Четверг , 3 июля 2025

ЖІГІТТІҢ НАҒЫЗ СЫНАЛАР ШАҒЫ

Әріп­тес інім Берік Уәли облыс әкі­мі болып­ты. Қан­дай тәу­е­кел десеңіз­ші! Иыққа сон­ша жүк арту оңай ма? Қан­ша­лы­қты атқа­рып шыға­ды? Қан­дай да бір шару­а­шы­лық тіз­гінін ұста­маған, негіз­гі маман­ды­ғы жур­на­ли­сти­ка сала­сы, тым бол­ма­са аудан басқар­маған адам қалай біл­дей бір облы­стың әкі­мі бола­мын дей­ді екен деген ойдың туа­ты­ны да шын­дық. Бірақ өмір сынағын­да, қыз­мет биі­гін­де маман­ды­ғы сәй­кес кел­ме­се де, көп­шілік­тің көңілі­нен өшпе­ген жан­дар бар ғой!

Мыса­лы, Іли­яс Ома­ров. Ол кісі Орта Азия эко­но­ми­ка және сауда тау­ар ісі инсти­ту­тын бітір­ген және сол сала­ның мықты біл­гірі, мене­джері болған. Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау коми­теті төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­сар­лы­ғы­нан оны Қазақ КСР Мәде­ни­ет мини­стрі етіп тағай­ын­дар­да, Мәс­ке­уде­гі Гос­план­ның бас­шы­сы сала­ның ең білік­ті ада­мын мәде­ни­ет­ке жібе­ру­ге үлкен қар­сы­лық көр­сетіп­ті. Бірақ кең мас­шта­б­ты тұлға үшін маман­дық деп қатып қалу шарт емес. Дәл осы Ома­ро­втай қазақ мәде­ни­етінің дамуы­на білек сыба­на кіріс­кен қай­рат­кер кем­де-кем. Іле­кең деп халық құр­мет­те­ген министр Ома­ро­втың тұсын­да бұрын қазақ жерін­де өркен жай­маған – эст­ра­да, цирк өнерінің осы топы­рақта өнуі, театр­лар­дың дамуы, басқа да өнер­де­гі тың сала­лар­дың, жал­пы қазақ мәде­ни­етінің қары­штап өркен­де­уі жүзе­ге асты. Тіп­ті өмір­ден озса да, аты тарих­та, жүрек­тер­де қалды.

Берік­тен де осын­дай кең мас­шта­б­ты күте­міз. «Бөрік­тінің намысы бір» деген­дей, бөрі­гім жоқ бол­са да, әріп­те­сті­гі бар Берік інім сүрін­бе­се екен, қай кез­де де ақыл­мен, стра­те­ги­я­лық бағыт­та – жұр­тым­ды қалай дамы­та­мын деп ойласқан жемісті қадам­дар жаса­уын, қай кез­де өзім­нің (шку­рам­ды) орным­ды сақтап қала­мын демей, ел игілі­гін бірін­ші оры­нға шыға­руын тілей­мін. Ал ойы осы мақ­сатқа құрыл­са, Берік­тің абы­рой арқа­лай­ты­ны­на сенім­ді­мін. Сон­ды­қтан көз қадап оты­рған жұрт­тың күл­кісі мен таба­сы­на қал­май, «Көте­ре алмас шоқ­пар­ды беліне бай­лап­ты» дегіз­бей, Абай елінің өркен­де­уіне тер төгіп, аян­бай­ды, алғыс арқа­лай­ды деп ойлаймын.

Семей жұр­ты да қашан­нан қаси­ет­ті сөз қонған, ер қадірін ұғы­нған, жер құтын қашыр­маған жұрт қой, басқа­ра­мын деп кел­ген ұлы­ның ойын қостап, бөлін­бей, ештеңе­ге бөл­шек­тен­бей, тұтас қимыл­дай­ды деп ойлай­мын. Сәттілік!

Менің ойым­ша, Берік үшін нағыз сына­лар шақ дәл осы кезең!

Анар ТӨЛЕУХАН

Республиканский еженедельник онлайн