Суббота , 18 июля 2026

АДАМ ӨМІРІ ҚЫМБАТ ПА,ӘЛДЕ ИТ ПЕ?!.

 2026 жыл­дың 8 сәуірін­де ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің жал­пы оты­ры­сын­да «Жану­ар­ларға жау­ап­кер­шілік­пен қарау» тура­лы заң жоба­сы қабыл­дан­ды. Талқы­ла­уда ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Қазы­бек Иса тауып айтқан­дай, «Ит тақы­ры­бы хит мәсе­ле» бол­ды. Иә, шынын­да да, жылы­на 60 мың­дай ада­мға шабуыл жасап, жыл сай­ын 2–3 адам өлі­міне дей­ін жет­кі­зетін иесіз бұралқы иттер­ді меди­ци­на­лық жол­мен жою мәсе­лесі – ең өткір талқы­ланған тақы­ры­пқа айналды.

Біз бүгін осы талқы­ла­уда ең алды­мен адам өмірінің қым­бат­ты­ғын алға тар­тып сөй­ле­ген Қазы­бек Иса­ның сөзін жари­я­лап отырмыз.

Жылы­на 50 мың адам­ды ит қаба­ды… кісі өлі­мі де болады…

– Бүгін біз­де ит мәсе­лесі хит мәсе­ле болып тұр екен, біз де өз ойы­мы­зды біл­ді­ре кетейік.

2021 жылы қабыл­данған «Жану­ар­лар тура­лы заң­ның» негіз­гі мақ­са­ты не еді? Адам­дар­ды қаңғы­бас иттер­дің шабуы­лы­нан қорғау, зардап шек­кен адам­дар санын азай­ту еді. Бірақ заң нәти­же­сі көңіл көн­шіт­пей­ді. Себебі жаңа баян­да­ма­шы депу­тат Еділ Терекбай­ұ­лы егжей-тег­жей­лі баян­даған­дай, керісін­ше, қабаған иттер мен жара­ланған жан­дар саны есе­леп өсіп кеткен…

Екі жыл бұрын Эко­ло­гия және табиғи ресур­стар вице-мини­стрі Нұр­кен Шар­би­ев қаңғы­бас иттер­ді күтіп-ұстау мәсе­лесіне бай­ла­ны­сты: «Егер бір итті күтіп-ұста­уға күніне 5000 тең­ге­дей кететінін ескер­сек, бір жыл­да ұсталған иттер­дің өзіне бір жыл­да шама­мен 450 млрд тең­ге қажет бола­ды», – деп мәлім­де­ген еді. 2022 жылы 247 мың ит ұста­лып­ты. Иесіз иттер­ді өлген­ше арнайы орын­дар­да ұстай­тын бол­са, шығын көле­мі есе­леп өсе береді.

Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гінің деректеріне сүй­ен­сек, 2022 жылы бұралқы иттер­дің адам­дар­ды қапқан жағ­дайы 22 мың рет тір­кел­ген бол­са, 2023 жылы бұл көр­сет­кіш бір жыл­дың ішін­де екі есе­ден де көбей­іп, жара­ланған­дар саны 50 мыңға жеткен!

Мыса­лы, Түр­кістан облы­сы­ның өзін­де 2023 жылы 51 794 иесіз ит ұстал­са, 2022 жылы Шым­кент қала­сын­да 40 мың иесіз ит ұсталған. Жылы­на ит қапқан адам­дар саны 4 мың­нан асып кеткен.

Он жыл ішін­де 25 адам ит қабу­дан құты­ру кеселіне шал­ды­ғып, қай­тыс болған…

Ғылы­ми зерт­те­улер бойынша:

– Қаза­қстан­да жыл сай­ын орта есеп­пен 64 000-ға жуық адам­ды ит қаба­ды. Өйт­кені 2010–2015 жыл­да­ры 5 жыл­дың ішін­де жал­пы 388 807 адам­ды ит қауыпты!..

Оның ішін­де 95 185‑і – бала­лар, ≈24–25%.

– 2015–2024 жыл­да­ры ит қабу­дан құты­ру кеселіне шал­ды­ғып, 25 адам қай­тыс болған.

– 2023–2024 жыл­да­ры ит шабуы­лы­нан кемін­де 2 адам қай­тыс болған.

– 2023 жыл­дың алға­шқы 6 айын­да 3 бала қай­тыс болған.

Әкім­дік­тер­дің мәлі­мет­тері бой­ын­ша, адам­дар­ды жара­лау оқиға­ла­ры­ның 65%-ы – қаңғы­бас иттер­дің шабуы­лы. Соған сәй­кес ит қауып, жара­ланған­дар саны да көбей­іп кет­кен. Ит қапқан­нан құтыр­ма ауруы­на шалы­нған­дар­дың қай­тыс болып жатқан­да­рын да жоға­ры­да айт­тық. Мыса­лы, Кеңес Одағы кезін­де 10 жылға созы­лған Ауған соғы­сын­да қаза­қстан­ды­қтар­дан жара­ланған­дар саны 1 мың­дай бол­са, қазір ит қауып, жара­ланған­дар саны біздің елде 10 жыл емес, бір жыл­дың өзін­де 64 есе көп.

Иесіз иттері көп елді мекен­дер­де бала­лар­дың жағ­дайы өте қиын. Оқу­шы­лар­дың үйден мек­теп­ке, мек­теп­тен үйге қауіп­сіз жетуі қиын. Мыса­лы, Алма­ты қала­сы Науры­з­бай ауда­ны Тау­бел қала­шы­ғын­да қаңғы­бас иттер кезіп жүреді. Бала­лар­дың өз беті­мен көше­ге шығуы қауіпті!

Ит талап жатқан талай бала­ны интер­нет­тен көр­ген­де, шыдай алмай кетесің. Соның өзін­де иесіз иттер­ді меди­ци­на­лық жол­мен жоюға өрше­лене қар­сы шыға­тын­дар­ды түсі­ну қиын. Сол ит талап жатқан бала­ның орнын­да солар­дың өз бала­ла­ры бол­са, көрер едік қалай сөй­леп шығарын…

Мен өз басым мысы­қтан гөрі күшік­ті жақ­сы көре­мін. Қаза­қы төбет­тер­ді бала кез­де ұста­дық. Әлі есім­де, ауы­лы­мы­зда соғы­сқа қаты­сқан бір арда­гер шал «тауы­ғым­ды жеп қой­ды» деп күші­гі­нен өзім асы­раған Құт­жол деген иті­мізді аула­мы­зға дей­ін қуып келіп, атып тастаға­ны жаны­ма қат­ты батқан…

Бірақ ада­мға шаба­тын бұралқы иттер тура­лы сөз басқа…

Кон­сти­ту­ци­я­мыз бой­ын­ша ең қым­ба­ты – адам өмірі емес пе?! Енде­ше ит қым­бат па, әлде адам өмірі, бала қым­бат па?

Қазір­гі қол­да­ны­стағы заң бой­ын­ша итті ұстап алып, сте­ри­ли­за­ци­я­лап, вак­ци­на­ци­я­лап, күтіп-бап­та­уды күшей­тіп, қай­та­дан боса­тып жібе­ру – қыл­мыс­кер­ді түр­ме­ден шыға­рып жібе­ру­мен бір­дей емес пе? Ол итті піштіріп, жаты­рын алып тастаған­мен, адам қаба­тын азу тісін қағып алған жоқ қой?.. Сон­ды­қтан бұралқы итті ұстап алған соң, жаңа заң бой­ын­ша 5 күн­нің ішін­де иесі табыл­ма­са, эвта­на­зи­я­лық жол­мен жояды. Сон­да ғана қазір­гі бір сағат­та 5 адам­ды ит қаба­тын қауіп-қатер сейіледі.

Әлем­де иесіз иттер­ді аулап, эвта­на­зи­я­лық тәсіл­мен жой­ып оты­ра­тын елдер көп. Мыса­лы, АҚШ, Ұлы­бри­та­ния, Фран­ция, Нор­ве­гия, Швей­ца­рия, Шве­ция, Фин­лян­дия, Мек­си­ка, Ислан­дия, Лат­вия, Эсто­ния, Австра­лия, Ирлан­дия, Малай­зия және т.б. көп елдер бар.

Нұрғи­са ауы­лы ән емес… иттер­дің ұлуын тың­дайды екен

Біз­де неге иесіз иттер­ді жоюға қар­сы адам­дар көп деген­де, мәсе­ленің бір жағы оған бөлі­нетін қыру­ар ақшаға келіп тіре­летін секіл­ді. Мыса­лы, «Сорқұ­ды­қтың бой­ы­на сорға бола қон­ды атам» деген­дей, Алма­ты қала­сы­нан лас су аға­тын Сор­бұлаққа жақын маң­дағы Алма­ты облы­сы Іле ауда­ны Нұрғи­са Тілен­ди­ев ауы­лын­да шошқа ұстай­тын 2 база аздық еткен­дей, 2 гек­тар­дай жер­ді алып жатқан, ит ұстай­тын 2 питом­ник те бар екен. Бар­лы­ғы 7 мың тұрғы­ны бар ауыл адам­да­ры­ның біз­ге жазуын­ша, ол жер­де 500 иесіз ит бағы­лып жатыр. Мек­теп­те­гі бала­ның тамағы­на күніне 500 тең­ге бөлін­се, әр иттің бір күніне 5500 тең­ге, яғни 11 есе көп төле­нетіні белгілі.

Сон­да ойлай беріңіз, біз­ге жет­кен ресми мәлі­мет бой­ын­ша, бір итке күн сай­ын 5500 тең­ге­дей төле­неді. Одан бөлек әр итке айы­на кемін­де 18 мың тең­ге­дей тағы бөлі­неді. Сон­да 1 итке айы­на шама­мен 183 мың тең­ге төлей­ді. Оны 500 итке көбейт­сеңіз, ай сай­ын 91 мил­ли­он 500 мың тең­ге бола­ды. Ал бұл мил­ли­он­дар­ды жылы­на 12 айға көбейт­сеңіз, қыру­ар қар­жы – 1 млрд 98 млн тең­ге шыға­ды. Бұн­дай мил­ли­ард­тар келіп жат­са, кім ит ату­ды қол­дай қойсын?..

«Итің аты – ит», олар «Біз­ге үкі­мет күн сай­ын 5 жарым мың тең­ге бөліп жатыр ғой» деп үнде­мей жата бер­мей­ді ғой, күні­мен үргені аздай, түні­мен ұлып шыға­ды екен! Атам қазақ бала­сын талаған, ада­мға шапқан ит түгілі, ұлы­ға­нын қой­маған итті де, «жаман­дық шақы­ра­ды» деп атып тастаған. Ал ауы­лы­ң­ның іргесін­де­гі екі итха­на­да 500 ит күні­мен үріп, түні­мен жары­сып ұлып шық­са, не бола­ты­нын ойлай беріңіз!.. Әйгілі ән дүл­ділі Нұрғи­са­ның ауы­лы түні­мен әсем ән емес, иттер­дің хор­мен ұлуын тың­дап шық­са, қай­дағы тыныш ұйқы?!. Оған тағы ол иттер­дің адам тұн­шы­ға­тын сасық иістерін, эко­ло­ги­я­лық зардаб­ын қосыңыз.

Сон­ды­қтан адам өмірі үшін осын­дай маңы­зды да, күр­делі мәсе­ле­лер­ді тиім­ді жол­мен шешетін амал­дар­ды тапқан жаңа заң жоба­сын қолдаймыз.

Қазы­бек ИСА,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн