Четверг , 3 июля 2025

ТЕРГЕУ ӘДІЛ ЖҮРГІЗІЛІП, ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНУЫ ТИІС!

Қаза­қстан Республикасының

Бас Про­ку­ро­ры

Б.Н. Асы­ло­вқа,

Қаза­қстан Республикасының

Ішкі істер министрі

Е.С. Сәде­нов­ке,

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оқу-ағар­ту мини­стріҒ.Б. Бей­сем­ба­евқа депу­тат­тық сауал

Қазір қоғам­дағы қыл­мыстың өршіп тұрға­ны бел­гілі. Қыл­мыс жаса­рып, мек­теп оқу­шы­ла­ры­на жет­ті. Маңғы­стау облы­сын­дағы Құрық ауы­лын­дағы құры­ққа көн­бес күн­делік­ті бала­лар төбе­лесі, Ақтө­бе­де­гі бала өлі­міне әкел­ген қырғын, Пав­ло­дар­дағы бір топ бұза­қы­ның бір бала­ны жабы­лып саба­уы, Өске­мен мен Зай­сан­дағы қыздар­дың әлім­жет­ті­гі, оқу­шы­лар­ды жәбір­леп, тізер­летіп қой­ып, ақша бопса­ла­уы т.б. өршіп тұр. Есірт­кінің өзі мек­теп­тер­де саты­ла­ды деген ақпа­рат бас­пасөз­де жүр. Бала­лар суи­ци­ді бой­ын­ша әлем­де алды­ңғы орын­да­мыз. Бұл тура­лы Бас про­ку­рор арнайы мәлім­де­ме де жасады.

Ал қоғам­да үлкен резо­нанс туды­рған 4 қазан­дағы Талғар­дағы 16 жасар Шер­заттың қай­ғы­лы қаза­сы, одан соң оның үйін өртеп жібе­ру – елі­міз­де халы­қты қорғай ала­тын әділет­ті поли­ция бар ма, жоқ па деген басты сұрақты тудырады?!.

Шер­заттың үйіне неге күзет қойылмаған?

Ішкі істер мини­стрі тер­геу бары­сын бақы­ла­у­ға алға­сын ол үйге күзет қой­ы­лып, оған құмыр­сқа да, ит те кіре алмауы керек қой. Ал хай­у­ан­нан бетер жауыз жай­ба­рақат үйге кіріп, өртеп кетеді?!

Ал сон­да поли­ци­я­ның күзеті қай­да болған? Митин­гі­ге шыққан шал-кем­пір­ге ғана шама­сы келетін поли­ция неге қара­лы үйді қорғамаған?

Өйт­кені, поли­ция қара­лы үйді емес, қыл­мыс жасаған­дар­дың үйін күзетіп тұр?!.

«Жау кет­кен соң қылы­шы­ң­ды тасқа шап» деген­дей, есі кір­ген поли­ция енді үйді емес, өртеніп кет­кен үйдің үйін­дісін күзетіп тұр… Қасақа­на өртеу фак­тісі ресми расталды.

Мини­стр­дің қан­дай жеке бақы­ла­у­ға алған­ды­ғын қай­дам, жер­гілік­ті қыл­мыс­кер­лер­дің істі жеке бақы­ла­у­ға алға­ны мини­стр­дікі­нен де күшті болып шықты. Қыл­мыс­кер­лер қара­лы үйді мини­стр­дің бақы­ла­у­ы­мен қосып өртеп жіберді?!

Бұл поли­ция, құқық қорғау орган­да­ры­на түкіріп қою ғана емес, жал­пы билік­ке, қоға­мға қар­сы қағы­лған даб­ыл! Бұдан артық қай­да бара­мыз! Заң­сызды­қтың бәріне заң­ды тоқтау сала­тын уақыт жетті!

Енді істі Бас про­ку­рор қадаға­ла­у­ы­на алды… Бұл қадаға­ла­удың қай жер­ге дей­ін жететінін бір құдай біледі, уақыт көрсетеді…

1.Шабуыл жаса­лып жатқан­да, Шер­заттың әкесі поли­ци­яға, 102-ге хабар­ласқан, бірақ ешкім кел­ме­ген? Түн­гі 2‑де кел­ді деп жазу­да. Осын­ша уақыт поли­ция қай­да болған? «Жедел жәр­дем» де кел­мей, қан­сы­рап жатқан ұлын ауру­ха­наға әкесі өзі алып барған. Поли­ция да, «жедел жәр­дем» де өз уақы­тын­да кел­се, Шер­зат аман қалар еді…

2.Шабуыл жасаған 13 адам­ның басын­да 7‑еуі, кей­ін шу болға­сын 3‑еуі ұстал­ды, тағы 3‑еуі қай­да? «Екі көлік­пен кел­ген қыл­мыс­кер­лер­дің ішін­де­гі екі әйел мен дәу қара жоқ» – деген Шер­заттың әке-шеше­сі бастап, тұрғын­дар қостап, халық митин­гі­ге шықты. Аудан­дық поли­ция басты­ғы­ның сөзін­ше ол әйел­дер­дің «төрт бала­сы бар» екен? Төрт бала­сы бол­са, ондай әйел­дер түн­гі төрт­те неге біре­удің алты бала­сы­ның тұңғы­шын өлтіру­ге бел­сене қаты­сып жүр?!. Олар неге бостан­ды­қта? Соны­мен шабуыл жасаған 13 күдік­тінің 3‑еуі бостан­ды­қта сай­ран­дап жүр? Қыл­мыс­кер­лер­ді тай­раң­да­тып қой­ып оты­рған кім­дер? Бәрі­міз де 13-ке дей­ін санай ала­мыз, 13 қыл­мыс­кер қама­лып, ашық сот­та 13 қыл­мыс­кер тұруы тиіс және әділ де, қатал жаза­сын алуы керек!

3.Шерзаттың әкесі бей­неүн­де­уде мәлім­де­ген­дей, тер­ге­удің әділ жүр­гізіл­мей жатқа­ны, бала­сы­нан айры­лып, қай­ғы­ға батып оты­рған отба­сын түн орта­сын­да тер­ге­у­ге шақы­рып алып, өктем сөй­леу, қыл­мыс­кер­лер ұлын өлтір­ген мыл­ты­қты поли­ци­я­ның бұлар­дың дүкені­нен ізде­уі деген не сұмдық?

4.Өздері қара­лы жан­дар­ды теле­фон арқы­лы қорқы­тып жүр­ген­дер кімдер?

5.Марқұмның қаза­сы мен үйінің өрте­нуіне кінәлілер деп, әле­умет­тік желі­де өріп жүр­ген ақпа­рат­тар мен бейне мате­ри­ал­дарға неге жау­ап жоқ әлі?

6.Неге Шер­заттың әкесі аудан­нан, облы­стан көшіп кету­ге мәж­бүр болып, видео жаса­уда? Бұл «Ұры­сы мықты бол­са, иесі жазы­қты бола­ды» деген­нің нақ өзі емес пе?

7.Талғар ауда­нын­да заң орын­да­ры, құқық қорғау орын­да­ры бар ма? Аудан­дық, қала­лық, облы­стық әкім­дік­тер осы уақы­тқа дей­ін не істеп кел­ген, қазір не істеп отыр?

Осын­дай ел көкей­ін­де­гі көп сұрақтарға нақты жау­ап жоқ! Елдің нара­зы­лы­ғы мен алаң­да­уын басу үшін про­ку­ра­ту­ра мен поли­ция неге өз уақы­тын­да есеп беріп тұрмайды?!

Халық билік­тің, поли­ци­я­ның тір­лік­тері мен жау­ап­та­ры­на қанағаттанбауда!!

Ана­сы­ның құшағын­да жатып, әкесі мен бауыр­ла­ры­ның көз алдын­да қыл­мыс­кер­лер қолы­нан өліп кет­кен Шер­затты — Ішкі істер мини­стрі, гене­рал­дар, әкім­дер, шене­унік­тер өз бала­сын­дай көріп, қабы­рға­ла­ры қай­ы­суы қажет!

Керісін­ше, қай­ғы­лы қаза­дан кей­ін 11 күн өткен­де, бүгін ғана 15 қазан күні өткіз­ген облы­стық про­ку­ра­ту­ра мен облы­стық поли­ция депар­та­мен­тінің бри­фин­гін­де көр­сетіл­ген күдік­ті видео­ның мақ­са­ты не?

