Баспасөзге жазылу науқаны басталғанына бір айға жуықтап қалды. Бұл бұрын күздегі жиын-терінмен қатар жүргізілетін ең маңызды екі шараның бірі еді. Үкімет диқандардың жаз бойғы еңбегін зая кетірмей, астық пен басқа да егін-тегінді толық жинап алуға бар күшін салатын. Ал аудандық, облыстық партия комитеттеріндегі үгіт-насихат бөлімінің басты міндеті – баспасөзге жазылуды үлкен ұйымшылдықпен өткізіп, жергілікті және орталық басылымдардың мол таралымын қамтамасыз ету болатын!
Үлкен өкінішке қарай, бүгінде оның жұрнағы да жоқ! Мемлекет басшысы «Біз озық ойлы, оқитын ұлт болуымыз керек» деп, газет-журнал, кітап оқу мәдениетін дамыту жөнінде нақты тапсырма берсе де, аудандар мен облыстардағы ішкі саясат бөлімдері мен басқармалары ұлттық даму тұрғысынан осындай аса маңызды идеологиялық міндетті ойдағыдай атқара алмай отыр. Бұл ел азаматтарының құқықтық, саяси сауатының артуына, қоғамдық белсенділігіне кері әсер етіп, әр жылғы Президент Жолдауы, елімізде жүргізіліп жатқан реформалар, әртүрлі ұлттық, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мен насихаттау жұмыстарына ұнамсыз әсер етіп жатқаны да шындық. Бәрінің алға тартатыны – демократиялық, құқықтық мемлекетте ешкімге ешнәрсені күштеп таңуға болмайды. Барлығы азаматтардың еркі мен құқықтары негізінде жүзеге асырылуы тиіс!
Сонда мемлекеттің ақпараттық саясаты қалай іске асырылады? Президенттің «Оқитын ұлт», «Таза Қазақстан» сияқты жалпыұлттық мәдениетті дамытуға бағытталған бастамалары мен ел болашағы үшін маңызы зор парламенттік реформа мәселесі халыққа қалай түсіндіріліп, қалай насихатталады?
Осы тұрғыдан келгенде, ресми түрде «Общественная позиция» деген атаумен тіркелген «ДАТ» газетінің де қоғамда өзіндік орны бар. Міне, екі жылдан аса оның әр санында дерлік Мәжіліс депутаттарының ел мүддесі жолында үкімет мүшелері мен республикалық мекеме басшыларына жолдаған өткір депутаттық сауалдары жарияланып келеді. Бұл басылым жуырда ғана Мемлекет басшысы жариялаған парламенттік реформаны түсіндіру мен насихаттау жұмысына да ерекше басымдық беретін болады. Бір сөзбен айтсақ, уақыт өткен сайын, «ДАТ» халық сайлаған қалаулылардың Мәжіліс мінберінен атқарушы билік өкілдеріне жолдаған талап, ұсыныс, пікірлерін тайсалмай жеткізетін парламенттік басылымға айналып келеді. Бірақ ел ойлайтындай, редакция ұжымының қаржылық жағдайы аса мәз емес. Қағаз құны, баспахана қызметі мен пошталық шығындардың айтарлықтай қымбаттауына байланысты күн өткен сайын газет шығару қиын болып барады.
СОНДЫҚТАН, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН, ЕГЕР СІЗ:
билікке бүгежектемейтін батыл сөз, тәуелсіз пікір қоғам мен халыққа қажет десеңіз;
елдегі жалғыз оппозициялық газетті сақтап қалуға мүдделі болсаңыз;
билік пен қоғамдағы оқиғалар мен жағдаяттарға байланысты балама ақпарат алып тұрғыңыз келсе;
қалыптасқан саяси режимді өзгертуге құштар, қуғын-сүргінде жүрген азаматтарға қатысты жай-жапсарды үнемі назарда ұстағыңыз келсе;
елдегі азаматтық қоғамның жай-күйіне жанашыр болсаңыз;
сот пен құқық қорғау ұйымдарынан таппаған ақиқат пен әділетке жүгінудің қажеттілігі туса –
«ДАТ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!
Жазылу жергілікті жердегі «Қазпошта» бөлімшелері арқылы жүреді.
Жазылу каталогында «ДАТ»-тың ресми мемлекеттік тіркеудегі атауы «Общественная позиция» газеті деп көрсетілгенін ескертеміз.
Каталогта көрсетілген жазылу индексі – 64258
Ал егер пошта бөлімшесіне баруға уақытыңыз тапшы болса, біз сізге газетке жазылудың редакция арқылы жүргізілетін жеңіл жолын ұсынамыз.
ОЛ ҮШІН:
1. +7–702-488–56-12 (Кутмагамбет К) Каспи-голд номеріне тиісті жазылу бағасына сәйкес соманы аударасыз;
2. Бұдан соң осы уатсаб-номерге:
толық аты-жөніңізді;
жергілікті поштаның индексі (міндетті түрде) мен тұрғылықты адресіңізді жазып жібересіз;
жазылу бағасы төменгі таблицада көрсетілген.
Тарату бөлімі сіздің атыңызға жазылуды рәсімдеген соң, ары кеткенде бір айдың ішінде жазылу түбіртегін сізге пошта арқылы немесе уатсаб-СМС хабарлама арқылы жолдайды.
«ДАТ»-тың ұзақ жылдарғы тұрақты оқырманы сүйікті газетіне жазылатыны анық. Бірақ бүгінгі дағдарысты жағдайда бұл аздық етеді. Газетті сақтап қалу үшін, келер жылға ең кемінде 20 мың жазылушы қажет. Сондықтан әр тұрақты оқырманнан өзінің тұрғылықты жерінде және еңбек ұжымы арасында «ДАТ» газетін барынша насихаттап, оған жазылу науқанын ұтымды ұйымдастыруын сұраймыз! Әрине, бұл өзіміз үшін емес, түсінсеңіз – әділетсіздіктен азып-тозып бара жатқан еліміз, ұлан-ғайыр жеріміз, ұлтымыздың, ұрпағымыздың келешегі үшін, ағайын!
«DAT» медиа-жобасының редакциясы