Четверг , 3 июля 2025

ЗАРЫҚТЫРҒАН ЗАҢ

Мәжілістің қарауына түсті

  • «Елден заң­сыз сатып алы­нған актив­тер­ді қай­та­ру тура­лы» заң жоба­сы мәжіліс­ке түсті. Актив­тер­ді жинақтай­тын қор құры­ла­ды.

Заң жоба­сы автор­ла­ры­ның айтуын­ша, құжат “актив­тер­ді аны­қтау және қай­та­ру үшін қажет заң­на­ма­лық негіз­дер мен жаңа құрал­дар­дың бол­мауы­на бай­ла­ны­сты актив­тер­ді қай­та­ру­дың тетік­терін айқын­да­уға” бағытталған.

Бірақ депу­тат Ермұрат Бапи Пар­ла­мент Мәжілісінің пле­нар­лық оты­ры­сын­да бұл заң жоба­сы­ның ата­уы тар ауқым­да жазы­лған деді. «Пре­зи­дент Тоқа­ев был­ты­рғы жылғы қара­ша­да ҚР Үкі­метіне «Елден заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді қай­та­ру тура­лы» заң жоба­сын дай­ын­да­уды тап­сы­ран еді. Ал Мәжілістің талқы­ла­у­ы­на зары­қты­рып жет­кен заң жоба­сы «заң­сыз сатып алы­нған актив­тер­ді қай­та­ру» деген ата­у­мен біз­ге жет­ті. «Заң­сыз сатып алу» мен «елден заң­сыз шыға­ры­лған» деген екі тір­кест­ің мән-маз­мұ­ны екі бөлек. Халық қар­жы­сын талан-тара­жға салған­дар бар­лы­ғын әлдеқа­шан заң­да­сты­рып алған, олар ұрлаған мүлік­тің «мұр­тын бал­та шап­пай­ды». Егер біз сол ұрланған мүлік­ті «елден заң­сыз шыға­ры­лған» деген желе­умен іздей­тін бол­сақ, бұл жұмыстың ауқы­мы әлдеқай­да кең болар еді. Бірақ мен осы заң жоба­сын талқы­ла­у­шы жұмыс тобы­на мүше болып, аса қажет­ті құжат­тың қауһар­лы болуы­на күш сала­тын бола­мын» деді депу­тат газет тілшісіне.

Заң жоба­сы Бас про­ку­ра­ту­ра іші­нен заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді қай­та­ру бой­ын­ша жеке ведом­ство құру­ды қарас­ты­ра­ды. Ол осы сала­дағы уәкілет­ті орган­ның мін­детін атқа­ра­ды. Бұған қоса, актив­тер­ді жинақтау және басқа­ру мәсе­ле­лері бой­ын­ша арнайы мем­ле­кет­тік қор мен басқа­ру ком­па­ни­я­сы құры­ла­ды. Аталған қорға бай­ла­ны­сты жур­на­ли­стер­дің сұрақта­ры­на жау­ап бер­ген қар­жы мини­стрі Ерұлан Жамау­ба­ев қор­дың он шақты адам­нан тұра­тын шағын бола­ты­нын айтты.

Заң жоба­сы аясын­да Қыл­мыстық, Қыл­мыстық-про­це­стік, Салық, Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лы­қтар тура­лы сияқты жал­пы саны 11 кодекс пен 13 заңға түзу­ту енгізілмек.

ДАТ-ақпа­рат.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн