Четверг , 3 июля 2025

Заң жобасы – Мәжіліс талқысында,

ҰРЛЫҚ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мырзаға

Құр­мет­ті Берік Ноғайұлы!

Халық қазы­на­сы­нан ұрла­нып-жыр­ланған актив­тер­ді елге қай­та­руға қаты­сты зары­қты­рған заң жоба­сы ақыр соңы Мәжіліс­ке түсті. Әзір­ге көз жүгір­тіп шыққан­да, оның шикі тұста­ры аз емес. Бірақ біз – егер шынайы халы­қтық депу­тат­та­ры бол­сақ, бұл заң­ды елде әділет орна­ту­дың бір инстру­мен­та­риі дең­гей­іне жет­кізіп қабыл­да­уы­мыз керек болады.

Бұл прин­ципті және күн тәр­тібін­де тұрған ең маңы­зды мәсе­ле. Біз клеп­то­крат ұры­лар 30 жыл бойы талан-тара­жға салған халық бай­лы­ғын, тым құры­ған­да оның тең жар­ты­сын елге қай­та­руы­мыз керек. Бұл кемін­де 150 мил­ли­ард дол­лар­мен өлше­нетін қазына.

Ал енді осы қар­жы­ны қай­та­руға бірін­ші кезек­те мін­дет­ті орган­дар заң қабыл­данған соң іске кірі­се­міз деп, арқа­ны кең­ге салуға бол­май­ды. Елден жылы­стаған актив­тер­ге тықыр таянған сай­ын, клеп­то­крат­тар оны түр­лі схе­ма­лар­мен әлем­нің түк­пір-түк­піріне тығу әре­кетін жан­та­ла­са жасап жатыр.

Сон­ды­қтан, Берік мыр­за, біз Халы­қа­ра­лық жур­на­ли­стер кон­цор­ци­у­мы­ның көме­гі­мен өзі­міз аны­қтаған ақпа­рат­ты сіз­ге және тиісті тер­геу орын­да­ры­на жет­кі­зу­ден жалы­қ­пай­мыз. Талап қою­дан танбаймыз!

Ал сіз­дер тиісті заң­ның қабыл­да­нуын күт­пей, іске шұғыл кіріс­кен­деріңіз жөн болады!

Мен бұл клеп­то­кра­тия тақы­ры­бын аты шулы «Қаза­қ­гейт­тен» бастап, 25 жыл бойы «ДАТ» газетін­де жазып келе­мін. Құдай бұй­ырт­са, бұны Пар­ла­мент пар­та­сы­нан жағым талған­ша тағы бес жыл айта бере­мін. (Егер Мәжіліс тағы да күнібұрын тарқап кетпесе).

Мәсе­лен, сіз үшін бел­гілі болуы мүм­кін, бірақ қоғам үшін жаңа ақпа­рат айтай­ын. Бас про­ку­рор мыр­за, сіз Қаза­қстан­ның газын сыр­тқа сата­тын Tethys (Тетис) ком­па­ни­я­сын білесіз бе? Біл­ме­сеңіз – әлем­дік газ-трейд ком­па­ни­я­ла­ры­ның реги­стріне көз жүгір­тіңіз. «Тети­стің» басты иелерінің бірі – Қай­рат Шәрі­п­ба­ев­тың қызы. Ал ашық ақпа­рат­тың айтуы бой­ын­ша, Шәрі­п­ба­ев – Дариға Назар­ба­е­ваға телініп жүр­ген күй­е­уі екенін білесіз.

Міне, осы «Тетис» фир­ма­сы Қай­рат Шәрі­п­ба­ев басқарған мем­ле­кет­тік моно­по­лист «ҚазТранс­Газ» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның газын сыр­тқа сатып кел­ген. Қазір жур­на­лист-зерт­те­ушілер соңғы сегіз жыл­да бұл фир­ма Қай­рат Шәрі­п­ба­ев­тың бақы­ла­у­ын­дағы APL (АйПи­Ел) Construction ком­па­ни­я­сы арқы­лы Батыс банк­теріне бір­не­ше мил­ли­ард дол­лар шығарға­нын аны­қта­ды. (Кей­бір ашық ақпа­рат­та 20 млрд дол­лар деген мәлі­мет­тер айты­лып жүр).

Егер бұл қоғам­дық тер­геу ісіне елдің Бас про­ку­ра­ту­ра­сы мен тиісті анти­ко­руп­ци­я­лық агент­тік­тер ара­ла­са­тын бол­са, бұл мил­ли­ард­тар­дың көле­мі мен шыққан жер-тегін тезірек аны­қта­уға бола­ды. Бұл мил­ли­ард­тар бүгін­де бай­лы­қтың ғана көзі емес, Берік мыр­за, бұл енді билік­ке қай­та­дан ара­ла­су­дың мәсе­лесі. Бұл қыру­ар қар­жы­ға шынын­да да «жиыр­ма мың тер­рор­шы» жал­да­уға болады.

Бұл мил­ли­ард­тар реван­ши­стер­дің резерві екенін сіз жақ­сы білуіңіз керек!

Екін­ші мысал айтай­ын. Бірақ, Берік мыр­за, сіз бұны да білесіз. Мәсе­лен, Швей­ца­рия өкі­меті Ғалым­жан Есе­но­втың есеп­шо­тын­да орас­ан зор ақша жатқа­нын аны­қта­ды. Есе­нов – Есі­мо­втың күй­еу бала­сы. Ал Ахмет­жан Есі­мов – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың етжақыны.

Есеп­шот иесі бұл ақша өзіне тиесілі екенін дәлел­дей алмаған соң, швей­ца­ри­я­лық тер­ге­ушілер Ғалым­жан Есе­но­втың қар­жы­лық қыз­меті тура­лы не білесіз­дер деп, Қаза­қстан­ның Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­нан көмек сұраған екен.

Мына қызы­қты қараңыз: Бас про­ку­ра­ту­ра швей­ца­ри­я­лы­қтарға не деп жау­ап бер­ген дей­сіз ғой. «Ғалым­жан Есе­нов «сүт­тен – ақ, судан – таза», оған қаты­сты қозғалған іс жоқ» деп­ті сіз­ге дей­ін­гі бас про­ку­рор. Аны­ғын­да, ел бас­шы­сы «елба­сы­ның» бұй­ры­ғы­мен, Бас про­ку­ра­ту­ра­ның орын­да­уы­мен Есе­нов­ке қаты­сты іс тоқта­ты­лған екен.

Ал енді сіз­ге сау­ал: ұрланған актив­тер­ді елге қай­та­ру науқа­ны­на жетек­шілік жаса­уды ел Пре­зи­ден­ті Тоқа­ев мыр­за сіз­ге тап­сы­рған екен – осы нақақ жабы­лған істі қай­та­дан қозға­уға құлқы­ңыз бар ма, Бас про­ку­рор мырза?

Екін­ші сау­ал: осы Есе­нов мыр­за «Жусан банк­тің» бір иегері ретін­де тұта­стай бір банк­ті тегі – Бан­гла­деш, аза­мат­ты­ғы – аме­ри­ка­лық Рон Вах­ид деген күдік­ті опе­ра­ци­я­лар­дың шеберіне басы бүтін беру әре­кетін жаса­уда, дей­ді Жур­на­ли­стер кон­цор­ци­у­мы. Сіз құзыр­лы лау­а­зым­гер ретін­де осы афе­раға қар­сы қан­дай қимыл жаса­мақ ойы­ңыз бар?

Үшін­ші сау­ал: «Қаза­қстан темір жолы» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы құра­мы­нан стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар «Тран­сте­ле­ком» ком­па­ни­я­сы экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың неме­ресі Нұра­ли Әли­ев­ке беріл­генін сіз қалай баға­лай­сыз? Мен өзім­нің сіздің аты­ңы­зға жол­да­на­тын жаз­ба­ша сау­а­лым­да бұл жеке­ше­лен­дірудің қыр-сырын толық жазып жіберем.

Әзір­ге менің сіз­ге жол­дай­тын сау­а­лым: осы «Тран­сте­ле­ком» Нұра­ли Әли­ев­ке 2015 жылы – 587 млн тең­ге; 2016-да – 940 млн тең­ге; 2017-де – 500 млн тең­ге диви­денд төледі. 2022 жылы төлен­ген диви­денд 2,4 млрд тең­ге бол­ды. Енді осын­ша­ма зор көлем­де­гі қар­жы – бес мил­ли­ар­дқа жуық заң­сыз ақша­ны тез ара­да мем­ле­кет­тің есебіне өндіріп алу керек!

Құр­мет­ті Бас про­ку­рор мырза!

Енді ең соңғы сауалым:

  • Сіз ұрланған актив­тер тура­лы менің бұған дей­ін­гі депу­тат­тық сау­а­лы­ма құпия құжат­пен жау­ап бер­ген екен­сіз. Менің әзір­ге құпия құжат оқуға, ондағы жау­ап­тың жай-жап­са­ры­мен таны­суға құзы­рым жоқ. Ал жоға­ры­да мен атап өткен фак­тілер­ге қаты­сты қан­дай құпи­я­лық болуы мүмкін?
  • Елде­гі жемқор­лық және ұрлық қыл­мыстар тура­лы осын­дай деректер­ді қоға­мға ашық жари­я­ла­у­ға сіз­ге не кедер­гі кел­тіруі мүмкін?
  • Егер мұн­дай фак­тілер Бас про­ку­рор­дың аузы­мен ашық айты­лған­да, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың актив­тер­ді елге қай­та­ру сая­са­ты­на халы­қтың сені­мі арт­пас па еді?
  • Елде әле­умет­тік әділет­тілік орна­ту мақ­са­тын­да ел пре­зи­ден­ті жари­я­лаған науқан­ды ашық жүр­гізу­ге Бас про­ку­ра­ту­ра не себеп­ті мүд­делі бол­май отыр?

 ҚР Пар­ла­мен­ті

Мәжілісінің депу­та­ты

Ермұрат Бапи

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн