Четверг , 3 июля 2025

«ЛГБТ» ЛАҢЫ қазаққа ҚАЖЕТ ПЕ ЕДІ?

  • ҚР Пре­мьер-мини­стрінің

орын­ба­са­ры Ермек Көшер­ба­евқа! 

Мұха­мед пай­ғам­ба­ры­мыз бір хадисін­де: «Егер бір жаман­ды­қты көр­сең, қол­мен түзет, оған шамаң кел­ме­се, тіл­мен айт, оған күшің жет­пе­се – жүрек­пен жек көр!» деген еді. Адам бала­сы­ның қолы­мен жаса­лып жатқан сұм­ды­қтар­дың кесірі­нен қол – қол­ты­қтан, тіл – түбі­нен кесіліп, жүрек­тер қарай­ып барады.

Жер шоқты­ғы – Бура­бай­да өткен Ұлт­тық құры­л­тай­да ел Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Демо­кра­ти­я­лық мораль­дық делініп жүр­ген құн­ды­лы­қтар, оның ішін­де «ЛГБТ» көп­те­ген елге ондаған жыл бойы таңы­лып кел­ді. Осын­дай желе­умен халы­қа­ра­лық үкі­мет­тік емес қор­лар мен ұйым­дар көп­те­ген елдің ішкі ісіне негіз­сіз ара­ла­сты», – деп ашық айтты.

Сон­дай-ақ мем­ле­кет бас­шы­сы пре­зи­дент Трамп бастаған Аме­ри­ка әкім­шілі­гінің жап­пай қыз­мет бабын асы­ра пай­да­ла­нуға қаты­сты оқиға­лар­ды аны­қта­уға және дәстүр­лі мораль­дық құн­ды­лы­қтар­ды қал­пы­на кел­тіру­ге бағыт­талған жұмыста­ры қол­да­уға лай­ық екенін атап өтті. 

Расын­да да, соңғы жыл­да­ры әле­умет­тік желілер­де ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мы­зға жат құбы­лы­стар­ды, «ЛГБТ»-ны наси­хат­тай­тын ұйым­дар­дың бел­сен­ді әре­кеті има­ны­мы­зды үйіріп, жаны­мы­зды шүбе­рекке түю­де. Әсіре­се олар TikTok, өзге де плат­фор­ма­лар арқы­лы өске­лең ұрпақты азғын­ды­ққа үгіттеуде. 

Аса жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лық әдіс-айла­мен қару­ланған мұн­дай қитұрқы үгіт-наси­хатқа әлі кәме­лет­тік жасқа тол­маған, жақ­сы мен жаман­ды айы­ра біл­мей­тін, бұға­на­сы бекі­ме­ген, руха­ни дің­ге­гі қат­паған бала­лар мен жасөс­пірім­дері­міз тез бой алды­ра­ты­ны анық. Бұл әре­кет БҰҰ-ның Бала­лар құқы­ғы жөнін­де­гі кон­вен­ци­я­сы­на да қай­шы келеді. Яғни, олар халы­қа­ра­лық нор­ма­лар­дың өзін бел­ден басып, адам­ды­қтан да, ардан да аттауда.

Жастар­ды азды­рып, отба­сын ойран етуді көз­дей­тін бұл ұйым­дар­дың жымысқы әре­кет­тері сырт­тан, яғни шетел­дер­ден қар­жы­лан­ды­ры­лу­да. Олар бұл бағыт­та жұмыс істей­тін үкі­мет­тік емес ұйым­дарға түр­лі грант­тар беру арқы­лы елі­міздің ішкі ісіне ара­ла­сып, ұлт­тық бол­мысы­мы­зға жат дүни­е­лер­ді тара­ту­да. Осы­лай­ша қоғам­ды іштен ірітіп, мем­ле­кеті­міз­ге қауіп төндіруде.

Мәсе­лен, «Феми­ни­та» дей­тін ұйым тіп­ті мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның чаты­на «жыны­стық қаты­на­сқа бау­ли­тын, қалай гомо­сек­су­а­лист, лес­би­ян­ка болу жол­да­рын үйре­тетін іс-шараға» шақы­ру­лар таратқан. 

