Пятница , 4 июля 2025

Кино саласындағы жағдай қатты қиындап барады

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Прези­ден­ті Қ.-Ж. Тоқаевқа,

Пре­мьер-министр О. Бектеновке,

Қаза­қстан Парла­мен­ті Сена­ты мен Мәжіліс депу­тат­та­ры­на!

Халық, мем­ле­кет өзінің ұлт­тық мәде­ни­етін­сіз бола алмай­ды. Дәл осы мәде­ни­ет пен өнер арқы­лы ұлт­ты ерекше­лен­діріп тұра­тын, бола­шақты құрып, алға сенім­ді жете­лей­тін руха­ни күш, ұлт­тық код ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.

Кине­ма­то­гра­фия – бүгін­гі мәде­ни­ет пен өнер­дің маңы­зды бөлі­гінің бірі.

Кино – жастар­ды тәр­би­е­ле­уші, мем­ле­кет­тің идео­ло­ги­я­сын жүр­гі­зу мен қоғам­ның мәде­ни және руха­ни құн­ды­лы­қта­рын наси­хат­та­уда негіз­гі мықты құрал.

Біз, Қаза­қстан­ның мәде­ни­ет және өнер қай­рат­кер­лері, осы хат арқы­лы отан­дық кине­ма­то­гра­фия сала­сын­да қалып­тасқан жағ­дай­ға қат­ты алаң­да­у­шы­лық таны­тып отыр­мыз. Соңғы жыл­да­ры кино сала­сын­да біт­пей­тін жан­жал­дар көбей­іп кет­ті, атап айтқан­да, кино өндірісіне жау­ап­ты орын­дар­да бұл салаға қаты­сы жоқ бөг­де адам­дар отыр. Жемқор­лық жай­лаған қоғам­да киноға бөлін­ген мил­ли­ард­таған тең­ге талан-тара­жға салы­нып, нағыз кино­гер­лер­дің сөзін ешкім тың­дап жатқан жоқ. Бұл сала­дағы дегра­да­ци­я­ны тоқтат­па­са, жағ­дай әбден қиын­дай­тын түрі бар. Мұның бәрі бүкіл кино маман­да­ры­ның алаң­да­у­шы­лы­ғын туғы­зып отыр. Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гі қазақ кино­сын­дағы жағ­дай­ды рет­те­мек түгілі, басын алып қашып отыр. Жау­ап­ты орын­дарға жазы­лған хат­тар мен шағым­дарға мәсе­лені еш зерт­те­ме­стен бір­сы­ды­рғы жау­ап­тар ғана беріледі. Мәде­ни­ет сала­сы­на мәде­ни­ет­ті білетін бас­шы керек екені күн сай­ын сезілу­де. Сол себеп­ті біз, кино­гер­лер, отан­дық кино сала­сын­дағы қор­да­ланған про­бле­ма­лар­ды шешу жол­да­рын талап етіп, билік­ке қай­ы­ры­луға мәжбүрміз.

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Біз Сіз­ден Ш. Айма­нов атын­дағы «Қаза­қ­фильм» кино­сту­ди­я­сы­на келіп, кино­гер­лер­мен тіке­лей кез­де­су өткі­зуіңізді неме­се нара­зы киноқа­уым өкіл­дерін қабыл­да­уы­ңы­зды сұрай­мыз. Өзіңіз тіке­лей ара­ла­сып, жағ­дай­ды жеке бақы­ла­у­ы­ңы­зға алма­саңыз, мәсе­ле шешіл­мей­тін сияқты. Біздің жанай­қай­ы­мыз жау­ап­сыз қал­май­ды деп үміттенеміз.

Асанәлі ӘШІМОВ, ҚР Еңбек Ері

Дулат ИСАБЕКОВ, ҚР Еңбек Ері

Нұржұ­ман ЫҚТЫМБАЕВ, ҚР Халық әртісі

Смағұл ЕЛУБАЙ, ҚР Халық жазу­шы­сы

Досхан ЖОЛЖАҚСЫНОВ, ҚР Халық әртісі

Талғат ТЕМЕНОВ, ҚР Халық әртісі

Қанат ТӨРЕБАЙ, ҚР Еңбек сіңір­ген қайраткері

Республиканский еженедельник онлайн