Четверг , 3 июля 2025

Мұнайшылар тағы да ереуілге шықты

Маңғы­стау облы­сын­да «Кез­би» мұнай-сер­ви­стік ком­па­ни­я­сы­ның жұмыс­шы­ла­ры бір тәулік бойы жұмысқа шығу­дан бас тар­тып отыр, деп хабар­лай­ды Orda.kz.

Біздің дереккөздің мәлі­метін­ше, Жаңаө­зен­де­гі жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­стік (ЖШС) қыз­мет­кер­лері ере­уіл­ге шығып, соның сал­да­ры­нан кәсі­по­рын­ның жұмысы уақыт­ша тоқтап тұр. Олар­дың бей­не­жа­з­ба­сы әле­умет­тік желілер­де тарап кет­кен болатын.

Біз ком­па­ни­я­ның басқа­ру­шы­сы Ержан Кез­ба­евқа хабар­ла­стық. Оның айтуын­ша, қазір бас­шы­лық жұмыс­шы­лар­мен келіс­сөз жүр­гізіп жатыр.

«96 адам жаңа ком­па­ния құру­ды талап етіп, жұмысқа шыққан жоқ. Бұл ере­уіл­дің бел­сен­ділері құры­ла­тын жаңа ком­па­ни­я­ның бас­шы­лы­ғын­да болғы­сы келеді, қазір­гі уақыт­та олар меха­ник, маши­нист болып жұмыс істей­ді. Айта кету керек, «Кез­би» жұмысын тоқтатқан жоқ. Біз адам­дар­мен келіс­сөз жүр­гізіп жатыр­мыз, олар­ды бітім­гер­лік кеңесіне шақыр­дық», – деді Ержан Кезбаев. 

Ком­па­ния бас­шы­сы­ның айтуын­ша, ере­уіл­ге шыққан қыз­мет­кер­лер­дің орта­ша жалақы­сы 800 000 тең­ге. Ержан Кез­ба­ев еңбе­кақы­ның уақты­лы және бар­лық ауда­рым­дар­мен төле­нетінін атап өтті. «Кез­би» ком­па­ни­я­сын­да 1200 адам жұмыс істей­ді, ере­уіл­ге шама­мен жүз­ге жуық адам шықты.

Редак­ция сон­дай-ақ Маңғы­стау облы­сы әкім­ді­гі­нен түсінік­те­ме сұра­ды, алай­да олар «кәсі­по­рын жеке мен­шік­ке тиесілі» деген сыл­та­у­мен жау­ап беру­ден бас тартты.

«Кез­би» – ел тәу­ел­сізді­гін алған­нан кей­ін құры­лған алға­шқы жеке ком­па­ни­я­лар­дың бірі сана­ла­тын мұнай-сер­ви­стік ком­па­ния. Ком­па­ни­я­ның тір­кеу құжат­та­ры 26 жыл бұрын, 1998 жылы рәсім­дел­ген. Ком­па­ни­я­ның алға­шқы бас­шы­сы және қазір­гі құры­л­тай­шы­сы Бітім Кез­ба­ев – кәсі­би шах­та бұрғы­ла­у­шы­сы. Ол өз еңбек жолын «Маңғыш­лақ­мұ­най­га­з­бар­лау» тресін­де бұрғы­ла­у­шы болып бастаған. 2012 жылы Forbes басы­лы­мы оны «Үздік кәсіп­кер­лер» тізі­міне қосты.

Тек 2009–2011 жыл­дар ара­лы­ғын­да ком­па­ния «Алтын Феникс» және «Еуро­па­лық эко­но­ми­ка­лық кеңістік­те­гі үздік ком­па­ния» халы­қа­ра­лық сый­лы­қта­ры­мен мара­пат­тал­ды. Соны­мен қатар елі­міздің әлем­дік мұнай-газ өндірісін­де­гі үлесін арт­ты­руға қосқан үлесі үшін «Сала арда­гері» атағын алды және «Қаз­Мұ­най­Газ» ҰК» АҚ мен «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­ла­ры­нан алған алғыс хат­та­ры бар.

Алай­да ком­па­ни­я­ның жетістік­теріне қара­ма­стан, бас­шы­лық пен қыз­мет­кер­лер ара­сын­дағы қарым-қаты­нас үне­мі жақ­сы бола бер­мей­ді. Соңғы бір­не­ше жыл­да «Кез­би» қыз­мет­кер­лері еңбек жағ­дай­ла­рын жақ­сар­ту және жалақы­ны көте­ру талап­та­ры­мен бір­не­ше рет ере­уіл­ге шықты. Дидар ҚАЙРАТ

Республиканский еженедельник онлайн