Четверг , 30 июля 2026

Әділ сайлау – мықты мемлекеттің басты іргетасы

Қаза­қстан – ғасыр­лар бойы қалып­тасқан тари­хи сабақ­та­сты­ғы, Ұлы дала­ның мың­жыл­дық рухы мен Алтын Орда­ның жасам­паз дәстүрі тоғы­сқан, келе­ше­гі кемел, әле­уеті асқақ мем­ле­кет. Елі­міздің орас­ан зор эко­но­ми­ка­лық мүм­кін­ді­гі мен ада­ми әле­уеті кез кел­ген дағ­да­ры­сты еңсеріп, Қаза­қстан­ды әлем­де­гі ең дамы­ған, ең әділет­ті, ең бақу­ат­ты мем­ле­кет­тер­дің қата­ры­на қосуға толық жете­ді. 2026 жылғы Халы­қтық Кон­сти­ту­ция халқы­мы­здың тари­хи сабақ­та­стық, еге­мен­дік, әділет­тілік және про­гресс секіл­ді негіз­гі құн­ды­лы­қта­ры­на сүй­ене оты­рып, елі­міздің дамуын­дағы жаңа дәуір­дің есі­гін айқа­ра ашты. Біз мем­ле­кет­тік басқа­ру­дың түбе­гей­лі жаңа үлгісіне, мүл­де жаңа сая­си мәде­ни­ет пен демо­кра­ти­я­лық инсти­тут­тарға қадам басып отыр­мыз. Бұл – үлкен үміт пен жасам­паз­дық уақы­ты. Осы бір тари­хи беле­сте праг­ма­тиктер мен реа­ли­стер­дің сая­си күші сана­ла­тын «Ақ жол» демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы жаңа сая­си бағ­дар­ла­ма­сын жари­я­лап, қоғам­дағы ең өткір түйт­кіл­дер­ді шешудің, ұлт­тық мүд­дені қорға­удың және халы­қтың тұр­мысын есе­леп арт­ты­ру­дың нақты іс-қимыл жос­па­рын ұсы­нып отыр. Бағ­дар­ла­ма – құрғақ уәде­лер­дің жиын­ты­ғы емес, бай­лар мен кедей­лер ара­сын­дағы әле­умет­тік алшақты­қты жой­ып, орта тап­ты қалып­та­сты­ра­тын, эко­но­ми­ка­ны ыры­қтан­ды­рып, әрбір аза­матқа өз еңбе­гі­мен ұлт про­гресі­нен лай­ы­қты үлес алуға мүм­кін­дік беретін нақты рефор­ма­лар легі.

Ең алды­мен кез кел­ген мем­ле­кет­тің басты тіре­гі – еңбек ада­мы. Біздің аза­мат­тар – таң­нан қара кеш­ке дей­ін тер төгіп, ел эко­но­ми­ка­сы­ның ірге­та­сын қалап жатқан нағыз жасам­паз жан­дар. Олар өз еңбе­гі­мен өз Ота­нын­да шалқып, сапа­лы өмір сүру­ге әбден лай­ық. Деген­мен, қазір­гі инфля­ция, баға­ның құбы­луы мен қым­бат­шы­лық қара­пай­ым жұмыс­шы­ның, ұстаз бен дәрі­гер­дің, құры­лыс­шы мен диқан­ның қал­та­сы­на ауыр сал­мақ түсіріп оты­рға­нын жасы­руға бол­май­ды. Осы олқы­лы­қтың орнын тол­ты­рып, әле­умет­тік әділет­тілік­ті орна­ту үшін, «Ақ жол» пар­ти­я­сы өте дұрыс, халы­қтың көкей­ін­де­гіні дөп баса­тын баста­ма көте­ру­де. Пар­ти­я­ның мызғы­мас ұста­ны­мы – ең төмен­гі зей­не­тақы, ең төмен­гі жалақы және бар­лық әле­умет­тік төлем­дер құрғақ, жан­сыз АЕК-пен емес, нақты ең төмен­гі күн­көріс дең­гей­і­мен есеп­те­луі тиіс. Үкі­мет бекі­тетін «тұты­ну себеті» тек адам­ның аштан өлме­уіне ғана арналған арзан мака­рон мен нан­мен шек­тел­ме­уі керек. Қаза­қстан­ды­қтар сапа­лы әрі құнар­лы азық-түлік тұты­нуға, заманға сай жақ­сы киі­ну­ге, ком­му­нал­дық қыз­мет­тер мен қоғам­дық көлік ақы­сын қинал­май төле­у­ге, тіп­ті дамы­ған Еуро­па елдерін­де­гі­дей мәде­ни дема­лыс орын­да­ры­на – теат­рға, кино­те­ат­рға баруға, отба­сы­мен сая­хат­та­уға құқы­лы. Тұты­ну себетінің нақты құны­на осы шығын­дар­дың бар­лы­ғы кір­гізілуі керек. Халы­қтың тұр­мыс сапа­сын тік­теп қана қой­май, ішкі нары­қты жан­дан­ды­ра­тын, халы­қтың сатып алу қабілетін арт­ты­ру арқы­лы отан­дық эко­но­ми­каға қан жүгір­тетін өте оңтай­лы қадам болмақ.

Қоғам­ның тамы­рын бүл­кіл­детіп тұрған тағы бір үлкен сала – меди­ци­на мен зей­не­тақы мәсе­лесі. Біздің елі­міз­де өз ісіне шын беріл­ген, адам жаны­ның ара­ша­сы бола білетін білік­ті, мей­ірім­ді дәрі­гер­лер өте көп. Халқы­мыз да қай­ы­рым­ды, қиналғанға қол ұшын созуға әрдай­ым дай­ын тұра­ды. Бірақ жұмыс істей­тін аза­мат­та­ры­мыз ай сай­ын жалақы­сы­нан қыру­ар қара­жат ауда­рып оты­рған Мін­дет­ті әле­умет­тік меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру қоры мен Біры­ңғай жинақта­у­шы зей­не­тақы қоры­ның қыз­меті мен шығын­да­ры толық ашық бол­маған­ды­қтан, халы­қтың бұл жүй­е­ге деген сені­мі сызат түсір­ді. Ауы­рған адам­дар­дың емха­на­лар­да айлап кезек күтуі, бала­ла­рын емде­ту үшін ата-ана­лар­дың халы­қтан жылу жина­уға мәж­бүр болуы – бай мем­ле­кет­ке жат­пай­тын құбы­лыс. «Ақ жол» пар­ти­я­сы бұл жүй­ені жоққа шығар­май­ды, керісін­ше, оны халы­қтың пай­да­сы­на тіке­лей жұмыс істей­тін­дей етіп, нары­қтық негіз­де жетіл­діруді ұсы­на­ды. Пар­ти­я­ның ең басты, төң­керістік ұсы­ны­сы – МӘМС пен БЖЗҚ қыз­метінің, ондағы қыз­мет­кер­лер­дің жалақы­ла­ры мен шығын­да­ры­ның Пар­ла­мент­те ашық талқы­ла­нып, мақұл­да­нуын қам­та­ма­сыз ету. Оған қоса, меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру қоры нақты жар­на төле­уші­ге тіке­лей бай­ла­ны­сты­ры­луы тиіс. Бұл дегені­міз – әрбір аза­мат­тың МӘМС-те өзінің дер­бес, жеке шоты бола­ды. Сіздің маң­дай теріңіз­бен тапқан ақшаңыз жал­пы қаза­нға түсіп жоға­лып кет­пей­ді. Сіз неме­се сіздің жақын­да­ры­ңыз ауы­рып қалған жағ­дай­да емде­лу­ге қажет­ті қара­жат тек сіздің жеке келісі­міңіз­бен ғана сол шот­тан ауда­ры­ла­ды. Осы арқы­лы кез кел­ген адам өзіне емха­на мен дәрі­гер­ді еркін таң­дай ала­ды. Егер дәрі­гер сізді сапа­лы емдеп шық­са, ол өз еңбе­гіне сай лай­ы­қты, жоға­ры жалақы ала­ды. Ал қыз­мет сапа­сыз бол­са, сіз төле­уден бас тар­та ала­сыз. Міне, нағыз сақтан­ды­ру меди­ци­на­сы осын­дай болуы керек! Бұл – дәрі­гер­лер ара­сын­да сала­у­ат­ты бәсе­ке туды­рып, елде­гі меди­ци­на сапа­сын арт­ты­ра­тын, әрі меди­ци­на қыз­мет­кер­лерінің еңбе­гін шын баға­лай­тын тама­ша тетік.

Бүгін­гі таң­да ең көп талқы­ла­на­тын мәсе­ленің бірі – жастар­дың тағ­ды­ры мен бас­па­на тауқы­меті. Қазақ жаста­ры – өте кре­а­тив­ті, зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­лар­ды тез мең­ге­ретін, білім­ге құштар буын. Жаста­ры­мыз шетел аспай, өз Ота­нын­да бақыт­ты шаңы­рақ көтеріп, ел эко­но­ми­ка­сы­на үлес қосуы үшін оларға ең бірін­ші қажет дүние – қол­жетім­ді, жылы бас­па­на. Өкініш­ке қарай, қазір­гі ипо­те­ка­лық бағ­дар­ла­ма­лар­дың жүк­те­месі мен жоға­ры пай­ы­зда­ры жас отба­сы­ларға үлкен қиын­дық туды­рып отыр. Осы түйт­кіл­ді шешу үшін, «Ақ жол» пар­ти­я­сы демо­гра­фи­я­мы­зды да, құры­лыс сала­сын да дүр­кіретіп өсіретін, жастарға үлкен үміт сый­лай­тын меха­низм ұсы­нып отыр. Пар­ти­я­ның 2013 жыл­дан бері табан­ды түр­де көтеріп келе жатқан тала­бы бой­ын­ша: отба­сын­да әр бала дүни­е­ге кел­ген сай­ын мем­ле­кет ипо­те­ка­лық несие мөл­шер­ле­месінің 25 пай­ы­зын суб­си­ди­я­ла­уы қажет. Екін­ші бала туған­да мем­ле­кет неси­енің 50 пай­ы­зын жап­са, ал төр­тін­ші бала дүни­е­ге кел­ген­де, ипо­те­ка­ны мем­ле­кет толы­қтай өз мой­ны­на алуы керек! Өйт­кені ешбір отба­сы бір­ден көп­ба­ла­лы болып кет­пей­ді. Жастар­ды әрбір кезек­ті бала­ның дүни­е­ге келуіне кезең-кезеңі­мен ынта­лан­ды­рып, олар­дың мой­нын­дағы қар­жы­лық жүк­ті жеңіл­де­ту – ұлт­тық қауіп­сіздік пен демо­гра­фи­я­лық өсім­нің ең басты кепілі болып табы­ла­ды. Соны­мен қатар ауыл­дан қалаға оқуға, жұмыс істе­у­ге кел­ген ауыл жаста­ры үшін әкім­дік­тер шағын өндірістері, оқу орын­да­ры және әле­умет­тік инфрақұры­лы­мы бар, арзан әрі ықшам әле­умет­тік жатақ­ха­на­лар­ды жап­пай салуы тиіс. Жастар қалаға бей­ім­деліп, аяққа тұрып кет­кен­ше, мем­ле­кет оларға жылы ұя ұсы­нуы керек. Соны­мен бір­ге «Ақ жол» пар­ти­я­сы дағ­да­ры­сқа ұшы­раған, қары­зын төлей алмай қалған аза­мат­тар­ды сот шеші­мін­сіз жалғыз бас­па­на­сы­нан шыға­руға толы­қтай, кесім­ді түр­де тый­ым салу­ды талап ете­ді. Ешбір қаза­қстан­дық отба­сы, ешбір бала дала­да қал­мауы тиіс! Ал әле­умет­тік тұрғын үйді бөлу кезе­гінің ашық мони­то­рин­гін жүр­гізіп, егер ол пәтер­лер басқа адам­дарға қай­та саты­лып неме­се жалға беріліп жат­са, олар­ды тәр­кілеп, шын мұқтаж­дарға – жетім бала­ларға, мүге­дек­тер­ге және көп­ба­ла­лы отба­сы­ларға қай­та бөлу керек. Сон­да ғана әділет­тілік орнайды.

Біздің халық өте іскер, кәсіп ашуға бей­ім. Көп­шілі­гі неси­ені жай­дан-жай емес, жақ­сы өмір сүру­ге тал­пы­нып, шағын кәсіп бастау үшін, бала-шаға­сы­ның несі­бесін арт­ты­ру, олар­ды оқы­ту үшін ала­ды. Бұл – халы­қтың алға қарай дамуға деген табиғи ұмты­лы­сы. Алай­да осы тал­пы­ны­сты өз пай­да­сы­на жара­тып қала­тын заң­сыз өсі­мқор­лар, мик­роқар­жы ұйым­да­ры мен агрес­сив­ті кол­лек­тор­лар­дың әре­кеті қоғам­да үлкен әле­умет­тік шие­леніс туды­ру­да. Жасы­рын комис­си­я­лар, қарыз шар­тта­ры­ның ауыр­лы­ғы, бопса­лау мен қысым көр­се­ту адам­дар­дың қар­жы жүй­есіне деген сені­мін жоғал­тып жатыр. «Ақ жол» пар­ти­я­сы аза­мат­та­ры­мы­зды осын­дай қар­жы­лық құл­ды­қтан, несие қамы­ты­нан құтқа­рып, сенім­ді, ашық әрі адал несие нары­ғын қалып­та­сты­ру­ды жақтай­ды. Пар­тия рұқ­сат­сыз несие беретін ұйым­дар­дың жар­на­ма­ла­рын дер кезін­де бұғат­тап, халы­қты бопса­ла­у­ға қатаң тый­ым салу­ды, сон­дай-ақ Ұлт­тық банк пен Қар­жы мони­то­рин­гі агент­ті­гі арқы­лы қар­жы­лық пира­ми­да­лар мен ала­яқты­қты аза­мат­тарға еле­улі залал кел­тір­мей тұрып бұғат­тай­тын зама­на­уи цифр­лық жүйе құру­ды талап ете­ді. Мақ­сат – халы­қты неси­е­мен қорқы­ту емес, қай­та оларға пай­ы­здық мөл­шер­ле­месі төмен, әділ, эко­но­ми­ка­ны көте­ретін қар­жы құрал­да­рын ұсы­ну, ең осал тұты­ну­шы­лар­дың өзін ала­яқтар­дан қорғау.

Сыбай­лас жемқор­лық – қоғам­ның дамуын тежей­тін, мем­ле­кет­тің ірге­та­сын еміретін қауіп­ті індет. Жемқор­лы­қ­пен күрес тура­лы жиі айты­лға­ны­мен, шетел­ге, офф­шор­ларға жылы­стаған мил­ли­ард­тар әлі де елге толық оралған жоқ. Осы бағыт­та «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның депу­тат­та­ры елі­міздің мем­ле­кет­тік орган­да­ры­мен ғана емес, Брюс­сель, Цюрих, Лон­дон, Син­га­пур секіл­ді халы­қа­ра­лық аре­на­лар­да офф­шор­дан капи­тал­ды қай­та­ру мәсе­лесін жүй­елі көтеріп келеді. Бірақ жемқор­лы­қ­пен күре­стің ең басты құра­лы – жаза­ның бұл­тарт­пас­ты­ғы. Бұл рет­те пар­тия өте кре­а­тив­ті, халы­қтың қол­да­уы­на ие бола­тын, елге шын пай­да­сын тигі­зетін жол­ды ұсы­нып отыр. Бірін­ші­ден, сот­талған жемқор­лар­дың жаза­сын өте­ген­нен кей­ін де шетел­ге шығуы­на, мен­шік­ті басқа­ру құқы­қта­ры­на 10 жылға тый­ым салу! Бұл олар­дың шетел­ге жасы­рған ақша­сы­на қашып кет­пей, капи­тал­ды Қаза­қстанға қай­та­рып, отан­дық эко­но­ми­каға құюы үшін ауа­дай қажет шара. Екін­ші­ден, сот­талған жемқор­ларға рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар­да (Аста­на, Алма­ты, Шым­кент) және облыс орта­лы­қта­рын­да тұруға мүл­дем тый­ым сала­тын жаза­ның жаңа түрін енгі­зу керек. Олар ірі мега­по­ли­стер­де тай­раң­да­май, шағын қала­ларға, аудан орта­лы­қта­ры мен шалғай ауыл­дарға жіберілуі тиіс. Олар ол жаққа барып құр жат­пай­ды, жасы­рған ақша­сы­на сол ауыл­дарға зама­на­уи үйлер салып, жер­гілік­ті биз­неске қара­жат құй­ып, ауыл­дың жолы мен инфрақұры­лы­мын көте­ру­ге мін­дет­те­леді. Олар­дың ірі қара­жат­ты басқа­ру, инве­сти­ция тар­ту тәжіри­бесі бар екені рас. Енде­ше сол білі­мі мен капи­та­лын енді елдің, ауыл­дың дамуы­на жұм­са­сын. Бұл – қыл­мыс­кер­ді қоға­мға пай­да­лы іспен қай­та тәр­би­е­ле­удің, әрі өңір­лер­ді дамы­ту­дың ең ұтым­ды жолы. Соны­мен қатар ашық емес шар­ттар­да мем­ле­кет­тік қара­жат­ты ұрла­удың жолын кесу үшін, мем­ле­кет­тік орган­дар мен ұлт­тық ком­па­ни­я­ларға шетел­дік офф­шор­лық юрис­дик­ци­я­лар­да тір­кел­ген кәсі­по­рын­дар­мен келісім­шарт жаса­суға толық тый­ым салы­нуы керек. Билік­тің ашы­қты­ғы мен шене­унік­тер­дің қоғам алдын­дағы есеп­тілі­гі ғана жемқор­лы­ққа тосқа­уыл бола алады.

Эко­но­ми­ка­ны ыры­қтан­ды­ру, кәсіп­кер­лік­ті қол­дау – «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның негіз­гі мис­си­я­ла­ры­ның бірі. Либе­рал­ды нары­қтық эко­но­ми­ка дегені­міз жабайы капи­та­лизм емес, адал бәсе­ке, моно­по­ли­я­ны жою мен мем­ле­кет­тің биз­неске шама­дан тыс ара­ла­суын тоқта­ту. Бар­лық қаза­қстан­ды­қтар­ды мұнай­шы неме­се бан­кир ету мүм­кін емес, бірақ әр аза­матқа шағын және орта биз­нес арқы­лы ұлт­тық табыстан өз үлесін табуға жағ­дай жаса­уға әбден бола­ды. Мем­ле­кет­тік бақы­ла­у­шы орган­дар кәсіп­кер­ді жаза­ла­у­шы емес, оның көмек­шісі болуы тиіс. Сон­ды­қтан бақы­ла­у­шы орган­дар алғаш рет аны­қталған заңбұ­зу­шы­лық бой­ын­ша кәсіп­кер­ге бір­ден айып­пұл сал­май, оған кем­шілік­тер­ді өз бетін­ше жоюға мүм­кін­дік беретін сер­ви­стік модель­ге көшуі керек. Эко­но­ми­ка­лық құқық бұзу­шы­лы­қтар қыл­мыс­сыздан­ды­ры­лып, биз­не­смен­дер­ді түр­ме­ге жабу, қамауға алу тоқта­ты­луы тиіс. Олар қателік жаса­са, айып­пұлын төлеп, жұмысын жалға­сты­ра бер­сін, елге жұмыс орнын беріп оты­рған адам­ды қыл­мыс­кер етудің қажеті жоқ. Отан­дық өндіру­шілер­ді қол­дау үшін, ірі шетел­дік жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар қаза­қстан­дық зауыт­тар­дан тау­ар­лар мен қыз­мет­тер сатып алуға мін­дет­те­луі қажет. Егер олар бұл мін­дет­те­мені орын­да­ма­са, қатаң жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­луы тиіс. Соны­мен қатар өндіріс орын­да­ры­на түн­гі тариф­ті қай­та­ру, азық-түлік, жеңіл өнер­кәсіп, маши­на жасау және IT-тех­но­ло­ги­я­лар сала­ла­ры­на қосы­лған құн салы­ғы­ның төмен­детіл­ген, сара­ланған мөл­шер­ле­ме­лерін енгі­зу – отан­дық биз­не­стің тыны­сын ашып, баға­ның өсуін тежей­тін нақты эко­но­ми­ка­лық құрал­дар. Ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор­дағы алып­тар мен өңір­лер­де­гі әле­умет­тік-кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­лар­дың артық функ­ци­я­ла­ры қысқар­ты­лып, олар бәсе­келі ортаға берілуі қажет. Эко­но­ми­ка еркін дема­лып, моно­по­ли­стер­дің бұға­уы­нан босаған­да ғана елде бай мен кедей ара­сын­дағы алшақтық қысқа­рып, мықты орта тап қалыптасады.

