Пятница , 4 июля 2025

«РЕЗЕРВТЕГІ ӘСКЕР» –

жаңа әскери қызмет түрі құрылады

Кеше ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің жал­пы оты­ры­сын­да «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне резерв­те­гі қыз­мет мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Заңы қабыл­дан­ды. Осы­ған орай атал­мыш заң­ның жоба­сын талқы­лау жөнін­де­гі жұмыс тобы­ның жетек­шісі, депу­тат Ермұрат Бапи­дың баян­да­ма­сын қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Резерв­те­гі қыз­мет мәсе­ле­лері бой­ын­ша заң жоба­сын әзір­леу әскер­ге жұмыл­ды­ру (моби­ли­за­ция) дай­ын­ды­ғы мен жұмыл­ды­ру жүй­есін одан әрі жетіл­ді­ру қажет­тілі­гіне бай­ла­ны­сты туын­да­ды. Заң­на­ма­лық актілер­ге енгі­зу үшін әзір­лен­ген түзе­ту­лер әске­ри бөлім­дер­ді дай­ын­далған кадр­лар­мен толы­қты­руға және жауын­гер­лік іс-қимыл­дарға дай­ын резерв­тік күш­тер құруға мүм­кін­дік береді.

Әске­ри қыз­мет­тің бұл түрін енгі­зу бей­біт уақыт­та Қару­лы Күш­тер­дің санын көбейт­пей, қой­ы­лған мін­дет­тер­ді орын­да­уға дай­ын аза­мат­тар­дың бел­гілі бір мөл­шерін дай­ын­да­уға мүм­кін­дік береді. Заң жоба­сын қарау бары­сын­да Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­тат­та­ры 100-ге жуық түзе­ту енгізді, оның ішін­де 6 кодекс пен 14 заңға өзгеріс енді.

  • Аны­қта­ма ретін­де: Түзе­ту­лер Қыл­мыстық, Қыл­мыстық-про­це­стік, Еңбек, Әле­умет­тік, Бюд­жет­тік және Су кодек­с­теріне, сон­дай-ақ «Семей ядро­лық сынақ поли­го­нын­дағы ядро­лық сынақтар­дың сал­да­ры­нан зардап шек­кен аза­мат­тар­ды әле­умет­тік қорғау тура­лы», «Тұрғын үй қаты­на­ста­ры тура­лы», «Жұмыл­ды­ру дай­ын­ды­ғы және жұмыл­ды­ру тура­лы», «Қару­дың жеке­ле­ген түр­лерінің айна­лы­мын мем­ле­кет­тік бақы­лау тура­лы», «Қыл­мыстық про­цес­ке қаты­са­тын адам­дар­ды мем­ле­кет­тік қорғау тура­лы», «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қорға­ны­сы және Қару­лы Күш­тері тура­лы», «Әске­ри қыз­мет және әске­ри қыз­мет­шілер­дің мәр­те­бесі тура­лы», «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік шека­ра­сы тура­лы», «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық ұла­ны тура­лы», «Мін­дет­ті әле­умет­тік меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру тура­лы», «Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл тура­лы, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік қыз­меті тура­лы», «Мем­ле­кет­тік мүлік тура­лы» және «Агроө­нер­кәсіп­тік кешен­ді және ауыл­дық аумақтар­ды дамы­ту­ды мем­ле­кет­тік рет­теу тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­на енгізілді.

Заң жоба­сы­ның негіз­гі ере­же­лерінің әрқай­сы­на тоқта­ла кет­сек, келесіні айтуға бола­ды. Заң жоба­сы­ның негіз­гі новел­ла­ла­ры: әске­ри қыз­мет­тің жаңа түрін енгі­зу – «резерв­те­гі әске­ри қыз­мет» және әске­ри қыз­мет­шінің жаңа сана­ты – «резерв­те әске­ри қыз­мет өткеріп жүр­ген әске­ри қыз­мет­ші», басқа сөз­бен айтқан­да, «резерв­те­гі әске­ри адам» болып табылады.

Депу­тат­тар резерв­те­гі әске­ри қыз­мет­ке кіретін адам­дарға қой­ы­ла­тын талап­тар­ды, олар­дың әске­ри қыз­мет өтке­ру тәр­тібін, сон­дай-ақ олар­дың құқы­қта­ры мен мін­дет­терін бел­гілей­тін нор­ма­лар­ды пысықтады.

