Дональд Трамп немесе трамптралалайка заманы жайлы жазбадан
АҚШ – алып елдің жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп бүкіл әлемді дүрліктіріп қана қоймай, ойына келген «жаңа ойын өрнегін» жариялап, әлемді аузына қаратып қойды, ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс.
Бүкіл әлем – жаратушы иеміздің сандармен өрнектеген бейнесі.
Галилей.
(Планеты управляют невеждами, а мудрецы управляют планетами).
Қараңғыларды қалауынша планеталар жүндейді,
Данышпандар – жарығы мол планеталарды билейді.
Трамптың туған күні 14.06.1946 ж.
Бизнестің адамы, 14 (өзін-өзі мақтағанды жақсы көреді), жалпы «бестіктер» – деп аталады, интеллекті жоғары, ЭГО-сы қисынға (логика) бағытталған, бес сезім мүшесі жақсы дамыған (бесаспап), жүзі (жан жылуы суық) салқын, эмоциясын жасыра алады, не нәрсені де көбейтуге (масштабировать) бағытталған. Меркурий жұлдызының құшағында дүниеге келген жандардың торығы (аура) кішкентай, түймедейді түйедей қылып, түйедейді түймедей көрмейді, өкпешіл болып келетіні де сондықтан. Даланың, көшенің тәрбиесімен өскендер (көше «партиясының» заңымен жүреді) жаны еркіндікті қалайды. Хамелеон, жарты сағатта өзімен әңгімелескен жанның энергиясын оп оңай қабылдап, бейімделе алады. Қолына бума жіптің бір ұшын ұстатсаң, екінші ұшын тез табады, тізбекті (последовательно) түрде миы жылдам жұмыс істейді. Қандай да бір шешімді жылдам қабылдайды, ойы ұшқыр. Ішкі дүниесіне үңілетін болсақ: түсінігі кемшін (тот басқан бес теңгесін тықпайтын жері жоқ), талдауы таяз, өзге жанның ойымен санаспайды (неадекват), өмірден сабақ алмайды, бір істеген қателігін қайталай береді, қопақтағанымен, көпшігінде күші жоқ. Меркурий – Күнге ең жақын орналасқан планета, өз осінен айналуы жылдам, Күнді айналу периоды қысқа (салыстырмалы түрде).
Жаратқан иеміз:
«үштіктерді» – қолпаштап, көтереді, «алтылықтарды» – жақсы көреді, «бестіктердің» тілімен үн қатады.
Жалпы, «бестіктерді» биліктің шыңына жібермеген жөн, келген екен, жас балаша ойына келгенін жасайды (детское восприятие мира).
Бұл – АҚШ демократиялық партиясының жеңілісі ғана емес, бүкіл әлемнің демократиялық бағыттағы күштерінің жеңілісі. Қарсы келу мүмкін емес, таптап өтеді. Өткізіп барып, бүйірден «үштік» бір түйресе, жалп ете түсері анық. Талдау қасиеті мықты жан иесі ғана тоқтата алады, өйткені талдау мен қисын (анализ и логика) бір жазықтықта жатпайды (3, 12, 21, 30-ы туған, қандай айдың болса да, жеке сөйлесуге мүмкіндік туса, қуантарлығы Путин емес). Былтыр өмірінде жаңа цикл басталып, стратегиялық бағытта жеңіске жеткен еді. Биыл жеке екінші жылы, қарым-қатынас, түсінікке барынша бетбұрыс жасайтын жылы. Үлкен шешімдер қабылдамағаны жөн еді. Биыл қатынымен арасы суып, тәубесіне келуі де ғажап емес, соған сенейік те.
Іс-әрекетінде шындықты ту етпесе, алаяқтыққа оңай бара береді. Бәріне бірдей мүмкіндік жасап бергенімен де, ақиқат ауылына қызмет жасамаса, бәрі бекер. Табысы 2,5 пайыз ғана.
Құрманғазы РАХМЕТОВ