Бар­лық әле­умет­тік және эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар тек сая­си әділ­дік орнаған­да, билік халы­ққа есеп бер­ген­де ғана толы­ққан­ды жүзе­ге аса­ды. Бұл рет­те 2026 жылғы Жаңа Кон­сти­ту­ция біз­ге орас­ан зор демо­кра­ти­я­лық мүм­кін­дік­тер беріп отыр. Пре­зи­дент­тің «Күшті Пре­зи­дент – ықпал­ды Пар­ла­мент – есеп беретін Үкі­мет» фор­му­ла­сы тек қағаз жүзін­де қал­май, нақты өмір­де көрініс табуы тиіс. «Ақ жол» пар­ти­я­сы Қаза­қстанға ұлт­тық сенім­ге ие Үкі­мет қажет деп санай­ды. Үкі­мет­тің құра­мы Пар­ла­мент­те­гі бар­лық пар­ти­я­лар­дың өкіл­ді­гін еске­ре оты­рып жасақта­луы керек, сон­да ғана олар Құры­л­тай алдын­да, яғни халық алдын­да ортақ жау­ап­кер­шілік арқа­лай­ды. Соны­мен қатар қоғам Пре­зи­дент­тің ешқан­дай сая­си пар­ти­яға мүше бол­мауын үлкен сая­си мәде­ни­ет­тің бел­гісі ретін­де қабыл­да­ды. Енді осы әділ талап­ты әрі қарай жалға­сты­рып, облыс және қала әкім­деріне де қыз­мет­те болған кезін­де сая­си пар­тия мүше­сі болуға тый­ым салу керек! Әкім­дер сай­лау про­це­стеріне әкім­шілік ресурс ретін­де ықпал етпей, өз өңірін­де­гі бар­лық аза­мат­тарға, тіп­ті қар­сы дауыс бер­ген­дер­ге де бір­дей қыз­мет етуі тиіс. Ал Құры­л­тай­ға адам өлі­мі неме­се ірі сыбай­лас жемқор­лық фак­тілері сияқты қоғам­да үлкен резо­нанс туды­рған оқиға­лар бой­ын­ша пар­ла­мент­тік тер­геу жүр­гі­зу құқы­ғын беру – билік­тің халық алдын­дағы есеп­тілі­гін шың­дай түседі.

Кез кел­ген демо­кра­ти­я­ның басты өлше­мі әрі айна­сы – әділ сай­лау. Сай­ла­удың әділ­ді­гін қам­та­ма­сыз ету, сай­ла­у­шы­лар­дың дауы­сын бұр­ма­ла­удан қорғау үшін, «Ақ жол» пар­ти­я­сы дауыс беру күні сай­лау учас­ке­лерін­де­гі бар­лық рәсім­дер­ге толық бей­не­мо­ни­то­ринг енгі­зуді талап ете­ді. Бұл каме­ра­лар бюл­ле­тень­дер­ді беру­ден бастап, олар­ды жәшік­ке салу, жәшік­тер­ді ашу және дауы­стар­ды санау про­цесін түгел қам­туы керек. Ал бет-әлпет­ті авто­мат­ты тану жүй­есі­мен жаб­ды­қталған каме­ра­лар әртүр­лі сай­лау учас­ке­лерін­де қай­та-қай­та дауыс беретін «кару­сель­шілер­ді» бір­ден әшке­ре­лей­тін бола­ды. Бұл тех­но­ло­ги­я­лық шешім сай­лау заң­на­ма­сын бұзу­шы­лы­қтар­ды түбірі­мен жой­ып, халы­қтың сай­ла­у­ға деген сені­мін жүз есе арт­ты­ра­ды. Отан­дық цифр­лан­ды­ру дең­гейі жоға­ры Қаза­қстан үшін элек­трон­дық дауыс беруді енгі­зу, сай­ла­у­шы­лар­ды e‑gov арқы­лы сәй­кестен­ді­ру ешқан­дай қиын­дық тудыр­май­ды. Әділ сай­лау – мықты мем­ле­кет­тің басты іргетасы.

«Ақ жол» демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы­ның Сая­си бағ­дар­ла­ма­сы – тек про­бле­ма­лар­ды тіз­бек­теп қоя­тын дәп­тер емес, Қаза­қстан­ды жаңа даму саты­сы­на көте­ретін, халы­қтың әл-ауқа­тын арт­ты­рып, орта тап­ты қалып­та­сты­ра­тын, жастарға үміт, қари­я­ларға құр­мет сый­лай­тын нақты, ауқым­ды әрі терең ойла­сты­ры­лған іс-қимыл жос­па­ры. Біздің мем­ле­кеті­міз күшті, жері­міз бай, ал халқы­мыз өте талант­ты. «Ақ жол» пар­ти­я­сы әрбір аза­мат­тың еңбе­гі баға­ла­на­тын, кәсібі өркен­дей­тін, заңы үстем­дік ететін Әділет­ті Қаза­қстан­ды құру жолын­да қашан­да халы­қ­пен бір­ге. Сенім мен жасам­паз­дық, қажы­мас қай­рат пен ортақ мүд­де бар жер­де ғана ұлы істер атқа­ры­ла­ды. Енде­ше еңсе­мізді тік­теп, ел бола­шағы үшін, өзі­міздің және ұрпағы­мы­здың бақыт­ты өмірі үшін бір­ле­се еңбек етей­ік. Біз дұрыс жол­ды таң­да­сақ, жарқын өзгерістер болады!

Республиканский еженедельник онлайн