Четверг , 6 августа 2026

Бірегей кітапхана НЕГЕ ЖАБЫҚ ТҰР?

Ұлт­тық кіта­п­ха­на соңғы сегіз күн­нің үш күнін­де жабық тұр. Осы ара­лы­қта Ақта­удан неме­се Қоста­най­дан Алма­ты­ға 10 күн­ге зерт­теу жаса­уға кел­ген ғалым­ның үш күн алтын уақы­ты босқа кет­ті деген сөз!

Кей­бір желі қол­да­ну­шы­ла­ры: «Бұл жабық бол­са, басқа кіта­п­ха­наға бар­сай­шы, несіне шүй­лі­гіп алдың?» – дейді.

Тұра тұры­ңы­здар! Бұл – жай ғана кіта­п­ха­на емес. Қаза­қстан­да мұн­дай мас­шта­б­тағы, мұн­дай қоры бар БІРЕГЕЙ кіта­п­ха­на аты­мен жоқ! Ғалым­дар мен сту­дент­тер мұн­да тек уақыт өткізу­ге кел­мей­ді. Олар:

1. Дис­сер­та­ци­я­лық қор үшін келеді: Кеңес өкі­меті кезін­де Қаза­қстан­да қорғалған бар­лық кан­ди­дат­тық, док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­ның бір дана­сы осы кіта­п­ха­наға мін­дет­ті түр­де тап­сы­ры­ла­тын. Басқа жер­де бұл архив жоқ.

2. Сирек кез­де­сетін көшір­ме­лер үшін келеді: Кеңе­стік кезең­де­гі авто­ре­фе­рат­тар мен біре­гей еңбек­тер­дің көшір­месі тек осы жер­де сақталған.

3. Ауқым­ды қор мен ғылы­ми база үшін келеді: Мұн­да көр­кем де, ғылы­ми да әде­би­ет­тер, мерзім­ді бас­пасөз шежіресі, тіп­ті Scopus халы­қа­ра­лық деректер қоры бар.

4. Мас­шта­бы үшін келеді: Қорын­да 60-қа жуық тіл­де 7 мил­ли­он кітап жинақталған! 1910 жыл­дан бер­гі тарих сай­рап жатыр.

Бұл – халы­қтың игілі­гі. Бұл жер­де отырып:

• 1950 жылы шыққан газет­ті де;

• 1945 жылы басы­лған сирек сөздік­ті де;

• Бер­ді­бек Соқ­пақ­ба­ев­тың ең алға­шқы кіта­бы­нан бастап, соңғы­сы­на дей­ін­гі жинағын да таба­сың. Басқа қай жер­ден таба­сыз мұны?

Осын­ша бай­лы­ққа ие болып оты­рған Ұлт­тық кіта­п­ха­на екі күн­нің бірін­де жабық тұр­мауы керек. Ол апта­сы­на 7 күн, кеш­ке 20:00-ге дей­ін емес, 22:00-ге дей­ін халы­ққа мүл­тіксіз қыз­мет етуі тиіс!

Өз елінің ғылы­мы мен интел­лек­ту­ал­дық капи­та­лын құр­мет­тей­тін елде біре­гей ғима­рат­тар­дың есі­гі мұн­дай немқұрай­лы жабылмайды!

Ләз­зат ДҮЙСЕМБЕКОВА

Республиканский еженедельник онлайн