Пятница , 4 июля 2025

АУЫЛҒА АРНАЛҒАН бағдарламалар АЯҚСЫЗ ҚАЛМАСЫН!

Қаза­қстан Республикасы

Пре­мьер-мини­стрінің орынбасары

Т. Б. Дүй­се­но­ваға!

Құр­мет­ті Тама­ра Босымбекқызы!

​Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Кемелұлы­Тоқа­ев ҚР Пар­ла­мен­тінің VIII шақы­ры­лым­дағы алға­шқы сес­си­я­сы­ның ашы­луын­да айтқан «Ауыл – Ел бесі­гі» және «Ауыл ама­на­ты» бағ­дар­ла­ма­ла­ры – ауыл­дық аумақтар­ды дамы­ту­дың жаңа тұжы­рым­да­ма­сы­ның негізі болуы тиіс. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерін ұтым­ды пай­да­ла­нуға бақы­ла­уды күшей­ту, өнім­ділік­ті арт­ты­ру және дақыл­дар­ды әрта­рап­тан­ды­ру бой­ын­ша жүй­елі шара­лар жүзе­ге асы­ру тура­лы тап­сыр­ма берген.

​Қызы­лор­да облы­сы халқы­ның 60 пай­ы­зға жуы­ғы ауыл­дық елді мекен­дер­де тұра­ды және ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са­ды, сол себеп­тен халы­қтың тұр­мыс жағ­дайы сумен тіке­лей бай­ла­ны­сты. Сон­дай-ақ өңір­дің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дамуы Сыр­да­рия өзені бас­сей­нінің сумен кепіл­ді түр­де қам­та­ма­сыз етілуі мен суар­ма­лы жер­лер­дің мели­о­ра­тив­тік жағ­дай­ы­на тіке­лей байланысты.

Осы рет­те облыс аумағын­дағы елді мекен­дер­дің аяқ сумен қам­та­ма­сыз етілуін және эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­ын жақ­сар­ту үшін, 2023 жылы «Қызы­лор­да облы­сы Жалағаш ауда­ны Аққыр ауыл­дық окру­гін­де­гі «Аққыр» кана­лын қазу құры­лы­сы жоба­сы әзір­леніп, 2024 жылға арналған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ті нақты­ла­у­ға бюд­жет­тік өтінім ұсы­ны­ла­ды. Жоба­ның жал­пы құны – 560 млн тең­гені құрай­ды. Жоба жүзе­ге асқан жағ­дай­да Аққыр ауыл­дық окру­гін­де­гі аяқ су мәсе­лесі толы­ғы­мен шеші­мін тауып, 500 гек­тар суар­ма­лы жер­ге бау-бақ­ша дақыл­да­рын егу­ге, мал жай­ы­лым­дық және шабын­дық жер­лер­ді суа­руға қол жет­кізіліп, халы­қтың тұр­мыс жағ­дай­ы­ның жақ­са­руы күтілу­де. Сон­ды­қтан «Қызы­лор­да облы­сы Жалағаш ауда­ны Аққыр ауыл­дық окру­гін­де­гі «Аққыр» кана­лын қазу құры­лы­сы­на» 539 млн тең­ге қар­жы қажет.

Екін­ші мәсе­ле – өңір­ді инже­нер­лік-ком­му­ни­ка­ци­я­лық инфрақұры­лым­мен қам­та­ма­сыз ету бағы­ты аясында.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­мьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов Үкі­мет оты­ры­сын­да ауыл­дық аумақтар­ды дамы­ту мәсе­лесін көтеріп, әкім­дік­тер­ге ауыл тұрғын­да­ры­ның өмір сүру сапа­сын жақ­сар­ту үшін мек­теп­тер, ауру­ха­на­лар және суға қол жет­кізу­ге тап­сыр­ма бер­ген. «Ауыл – Ел бесі­гі» мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да 7 нысан­ның құры­лы­сын жүр­гізу­ге 2024 жылы РБ бар­лы­ғы – 361 719 мың тең­ге қар­жы бөл­ген. Бүгін­гі күні жоба­лар­дың құры­лы­сы­на қаралған қар­жы­лар толық игеріл­ген және құры­лыс салушы меке­ме­лер есебі­нен құры­лыс-мон­таж­дау жұмыста­ры 70–90% ара­лы­ғын­да орын­далған. Жоба­лар­дың құры­лы­сын аяқта­уға – 1 418 792 мың теңге.

​Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Тоқа­ев өңір­лер­ді ара­лап, кәсіп­кер­лер­мен кез­де­су бары­сын­да «Ауыл ама­на­ты» жоба­сын іске асы­ру ауыл халқы­ның табысын арт­ты­руға бағыт­талға­нын атап өтіп, жоба­ның тиім­ділі­гін жоға­ры баға­лап, фер­мер­лер­ге, шағын және орта биз­неске мем­ле­кет жан-жақты қол­дау көр­се­туі қажет­ті­гін атап өтті. Сон­дай-ақ өзіңіздің бас­шы­лы­ғы­ңы­з­бен «Ауыл ама­на­ты» бағ­дар­ла­ма­сы­ның 2024 жылға арналған жос­пар­ла­рын Үкі­мет­те талқы­лау бары­сын­да қара­жат­ты бөлу кезін­де әр аудан­ның ерекшелік­терін ескеріп, жаңа жұмыс орын­да­рын ашу арқы­лы ауыл тұрғын­да­ры­ның табысын арт­ты­руға назар ауда­ру керек дедіңіз.

Құр­мет­ті Тама­ра Босым­бекқы­зы! Пре­зи­ден­ті­міз «Ауыл­ды жан-жақты дамы­ту – біздің басты мін­деті­міз, себебі ауыл­дың дамуы – бүкіл елдің, Қаза­қстан­ның дамуы», – деп бір­не­ше рет мәлімдеді.

Жоға­ры­дағы айтқан­дар­ды еске­ре оты­рып, көтеріп оты­рған мәсе­ле­лер­ді жан-жақты зерт­теп, қол­да­уы­ңы­зды сұраймын.

​Құр­мет­пен, М. Ергешбаев,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты,

«AMANAT» фрак­ци­я­сы­ның депутаты

Республиканский еженедельник онлайн