Четверг , 30 июля 2026

«АМАНАТТЫҢ» АЯЛДАМАСЫ

Пав­ло­дар­дан Аста­наға көшіп кел­гені­міз­ге де үш жыл­дай уақыт болып қалып­ты. Келе сала айна­ла­мен таны­сып, қара­дай таңқа­лып жүр­ген кезі­міз еді. Сөйт­сек, жарқы­рап тұрған қала­ның көңіл түсіре­рдей жай­ла­ры аз емес екен.

Бір күні өзі­міз тұра­тын Тоқ­па­нов көше­сі­мен жая­у­ла­тып далаға шықтым. Бұрын­нан жаяу жүру­ге үйрен­ген­біз. Айна­лаға қарап келе­мін. Көше бой­ы­мен 60, 61 деген екі авто­бус арлы-бер­лі өте­ді. Авто­бус сурет бел­гісі тұрған жер­де бала-шаға, үлкен­дер, жастар бар – бәрі тұр! Аяқ суы­тар, жел­ден қорға­нар кәдім­гі қара­пай­ым аял­да­ма жоқ.

Содан көше бой­ы­мен жүріп, санап шықтым. Екі жағы­мен қосқан­да – 9 аял­да­ма пави­льо­ны керек екен. Әйнек­ті әде­мі бір аял­да­ма­ны Моңғо­лия елшілі­гінің алды­на орна­тып­ты. Өзге елден ұялған ба?..

Әкім­дік Тоқ­па­нов деген көше барын біле ме екен өзі?

Ертеңіне үйі­міздің жанын­дағы Алма­ты ауда­ны әкім­ді­гіне кел­дім. Мақ­сат Саматұ­лы Сарай­шық ауда­ны­на әкім болып ауы­сқа­лы жатыр екен де, абыр-сабыр, әкім­дік жаңа әкім­ді күтуде.

– Тым бол­ма­са Тоқ­па­нов көше­сін бір рет ара­лап, аял­да­ма­лар орна­тып кет­пе­ді ме? – дей­мін өзіме-өзім.

Содан «Аял­да­ма­сыз өмір» деп, сурет­тері­мен бір­ге ФБ-ға тіп­ті екі-үш рет жаз­дым. Іле «Аста­на ақша­мы» газетіне жол­дап едім, әріп­те­стерім де жедел шыға­рып үлгерді.

Бірақ аял­да­ма орна­ту керек деген жаз­бам­ды оқы­ған таныс бір дос, тағы бір жур­на­лист әріп­тес: «Түу, саған аял­да­ма­ның кере­гі не? Аста­на­ның басқа ауда­ны­на көшіп кет­сей…» – деп келе­ке­леп жаз­са, екін­шісі басқа­ша пікір қал­ды­рып­ты. Кеке­ту, тұқыр­туға үйренгендер…

Соны­мен, хика­ят бастал­ды. Алма­ты ауда­нын басқа­руға кел­ген жаңа әкім Рүстем Тәу­е­ке­ло­втің «Ашық есік» күні қабыл­да­уы­на бар­дым. Асқар Тоқ­па­нов көше­сіне 9 аял­да­ма орна­ту керекті­гін жет­кіздім. Қазір қыстың ызға­рын­да аяз­да адам­дар, оқу­шы­лар тоңып дала­да тұр дедім. Ақбұлақтағы Асқар Тоқ­па­нов көше­сі Жұма­бек Тәше­нов көше­сі­нен баста­лып, Ара­сан, Сар­гүл, Өлеңті көше­лері­мен қиы­лы­са­ды. Тәу­ел­сіздік, Амман көше­лері­мен қатар орна­ласқан. Көше бой­ын­да үш елшілік, елі­міздің Фут­бол феде­ра­ци­я­сы, Бри­тан мек­тебі, биз­нес орта­лы­қтар, тізіл­ген тұрғын үйлер бар.

– Бір­ден 9 аял­да­ма құры­лы­сын бастау, орна­ту мүм­кін емес, –деген­ге кел­тір­ді әкім.

Жал­пы, аял­да­ма тұрғы­зу мәсе­лесі Аста­на әкім­дік­терін­де мүл­де айтыл­май­тын, зерт­тел­ме­ген тақы­рып сияқты. Орта­лық көше­лер­ге таң­дап қана орна­ты­ла­ты­нын бай­қа­дым. Мыса­лы, Алма­ты ауда­ны құры­лға­лы 30 жылға тар­та уақыт бол­ды десек, 30 жыл­да Тәу­е­ке­ло­втің алдын­да 13 әкім қыз­мет етіп­ті. Өзі басқарған аудан­да мек­теп, бала­бақ­ша, аял­да­ма­лар жоқ екенін біл­мей кет­кен әкім мыр­за­ға Сарай­шық ауда­нын басқа­ру бұйырыпты.

Ал осы 14 әкім­нің бір­де-біре­уі ұзын­ды­ғы бар-жоғы 1077,7 метр бола­тын А. Тоқ­па­нов көше­сін ара­лап көр­ме­ген сияқты. Мұн­да 30 жыл­да 9 аял­да­ма емес, 90 аял­да­ма құры­лы­сын жүр­гізу­ге болар еді.

Өкініш­ке қарай, Рүстем Тәу­е­ке­лов те дүдә­мал жау­ап бер­ді. Аудан­да бәрі жақ­сы, бәрі кере­мет, бірақ аял­да­ма салуға әзір­ге мүм­кін­дік жоқ екен.

Бүгін­де аудан­да 443 аял­да­ма бол­са, оның 67-сі – жылы аял­да­ма кешен­дері. Демек, аудан­ның басқа көше­лерін­де де аял­да­ма­лар кешені орна­тыл­маған деген сөз.

Сөй­тіп, әкім­дік­ке келіп жүр­ген күн­дер­дің бірі еді. Биік­тен «Ама­нат» деген аспан­дап тұрған жазу­ды көріп, тоқтай қал­дым. Ірге­лес тұрған ғима­рат екен. Жаңа әкім орны­ққан­ша – бір қай­ыр, бір үміт.

– Не де бол­са көрей­ін, – деген оймен ішке кірдім.

– Қан­дай шару­а­мен кел­діңіз? – деді әуел­гі таны­сқан Аль­фия есім­ді қыз.

– Сон­да сіз­ге аял­да­ма керек пе? Түсін­бедім. Аял­да­ма деген әне, қап­тап тұр ғой, апай! – деді.

– Қап­тап тұрған аял­да­ма тұрғын­дарға керек. Жай­лы өмір, жай­наған тұр­мысты олар да көр­сін! – дедім шыда­май кетіп.

– Сон­да жай­лы, іші жылы аял­да­ма салу керек пе?

– О, тоба! Ішін жылыт, от жақ деп тұрға­ным жоқ! Кәдім­гі орын­ды­ғы бар, күн мен жел­ден қорғай­тын қорға­ны­шы бар қара­пай­ым аял­да­ма керек! – деймін.

Содан ФБ-ға шыққан жаз­ба­ны көр­сет­тім, мәсе­ленің мән-жай­ын түгел айтып бер­ген­де барып түсінді.

– Сон­да сіз жур­на­лист­сіз бе?

– Иә, 40 жыл жур­на­лист деген шенім бар, – деп күл­діріп алдым.

– Онда былай жасай­ық. Мен сізді жаңа әкім­нің қабыл­да­уы­на жазай­ын, келетін күні өзім хабар­ла­сам, күтіңіз! – деп шыға­рып салды.

Уақыт өтіп жат­ты. Не де бол­са Аста­на­ның үлкен әкі­мінің қабыл­да­уы­на барай­ын деп ойла­дым. Аял­да­маға қоса мек­теп, бала­бақ­ша құры­лы­сы, үй айна­ла­сын абат­тан­ды­ру, ағаш егу, тұрғын үйдің төмен­гі қабат­та­рын қауіп­сіздік үшін де, көлік­тер­ді қап­тат­пай, еркін кеңістік аумағы жасау үшін де биз­нес көзіне айнал­дыр­май­ық деген сияқты тағы бір­не­ше мәсе­ле қосылды.

Сөй­тіп жүр­ген­де, Тәу­ел­сіздік көше­сі бой­ын­да қап­таған тұрғын үйлер құры­лы­сы баста­лып та кет­ті. Мек­теп, бала­бақ­ша салы­на­ды деген жер­ден айы­ры­лып қал­май­мыз ба деген қорқы­ныш бар әлі де.

Бір күні «әкім­нің қабыл­да­уы­на келіңіз» деген Аль­фи­ядан хабар­ла­ма келді.

Қабыл­да­уда Рүстем Тәу­е­ке­лов бұл жолы аял­да­ма, мек­теп, бала­бақ­ша салу мәсе­ле­лерін қарас­ты­рып жатқан­да­рын айт­ты. Бір үміт, бір күдік. Тағы күту­ге тура келді.

– Сіздің мәсе­ле­леріңіз әлі күн тәр­тібін­де тұр. Өтіні­шіңіз бой­ын­ша мен сізді тағы да қабыл­да­уға жаз­дым, – деп, ара­да бір ай өткен­де Аль­фия қыз қай­та хабарласты.

– Қабыл­да­уға сіз бірін­ші бара­сыз, – деді. Әлде жеке мәсе­ле бол­маған соң ба, жур­на­лист деген соң ба екен…

Сөй­тіп, бұл жолы Аста­на қала­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры Ерсін Өте­ба­ев­тың алды­нан бір-ақ шықтым! Бір­тоға, қара­пай­ым жігіт екен. Әкім­дік қыз­мет­кер­лері қап­тап отыр. Әкім­нің орын­ба­са­ры айтқа­ным­ның бәрін тың­дап алды.

– Аял­да­ма­лар орна­ты­ла­ды деп, – қажет­ті жұмыстар­ды баста­уды әкім­дік­ке нық сенім­мен тап­сыр­ды. Сөй­тіп, көп­тен күт­кен күн­ге де жет­тік-ау ақыры!

Был­ты­рғы қыр­күй­ек айы, оқу жылы баста­лар кез­де алға­шқы аял­да­ма орна­тыл­ды! 30 жыл­да көр­ген дей­ді мұны! Қара­ма-қар­сы бет­тен Бауы­р­жан Момы­шұ­лы ескер­ті­ші, ақшаңқан Ақор­да көрініп тұр. Көр­шілер, осы маңай­да тұра­тын басқа да жұрт бала­ша қуан­ды. Ырым етіп шашу шаштық.

Неме­рем Әли­мар­данға айтып жүр­гем, «аял­да­ма орна­та­мыз, сабақтан шыққан соң доста­ры­ң­мен бәрің авто­бус күтіп аял­да­ма­да оты­рас­ы­ң­дар», – деп.

– Апам еке­уі­міздің аял­да­ма­мыз! – деп секіріп ойнап, қуа­нып жүр.

Осы күн­дері 5 аял­да­ма орнатылды.Тағы бір 25-нөмір­лі авто­бус бағы­ты қосылды.Тұрғындар қуа­ны­шты. Тоқ­па­нов көше­сіне /суретте/ тағы бір аял­да­ма орна­ту қажет. Бұл жер­де «Тұмар» ком­па­ни­я­сы тұрғын үй ала­мыз деп, жаяу жүр­гін­шілер жолы­на бөгет болды.

Әкім­дік енді осы аял­да­ма­лар­ды сақтап, күтім­ге алып, таза ұста­уды қолға алса дей­міз. Әйте­уір орнат­тық, құтыл­дық демей. Таза, орын­ды­қта­ры тозбай­тын, сын­бай­тын, аял­да­ма тұрған жер­дің ойлы-шұңқы­ры бол­мауы керек.

Көшенің екін­ші жағы­на да аял­да­ма­лар орна­ту қажет. Шарль де Голль көше­сін­де­гі аял­да­ма­лар тұрғын­дарға ыңғай­лы болу үшін ара­лық жиілі­гін сақтау схе­ма­сы жасал­са. Бұл аял­да­ма­лар­ды орна­ту үшін де енді «Әділет­тің» есі­гін қағып жүрмейік…

Айт­пақ­шы, жуыр­да кезек­ті рет Рүстем Тәу­е­ке­ло­втің қабыл­да­уын­да бол­дым. Қап­таған гараж­дар қозғал­са /суретте/, орын босап, мек­теп, бала­бақ­ша құры­лы­сы баста­ла­ды екен. Қуа­нып қал­дым. Сен­бей­ін десем де сендім.

Бұл өтініш – Тоқ­па­нов, Шарль де Голль, Тәу­ел­сіздік көше­лері бой­ын­да тұра­тын тұрғын­дар­дың бала­ла­ры үшін «Ақбұлақ‑3» шағын ауда­ны­на мек­теп салу еді. Жаңа­дан құры­лып, қатарға қосы­лған «Әділет» жанай­қай­ы­мы­зды наза­рға алар енді.

Қан­дай да бір сая­си пар­тия бол­сын, әкім­дік­тер қыз­меті бол­сын, халы­қтың сені­мі – бәрі­нен қым­бат! Сенім­ге лай­ық болу – жетістік, елдің орны­қты дамуы деген сөз.

Жал­пы, жур­на­лист ретін­де айта­рым, әкім­дік­тер тұрғын­дар­дың, жур­на­ли­стер­дің бел­сен­ді аза­мат­тық ұста­ны­мын баға­ла­уы қажет. Қала­дағы тыныс-тір­шілік­ті жақ­сар­ту жөнін­де­гі ұсы­ны­ста­рын тың­да­уға, орын­да­уға міндетті.

Айтар мәсе­ле дегеніңіз өте көп. Таңқа­ла­сыз. Кім көп қазір. Депу­тат көп. Айғай­лап тұрып шақы­рғың келеді. Сон­ды­қтан пар­ти­я­лар­дың, тұрғын­дар­дың да, депу­тат­тар­дың да бел­сен­ділі­гі –елі­міздің, өңір­лер­дің, Аста­на­ның зама­на­уи кел­бетін бір­ле­се жаса­уға, жай­лы өмір сый­лай­тын қала, ел болуы­на көмек­те­сетінін ескерейік.

Фари­да БЫҚАЙ, Жур­на­ли­сти­ка ардагері

Республиканский еженедельник онлайн