Четверг , 3 июля 2025

БІЗДІҢ ДЕ РЕСПУБЛИКАМЫЗ БАР ЕКЕНІ ЕСІМІЗГЕ ТҮСЕТІН ЕКІ-ҮШ КҮН

Бір ұлт қол жет­кі­зетін ең басты мақсұт, ең ұлы құбы­лыс ол –дер­бес мем­ле­кет­тілік. Ұлт­тың бола­шағын айқын­да­уға ең басты негіз де ол – тәу­ел­сіз рес­пуб­ли­ка­сы және оның бір тұтас территориясы.

Біз­де – Қаза­қта бұл бар. Жер жиһан мой­ын­дай­тын Рес­пуб­ли­ка да, Жер шары­ның жарам­ды аумағы­ның 10%-ын алып жатқан алып тер­ри­то­рия да қаза­ққа басы бүтін тиесілі. Оған қолы­мыз жеткен.

«Қол­да бар­да алтын­ның қадірі жоқ» деп мақал­дай­тын да біз. Азат ота­ны­мыз барын бір жыл­да бір-екі күн ғана ойы­мы­зға ала­тын да біз. Ештеңені ұқса­та алмай оты­рға­ны­мыз да содан болар.

Бұл жолы көңілі­міз­ге медеу болған бір іс – мере­ке қар­саңын­да Аста­на­дағы Спорт­ты қол­дау дирек­ци­я­сы екі күн­дік бағ­дар­ла­ма­мен ауқым­ды шара­лар ұйым­да­сты­рға­ны еді. Мақ­са­ты – спорт­шы­лар­дың жүре­гіне ұлт­тық рух жүк­теу екен. «Біздің батыр ұл-қызда­ры­мы­зда күш те, тех­ни­ка да, мінез де бар. Егер жеңіс­ке бір нәр­се жет­пе­се, онда ол ұлт­тық рух жетіс­пе­уі болар. Рес­пуб­ли­ка күні бай­ла­ны­сы­мен олар­дың ұлт алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гін жетіл­те түсу­ге құл­шын­дық», – дей­ді Дирек­ция бас­шы­сы Олжас Аза­тұ­лы Акимов.

Өзі­міз де спорт­ты, шыны­ғу­ды жаны қалай­тын кісі едік. Көк бай­рақты біле­гі­мен биік­ке көтер­ген батыр жігіт­тері­міз­бен бір­ге бұл шараға бел­сене қатыстық.

Рес­пуб­ли­ка күні құт­ты бол­сын! Мем­ле­кеті­міз мәң­гі болсын!

Біз туған тауы­мыз да, дала­мыз да,

Басы бүтін қала ма баламызға. 

Сұрақ бұл

қан ішкіз­ген сан батырға,

Сұрақ бұл

Қай­ғы ішкіз­ген сан абызға.

Сұрақ бұл

Бола­шақтың мың жылында,

Таң сай­ын жаңғы­ра­тын санамызда. …

Рес­пуб­ли­ка­сы бар және оны мәң­гі сақта­уға мін­дет­ті екені­мізді таң сай­ын есте ұстайық!

 Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн