сты болмақ.

МАРҒҰЛАН БОРАНБАЕВ әле­умет­тік желі­де ұлт­тық намысты қорғау сипа­тын­дағы жаз­ба­ла­ры үшін ҚР Қыл­мыстық кодексінің 174 және 179-бабы («Ұлта­ра­лық ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­ру» және «Кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лы­сты күшпен өзгер­ту») бой­ын­ша Алма­ты қала­сы Алма­лы аудан­дық соты­ның шеші­мі­мен 2022 жылғы науры­зда 5 жылға сотталды.

ДАНАТ НАМАЗБАЕВ «Фейс­бук» желісін­де­гі жаз­ба­ла­ры үшін «ұлта­ра­лық ала­у­ы­зды­қты қоз­дыр­ды» деген айып­пен – ол да бес жылға сот­тал­ды. Аны­ғын­да, бұл аза­мат­тар «ұлта­ра­лық араз­ды­қтан» бұрын, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ намысын жыр­тып, ұлт­тық мүд­дені қорғап, әле­умет­тік желілер­де­гі сепа­ра­ти­стік көзқа­рас­тарға қар­сы шыққа­ны үшін сот­ты бол­ды. Осы да әділет­тілік пе? Пре­зи­дент Қ.-Ж. Тоқа­ев мыр­за мұрын­дық болған «Әділет­ті Қаза­қстан­ның» мұра­ты осы ма еді?!

Мен бұл аза­мат­тар­ды интер­нет­тің вир­ту­ал­ды әле­мін­де Қаза­қстан­ның ұлт­тық мүд­десіне ара­ша түсіп жүр­ген намысқой жігіт­тер ретін­де білетін едім. Бұл еке­уіне қаты­сты тер­геу ісі­нен бастап, кей­ін­нен өткен бір­не­ше сот оты­ры­сы­на жур­на­лист ретін­де қаты­стым, бұл аза­мат­тар­ды сот­та­уға желеу болған «ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­ру» сарап­та­ма­сын оқыдым.

Сон­дағы көзім жет­кен жағ­дай – әле­умет­тік желілер арқы­лы қаза­қтың ұлт­тық намысын қорғау жолын­да тәу­е­кел­ге барған бұл жігіт­тер­ге өрес­кел ҚИЯНАТ жасал­ды. Бәл­кім, сол кез­дері Қаза­қстан­ның төңіре­гін­де қою­ланған гео­са­я­си жағ­дай­дың «мұр­тын басу» үшін, халы­қа­ра­лық сая­сат­тың тала­бы­мен сон­дай шек­теу әре­кет­тері жаса­луы керек болған шығар.

Бірақ көр­шілес елдер­дің сая­си елір­ме­лері Қаза­қстанға, оның тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғы мен тәу­ел­сізді­гіне күмән кел­тіріп, аузы­на кел­генін айтып және жазып жатқан ала­у­ыз пікір­лер­мен салы­сты­рған­да, Марғұлан Боран­ба­ев пен Данат Намаз­ба­ев­тың әлем­желі­де­гі әре­кеті – бала­ның ойы­ны болып қал­ды. Оларға қаты­сты жасалған қия­нат пен әділет­сіздік осы салы­сты­ру­дан туын­дай­ды. Бір­де-бір ел неге өзінің сыңа­ре­зу сая­сат­шы­ла­ры­на тый­ым сал­май­ды, ал біздің ел неге өзінің елдік мүд­десі мен халы­қтық намысын қорғаған аза­мат­та­рын соттайды?

Қаза­қстан­ның тұта­сты­ғы мен тәу­ел­сізді­гіне күмән кел­тіріп, ешбір тари­хи негіз­сіз халы­қа­ра­лық ала­у­ы­зды­қтың көрі­гін қызды­рған жеке­ле­ген ресей­лік депу­тат­тар мен теле­жур­на­ли­стер «орыс пат­ри­от­та­ры» болып санал­са, өз халқы­ның намысын жыр­тқан, сол үшін тағ­дыр­ла­ры тәл­кек­ке түсіп, сот­ты болған Марғұлан мен Данат неге қазақ халқы­ның пат­ри­от­та­ры бола алмай­ды? Бұл қатар­да қия­нат­пен сот­ты болған ел пат­ри­о­ты Ермек Нарым­ба­ев­ты да ата­уға болады.

Қазақ халқы мен Қаза­қстан мем­ле­кет­ті­гінің бір­лі­гіне қар­сы жар­ты әлем­ге жар салған көр­ші елдің «ұран­шы­ла­ры» қыл­мыстық сотқа тар­тыл­мақ түгілі, өз билі­гі мен тиісті орган­да­ры тара­пы­нан әкім­шілік тұрғы­да ескер­ту де алған жоқ. Ал ел намысы үшін әле­умет­тік желі­де пікір айтқан біздің екі жігіт неге сот­ты болады?