Шер­заттың отба­сы осы видео­ны сұрап ала алмай жүр­ген. Ал «бұл видео­ны бүгін қиып-жонып, өздеріне кере­гін ғана қал­ды­рып шыға­рып, жари­я­лап отыр». Бұл тура­лы бүгін енді Шер­заттың әже­сі бейне үндеу жаса­ды. Қай­ғы­ға батып, қан жұтып, аяу­лы неме­ресі­нен айры­лған, отба­сы түгел содыр­лар­дан соққы­ға жығы­лып, поли­ци­ядан қысы­мға ұшы­рап, зорға сөй­леп оты­рған әженің сөзін тың­дау өте ауыр…

Ал поли­ция көр­шілер түсір­ген, әле­умет­тік желіні шар­лап кет­кен Шер­заттың қай­ғы­лы қаза­ға ұшы­раған қан­ды видео­сын жари­я­лаған да жоқ, ол тура­лы жұмған ауы­зда­рын да ашқан жоқ?!.

Бүгін Талғар қала­сы­ның әкі­мі мен әкім­нің орын­ба­са­рын орны­нан алып­ты. Қала­да тәр­тіп орна­та алмаған бас­шы­лар­дың орны­нан кет­кені дұрыс. Аудан, облыс әкім­дері ше? Олар жау­ап бер­мей ме? Ал құқық қорғау орга­ны бас­шы­ла­ры ше? Жер­гілік­ті жер­де қыл­мысты өршітіп қой­ған облы­стық, аудан­дық поли­ция бас­шы­ла­ры орнын­да оты­ра бере ме? Қыл­мысты құры­қтау алды­мен солар­дың ісі емес пе?!

Ал Алма­ты облы­стық поли­ция депар­та­мен­тінің бұры­нғы бас­шы­сы осы қай­ғы­лы оқиға­дан сәл ғана бұрын Ішкі істер бірін­ші вице-мини­стрі болып өсіп кеткен?!.

Оның жедел құры­лған тер­геу ісіне жетек­шілік жаса­уы пара­докс емес пе?

Ең алды­мен осы­лар­ды орны­нан алған­да бүгін­гі­дей ел түгел нара­зы болып жатқан құй­ты­рқы видео шық­пас еді…

Ішкі істер мини­стр­лі­гіне түбе­гей­лі рефор­ма жасал­ма­са, кеше­гі поли­ци­я­ның бүгін­де еш өзгер­ме­генін айқын көріп отырмыз.

Елдің ішкі істер сала­сы­на сенім кре­ди­ті түгел жойылған.

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның «Біздің елі­міз­ге заң үстем­ді­гі және аза­мат­тық тәр­тіп аса қажет» деп талап еткен «заң мен тәр­тіп қағи­да­сы» қашан орнай­ды? Үкі­мет не істеп отыр? Бұдан бұры­нғы депу­тат­тық сау­а­лы­мы­зда айтқан­дай, үкі­мет­ті, мини­стр­лер мен әкім­дер­дің бәрін бір жаққа жинап алып кетіп қал­са, елде ешнәр­се де өзгер­мей­ді. Енде­ше, пре­зи­дент­тің тап­сы­рған заң қағи­да­сын елде орна­та алмай­тын, халы­қтың тілін­де сөй­лей алмай­тын үкі­мет­тің не кере­гі бар?!.

Қазақ қашан қара­лы үйге тас лақты­рып еді? Ал қазір қай­ғы­лы қаза­ға ұшы­раған шаңы­рақты өртеп жібе­ру­ге дей­ін­гі жауы­зды­ққа барып отыр!

Бұл біздің талай жыл зар­лап келе жатқан «Ұлт­тық идео­ло­гия бол­ма­са, ешнәр­се дамы­м­ай­ды!» – деген сөзі­міздің маңы­зды­лы­ғын көр­се­те­ді! Бұл фор­му­ла­ның айқын дәлелі – кеше­гі билік ойы­на кел­генін істе­ген отыз жыл­дағы заң­сыздық пен әле­умет­тік теңсіздік! Талғар тра­ге­ди­я­сы да осы­ның «жемісі».

Талап ете­міз:

1.Талғардағы қай­ғы­лы қаза­ға кінәлілер түгел қатаң жаза­сын алуы тиіс!

2.Қылмысқа жол бер­ген мем­ле­кет­тік орган­дар қыз­мет­кер­лері тегіс жау­а­пқа тар­ты­луы тиіс.

3.Сот ашық және әділ өтуі тиіс!

4.Мектептердің бәрін­де бала­лар тәр­тібі қатаң қолға алы­нуы тиіс.

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісі депу­тат­та­ры Қазы­бек ИСА, Азат ПЕРУАШЕВ

Республиканский еженедельник онлайн