Қазір­гі таң­да осын­дай ұйым­дар­ды қар­жы­лан­ды­рып кел­ген ЮСА­ИД-тың жұмысы тоқтаға­ны­мен, Батыс елдері­нен қар­жы­лан­ды­ру тый­ыл­май отыр. Ақша үшін бар­лық құн­ды­лы­қтар­ды аяққа тап­та­у­шы­лар жымысқы әре­кет­терін жүр­гі­зу үшін сырт­тан дол­лар­лап қыру­ар қар­жы алу­да. Сон­ды­қтан мұн­дай ұйым­дар­дың жұмысын мұқи­ят тек­серіп, заң аясын­да қатаң шара қол­да­нып, мүл­дем тосқа­уыл қоя­тын кез жетті. 

Бұл мәсе­лені осы­ған дей­ін де әріп­те­стерім Мәжіліс мін­бері­нен бір­не­ше рет көтеріп, депу­тат­тық сау­ал жол­даған бола­тын. «ЛГБТ» наси­ха­ты­на заң­мен тый­ым салуға да баста­ма­шыл­дық еттік. Алай­да бұл Үкі­мет тара­пы­нан қол­дау тап­пай келеді. 

Был­тыр баста­ма­шыл аза­мат­тар «ЛГБТ»-ға қар­сы жари­я­лаған пети­ци­яға екі апта­ның ішін­де 50 мың­нан астам адам­ның қол­дап дауыс беруі қоғам­ның да бұған барын­ша қар­сы екенін біл­діреді. Деген­мен, қоғам­ның бұл орын­ды тала­бы Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі тара­пы­нан іші­на­ра ғана қол­дау тауып, зерт­тей­міз деген­мен ғана шектелді.

Ұрпағы­ң­ды азды­ра­тын, дәстүріңді тозды­ра­тын, ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­ра­тын, рухы­ң­ды сын­ды­ра­тын, сөй­тіп елді­гіңді тын­ды­ра­тын «демо­кра­ти­я­лық үрдістер­дің» ата­сы­на нәлет!

Аузы­мен құс тісте­ген алыс-жақын­дағы елдер­дің өзі етек­терін қым­тап, есік­теріне қара­уыл қоя баста­ды. Ал біз көңілі­мізді күп­ті қылып, жара­ты­лы­сы­мы­зды бай­қап, шара­на­мы­зды шай­қап тұрған құбы­лы­стар­ды көзі­міз­бен көріп тұрып, қам-қаре­кет­сіз отыр­мыз. Жаны­мыз шырыл­дап, тәні­міз күй­іп барады.

Енді Үкі­мет халы­қа­ра­лық үкі­мет­тік емес қор­лар мен ұйым­дар­дың қас-қабағы­на қарап жал­тақта­май, елі­міздің ішкі ісіне ара­ла­сып, шаңы­рағы­мы­зды шай­қағы­сы келетін мұн­дай қадам­дарға батыл тосқа­уыл қой­ма­са, бәрі де кеш болады.

Жет­піс жеті ата­мы­зда жоқ осын­дай оспа­дар әре­кет­тер­дің алдын алу үшін жедел­детіп мынан­дай шара­лар­ды қолға алу­ды ұсынамын.

1. Бүкіл әле­умет­тік желілер­ді қатаң сүз­гі­ден өткізіп, кәме­лет­тік жасқа тол­маған­дар ара­сын­да ұлт­тық дәстүрі­міз бен дүни­е­та­ны­мы­м­ы­зға жат құбы­лы­стар­ды наси­хат­тай­тын азғын ақпа­рат­тарға тосқа­уыл қою.

2. Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің «ЛГБТ» қозға­лы­сы­ның кәме­лет­тік жасқа тол­маған­дарға әсері тура­лы зерт­те­уін аяқтап, жариялау.

3. Ел Пре­зи­ден­тінің тап­сыр­ма­сы­на сәй­кес дәстүр­лі мораль­дық құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды нығай­ту жөнін­де арнайы тұжы­рым­да­ма әзірлеу.

4. Сырт­тан қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын, түр­лі грант­тар ала­тын, ұлт­тық салт-дәстүрі­мізді ман­сұқ ететін үкі­мет­тік емес ұйым­дар­ды тек­серіп, олар­дың кәме­лет­тік жасқа тол­маған бала­лар­мен жұмыс істе­уіне тосқа­уыл қою.

Жанар­бек ӘШІМЖАН, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты

Республиканский еженедельник онлайн