Бұған дей­ін Қаза­қстан­да болып кел­ген сепа­ра­тизм син­дро­мын және Пет­ро­павл қала­сын­да болған соңғы жік­шіл­де­ну­ге ұран­даған жағ­дай­ды еске­ре оты­рып, Марғұлан Боран­ба­ев пен Данат Намаз­ба­евқа қаты­сты шыққан үкім­ді қай­та­дан қарай­тын уақыт та, сая­си себеп те, ұлт­тық қауіп­сіздік мұқтаж­ды­ғы да туды деп есептеймін!

Құрмет­ті Бас про­ку­рор мырза!

Ұлт­тың қауіп­сізді­гі мен оның бола­шағы алдын­да сіздің жау­ап­кер­шілі­гіңіз лау­а­зым­дық қыз­мет шең­бері­мен ғана шек­тел­мей­ді деп білем. Сіздің құзірет­ті қыз­мет­те­гі сөзіңіз бен ісіңіз­ден ел алдын­дағы аза­мат­тық жау­ап­кер­шілі­гіңіз мол екенін жур­на­лист ретін­де аңдап жүрмін.

Ал мен өзім­нің депу­тат­тық сау­а­лым­да атын атаған Марғұлан мен Данат – Сіздің осы аза­мат­тық сезі­міңіз­ге серік­тес жігіт­тер. Олар пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев мыр­за­ның «Жаңа Қаза­қстан» иде­я­сы­на қыз­мет ету­ге күш-қары­мы кең, молы­нан жететін ел пат­ри­от­та­ры. Мұн­дай табан­ды жігіт­тер түр­ме­де отыр­мауы керек, олар әділет­ті Қаза­қстан­ның жар­шы­сы болуы тиіс және «Жаңа Қаза­қстан» идео­ло­ги­я­сы­на қоғам­ды жұмыл­ды­ра ала­тын пуб­ли­ци­стік пәр­мені мол жігіттер!

Сіздің есіңіз­ге салай­ын: Бірқа­тар халы­қа­ра­лық құқы­ққорға­у­шы ұйым­дар М.Боранбаев пен Д.Намазбаевты «сая­си тұтқын­дар» тізі­міне енгіз­ген. Демек, бұл жағ­дай Қаза­қстан­ның халы­қа­ра­лық ими­джіне де кері әсерін тигізіп, ел пре­зи­ден­ті Қ.-Ж. Тоқа­ев мыр­за­ның әлем­де­гі дамы­ған демо­кра­ти­я­лық елдер бас­шы­лы­ғы­мен ресми кез­де­су­лері кезін­де үне­мі алды­нан шыға­тын келеңсіз тақы­ры­пқа айна­лу­да. Бұл біз­ге керек пе?

Енде­ше бұған дей­ін Қаза­қстан­да болып кел­ген сепа­ра­тизм син­дро­мын және Пет­ро­павл қала­сын­дағы жуы­қта болған жік­шіл­де­нудің жиір­кені­шті жағ­да­я­тын еске­ре оты­рып, Марғұлан Боран­ба­ев пен Данат Намаз­ба­евқа қаты­сты үкім­ді қай­та­дан қарай­тын уақыт та, сая­си себеп те, ұлт­тық қауіп­сіздік мұқтаж­ды­ғы да туды деп есептеймін!

Құр­мет­ті Берік Ноғайұлы!

Өзіңіздің Бас про­ку­рор­лық құзіретіңізді пай­да­ла­на оты­рып, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Жоғарғы соты­нан елінің ұлт­тық мүд­десін қорғау жолын­да сот­ты болған намысты жігіт­тер Марғұлан Боран­ба­ев пен Данат Намаз­ба­евқа қаты­сты қыл­мыстық істер­дің ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРҒА (вновь открыв­ши­е­ся обсто­я­тель­ства) бай­ла­ны­сты қай­та қара­лып, әле­умет­тік әділет­тілік­тің орна­уы­на, аза­мат­тар­дың бостан­ды­ққа шығуы­на ПӘРМЕН БЕРУІҢІЗДІ сұраймын!

АЗАМАТТЫҚ МІНЕЗ КӨРСЕТЕТІН УАҚЫТ ЖЕТТІ!

  • Бұл депу­тат­тық сау­ал­ды депу­тат­тар Қазы­бек Иса, Ринат Зай­ы­тов және Абзал Құс­пан қолдайды.

Ермұрат БАПИ,       

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты 

Аста­на қаласы,

05.04.2023 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн