Суббота , 5 июля 2025

Ескерткіштер «жарысын» тоқтату керек, рухани мұраға жүйелі көзқарас қажет

Мем­ле­кет­тік кеңес­ші Ерлан Қарин «Qazaqstan» теле­ар­на­сы­ның «Бас тақы­рып» бағ­дар­ла­ма­сы­на бер­ген сұх­ба­тын­да соңғы жыл­да­ры кей­бір елді мекен­дер­де ескерт­кі­ш­тер­ді орна­ту бой­ын­ша «жарыс» өтетініне назар ауда­рып, бұл жұмыстар­ды орта­лы­қтан­ды­ру қажет екен­ді­гіне тоқтал­ды, деп жаза­ды Dalanews.kz.

Мем­кеңес­шінің атап өткенін­дей, соңғы жыл­да­ры бұл сала­да бір-бірі­мен жары­су, бей-бере­кет шешім­дер қабыл­дау көбейген.

Ерлан Қарин бұл жағ­дай­ды тоқта­ту үшін, ескерт­кі­ш­тер­ді орна­ту­ды мини­стр­лік дең­гей­ін­де­гі комис­си­я­ның келісі­мі­мен және бекітіл­ген стан­дарт­тарға сай жүр­гі­зу қажет екенін айтты.

«Кей­бір ауыл­дар­да, елді мекен­дер­де тіп­ті бір-бірі­мен жары­са­тын­дар бар. Қай­сысы­ның ата-баба­сы­на ескерт­кіш қалай қой­ыл­ды, тіп­ті оның биік­ті­гі­мен жары­са­тын үрдіс пай­да бол­ды. Бір жер­де 4 метр ескерт­кіш тұр­са, сол аудан­дағы екін­ші бір ескерт­кі­шті 5 метр қылып, жары­сып қояды, тіп­ті біз­ге соңғы кел­ген бір эскиз­дер­дің биік­ті­гі 8 метр­ден асып кет­кен. Мұны тоқта­ту керек», – деді ол «Бас тақы­рып» бағ­дар­ла­ма­сы­на бер­ген сұхбатында.

Қарин­нің айтуын­ша, соңғы кез­де жер­гілік­ті атқа­ру­шы билік пен мини­стр­лік­тің комис­си­я­сы­нан өтпей, мақұл­да­май, ақыл­дас­пай, бір­ден ескер­кі­шті құрып қоя­тын жағ­дай­лар жиілеп кет­кен. Тіп­ті «ескерт­кіш дай­ын тұр, осы­ны орна­ту керек» деп талап қоя­тын­дар да бар.

«Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да Қаза­қстан­да 1000-нан аса ескерт­кіш орна­ты­лған. Бұл Кеңес Одағы кезеңін­де­гі көр­сет­кі­ш­тен үш есе артық. Ескерт­кіш орна­ту жарыс болып кет­ті. Егер мұны рет­ке кел­тір­ме­сек, онда тағы да бере­кесіздік болады. 

Осы­ған бай­ла­ны­сты әр ескерт­кі­штің көр­кем­дік және мән-мағы­на­лық жағы басты наза­рға алы­на­ды. Жақын­да орна­ты­лған Ахмет Бай­тұр­сы­нов, Мұх­тар Әуе­зов, Бер­ді­бек Соқ­пақ­ба­ев ескерт­кі­ш­тері халы­қтың оң баға­сын алға­ны осы талап­тар­дың нәти­же­сі деу­ге бола­ды», – деді мем­ле­кет­тік кеңесші.

Көр­кем АЛДАБЕРГЕНОВА

Республиканский еженедельник онлайн