Осы нор­ма­лар­ды рет­ке кел­ті­ру, сон­дай-ақ «Әске­ри қыз­мет және әске­ри қыз­мет­шілер­дің мәр­те­бесі тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң мәтінінің жазы­лу қисы­ны мақ­са­тын­да депу­тат­тар әскер­ге шақы­ру бой­ын­ша және келісім­шарт бой­ын­ша әске­ри қыз­мет­ке ұқсас резерв­те­гі әске­ри қыз­мет­ті өтке­ру ерекшелік­терін көз­дей­тін нор­ма­лар­ды жеке тарау ретін­де жүйелендірді.

Депу­тат­тар осы заң жоба­сын қарау шең­берін­де енгіз­ген түзе­ту­лер­дің келесі бло­гы – әске­ри резерв­шілер­дің еңбек қаты­на­ста­ры мен әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ры­луы­на қаты­сты түзетулер.

Атап айтқан­да, депу­тат­тар түр­лі ақша­лай төлем­дер­ді (әске­ри қыз­мет өтке­ру кезін­де алған жарақат­та­ры үшін өте­мақы төлем­дері, мүге­дек­ті­гі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік әле­умет­тік жәр­де­мақы және т. б.), заттай және азық-түлік­пен қам­та­ма­сыз ету­ге, әске­ри резер­вист­ке меди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту­ге, жұмыс істей­тін әске­ри резер­ви­стің еңбек қаты­на­ста­ры­на қаты­сты нор­ма­лар­ды ұсынды.

Соны­мен қатар әске­ри резерв­шілер­дің мін­дет­ті әле­умет­тік меди­ци­на­лық сақтан­ды­ры­луы­на ауда­рым­дар мен жар­на­лар­ды рет­тей­тін нор­ма­лар енгізді.

Сон­дай-ақ депу­тат­тар әске­ри құқық бұзу­шы­лық субъ­ек­тісі ретін­де резерв­те­гі әске­ри адам­ның қыл­мыстық жау­ап­ты­лы­ғы­на қаты­сты түзе­ту­лер енгізді. Одан басқа, Шека­ра қыз­меті мен Ұлт­тық ұлан­ның қыз­метін рет­тей­тін заң­на­маға осы күш құры­лым­да­ры­ны­ңре­зервін­де әске­ри қыз­мет өтке­ру­ге мүм­кін­дік беретін толы­қты­ру­лар бар.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Қ.К. Тоқа­ев­тың 2023 жыл­дың 16 қыр­күй­ек­те­гі № 353 Жар­лы­ғын іске асы­ру мақ­са­тын­да жеке­ле­ген мем­ле­кет­тік орган­дар­дың кей­бір функ­ци­я­ла­рын қай­та­дан құру үшін, заң жоба­сы­ның ата­уы өзгер­гені тура­лы атап өткен жөн. Енді заң жоба­сы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне резерв­те­гі әске­ри қыз­мет және орта­лық мем­ле­кет­тік орган­дар­дың кей­бір қыз­метін қай­та­дан бөлу мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» деп аталады.

Пар­ла­мент Мәжілісінің бар­лық коми­теті заң жоба­сы жөнін­де оң қоры­тын­ды­ла­рын бер­ді. Заң жоба­сын қарау бары­сын­да пре­зен­та­ция, жұмыс тобы­ның он бес оты­ры­сы, Халы­қа­ра­лық істер, қорға­ныс және қауіп­сіздік коми­тетінің кеңей­тіл­ген екі оты­ры­сы өтті. Аталған кез­де­су­лер бары­сын­да заң жоба­сы жан-жақты қара­лып, талқы­лан­ды, әзір­ле­уші­ге – ҚР Қорға­ныс мини­стр­лі­гіне қой­ы­лған сұрақтарға толық жау­ап алынды.

Бірін­ші оқы­лым­да заң жоба­сы 2023 жыл­дың 15 қара­ша­сын­да мақұл­дан­ды. Айты­лған жайт­тар­ды еске­ре келе, Мәжілістің Халы­қа­ра­лық істер, қорға­ныс және қауіп­сіздік коми­теті заң­ды қабыл­дап, оны Пар­ла­мент Сена­ты­ның қара­уы­на жібе­ру тура­лы ұсы­ныс енгізіп отыр.

Ермұрат Бапи, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн