Пятница , 4 июля 2025

Жетісудағы қоныстой қуанышы

Жеті­су облы­сын­да әле­умет­тік осал топ­тар сана­тын­дағы 57 отба­сы бас­па­на­лы бол­ды. Атап айтқан­да, Тал­ды­қорған­да 37 жаңа пәтер­дің, Сарқан қала­сын­да 20 жеке тұрғын үйдің кілт­тері тап­сы­рыл­ды, – деп хабар­лай­ды Жеті­су облы­сы әкі­мінің бас­пасөз қызметі.

Сарқан ауда­ны әкім­ді­гінің хабар­ла­у­ын­ша, аудан орта­лы­ғын­да бас­па­на салу мәсе­лесіне соңғы жыл­да­ры баса назар ауда­ры­лып, ауқым­ды жұмыстар атқарылуда.

– 2022 жылы тұрғын үй кезе­гін­де тұрған аза­мат­тар үшін 5 қабат­ты 50 пәтер­лі үй, өткен жылы «Бола­шақ» шағын ауда­нын­да екі қабат­ты 20 пәтер­лі тұрғын үй қол­да­ны­сқа беріл­ді. Бұған қоса, аудан­ның әле­умет­тік осал топ­тағы аза­мат­та­ры үшін 24 тұрғын үй сатып алы­нып беріл­ді. Бүгін 20 үйдің кіл­ті тап­сы­рыл­са, бұдан бөлек, жақын ара­да осы тип­те­гі 30 тұрғын үйдің құры­лы­сы аяқта­лып, қол­да­ны­сқа беріледі, – дей­ді Сарқан ауда­ны­ның Тұрғын үй-ком­му­нал­дық шару­а­шы­лы­ғы, авто­мо­биль жол­да­ры, жола­у­шы­лар көлі­гі және тұрғын үй инспек­ци­я­сы бөлі­мінің бас­шы­сы Әсет Қанапиянов.

Осы күні жаңа үйге ие болған­дар қата­рын­да жетім бала­лар, мүге­дек­ті­гі бар бала­ны тәр­би­е­ле­уші отба­сы­лар, мүге­дек­ті­гі бар аза­мат­тар, көп бала­лы ана­лар, толық емес отба­сы­лар, Ұлы Отан соғы­сы­ның арда­гер­леріне теңе­стіріл­ген­дер бар.

Сарқан­дық көп бала­лы ана Толқын Ман­те­ко­ва қоны­стой қуа­ны­шы­на кенел­ген­дер­дің бірі.

– Тұрғын үй кезе­гіне 2019 жылы көп бала­лы ана ретін­де тұрған­мын. Бүгін, міне, Жаңа жыл қар­саңын­да арма­ны­мы­зға жетіп, үйлі бол­дық. Мем­ле­кет тара­пы­нан беріл­ген үй кең, жай­лы, қолай­лы. Бас­па­на­лы болға­ны­мы­зға әсіре­се бала­ла­рым ерекше қуа­нып жатыр, –– дей­ді ол.

Облыс орта­лы­ғы Тал­ды­қорған қала­сын­дағы «Құла­гер» шағын ауда­ны­нан жаңа пәтер­ге ие болған Жанар Болат­бе­ко­ва да өз қуа­ны­шы­мен бөлісті.

– Бүгін көп­тен күт­кен пәтері­мізді алдық. Мүге­дек­ті­гі бар бала­мы­здың ден­са­улық жағ­дай­ы­на қолай­лы жаңа пәтер­ге ие болға­ны­мы­зға қуа­ны­шты­мыз. Кезек­те 10 жыл­дан аса уақыт тұрып, осы күн­ді күт­тік. Сол күн­ге де жет­тік, рақ­мет! – деді Жанар.

Жал­пы Жеті­су облы­сын­да биыл тұрғын үй құры­лы­сы­на 7,6 млрд тең­ге бөлін­ді. Бұл қар­жы 56 көп қабат­ты және 214 жеке тұрғын үй салуға бағыт­тал­ды. Бұдан бөлек, халы­қтың әле­умет­тік осал топ­та­ры үшін 866 пәтер сатып алын­ды, оған 15,9 млрд тең­ге бөлінді.

Жеті­су облы­сы әкі­мінің бас­пасөз қызметі

Республиканский еженедельник онлайн