Четверг , 24 сентября 2026

МҰҢ БАР ЖЕРДЕПОЭЗИЯ БАР

Мына дүбір­лі дүни­е­де әлем­дік өрке­ни­ет көші­нен қалып қой­май, «жаһан­да­ну» атты қан-жыны ара­ласқан қой­ырт­пақ қоғам­да ұлт­тық біре­гей­лі­гі­мізді сақтай оты­рып, әлем­дік қауым­да­сты­қтан өз орны­мы­зды ойып тұрып алу – біздің бірін­ші кезек­те­гі мін­деті­міз бол­са керек… Ту‑у, жазып біт­кен­ше өзім де шата­сып қалған­дай­мын. Негізі, мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың бүгін­гі қазақ қоға­мын­да, күн­делік­ті тір­лі­гі­міз­де қол­да­нып жүр­ген салт-дәстүр­лері­міз бен әдет-ғұр­пы­мы­зға қаты­сты ескерт­пе­лері мен баста­ма­ла­ры тура­сын­да айт­пақ­шы едім…

Иә, неміс фило­со­фы Фри­дрих Ниц­ше тұжы­рым­даған­дай: «Мәде­ни­ет мәж­бүр­ле­уден баста­лып, кей­ін­нен әдет­ке айна­ла­ды!» Бұл – дәлел­де­уді қажет етпей­тін ақиқат. Осы орай­да Пре­зи­ден­ті­міздің қоғам­да қор­да­ланған түй­ін­ді мәсе­ле­лер­ге, кей­ін­гі кез­дері қалып­тасқан әдет-ғұрып­тарға үн қатып, өз пікірін біл­діріп оты­руын құп көр­ген­біз. Тіп­ті көлік қозға­лы­сы ере­же­лерін бұзған­дар­ды, қақы­рып-түкі­ру, күл-қоқыс тастау, айна­ла­ны ластау сияқты ерсі қылы­қтар жасаған­дар­ды жау­а­пқа тар­ту­ды қалып­ты қабылдадық.

Енді­гі бір кезең­де жастар­дың, егде адам­дар­дың жүріс-тұры­сы­на қаты­сты бай­ы­рғы дәстүр­лі құн­ды­лы­қтарға ора­лу қажет екенін ескер­те келіп, ер адам­дар­дың бір-бірін құшақтап, сүй­іп аман­да­суы, әйел­дер­дің еркек­тер­ді, еркек­тер­дің әйел­дер­ді беті­нен сүй­іп сәлем­де­суін тіл­ге тиек етіп, біздің салт-дәстүрі­міз­де мұн­дай ешқа­шан бол­маға­нын, осы себеп­ті жаңа жүріс-тұрыс әдебін қалып­та­сты­ру қажет­ті­гін де талқы­ға салған. Сәлем­дескен­де сүй­і­судің жайы бір басқа, алай­да өз басым аза­мат­тар­дың төс қағы­сты­рып аман­да­суы­нан, бауы­ры­на басып, арқа­сы­нан алақа­ны­мен қағып, қуа­ны­шын біл­діруі­нен өрес­кел әре­кет көріп тұрған жоқ­пын. Бұл – ұлты­мы­зда ежел­ден бар ғұрып бол­са керек. Әрине, аман­да­су­дың жал­пы­ха­лы­ққа ортақ бір әдебін қалып­та­сты­ру керек шығар. Алай­да адам­дар­дың ішкі сый­ла­стық-құр­меті­нен келіп шыға­тын рәсім­ді бір қалы­пқа кір­гі­зу қалай болар екен?..

Жуыр­да Пре­зи­дент кей­бір қалам­гер­лер­дің «жүре­гім­де мұң, көзім­де мұң» деп мұң­ды сөзді жақ­сы көретінін сынға алып, мұн­дай күй­зеліс пен зарға шексіз бой­лай беруді тоқта­ту қажет­ті­гін атап өткенін көр­дік. Жастар өз халқы­ның тарихын дұрыс түсініп, бола­шаққа үміт­пен қара­уға және опти­мист болуға тиіс деп түсін­дір­ді ол жаңа талабын.

Осы мәсе­ле мені көп толған­ды­рға­нын алды­мен айтқым келеді. Себебі, поэ­зия деген­нің өзі ақын­ның ішкі толға­ны­ста­ры­нан, жүре­гін жай­лаған шер мен мұң­нан тұта­на­ты­нын айт­пасқа бол­май­ды. Мұқаға­ли­дың: «Поэ­зия махаб­бат­тан баста­лып, пара­сат­пен аяқта­ла­ды!» деген сөзін еске­рер бол­сақ, ғашы­қтық поэ­зи­я­ның негізі осы мұң­нан тұра­ты­нын қалай­ша жоққа шыға­ра­мыз. «Өлең деген тумай­ды жай­шы­лы­қта. Өлең деген туа­ды қай­шы­лы­қта!» – дей­ді сол Мұқаға­ли. Ал қай­шы­лық деген­нің қашан­да көңіл­ге қаяу, жүрек­ке мұң әке­летіні тағы бар. «Дүниенің өзге бақыт-шат­ты­ғын, мен­сін­бе­ген менің мұңым тәт­ті мұң!» деп жаза­ды Мұх­тар Шаха­нов «Ғашы­қтық ғала­ма­ты» поэ­ма­сын­да. Осын­дай мысал­дар­ды мың­дап кел­тіру­ге болады-ау…

Дала фило­со­фи­я­сы­ның дана­гөйі Асан қай­ғы: «Таза мін­сіз асыл тас су түбін­де жата­ды. Таза мін­сіз асыл сөз ой түбін­де жата­ды. Су түбін­де жатқан тас – жел толқыт­са шыға­ды, Ой түбін­де жатқан сөз – шер толқыт­са шыға­ды» – деп, ми қат­па­ры­ның сан мың иірім­дерін­де жасы­ры­нып жатқан ойды маг­ма­дай бұлқын­тып кеңістік­ке шыға­ра­тын да осы мұң екенін қапы­сыз ұқты­ра­ды емес пе. Бұған қарап, өлең деген тек шер­лі жүрек­тің үні деген­ге ила­ну­дан басқа ама­лы­мыз қалмағандай…

«Қалың елім, қаза­ғым, қай­ран жұр­тым…» неме­се «Малға достың мұңы жоқ мал­дан басқа…» – деп елінің ертеңі үшін еңіреп өткен поэ­зия пай­ғам­ба­ры Абай­ды мұң­ды өлең жаз­дың деп қалай жазғы­ра ала­мыз. Әлде қаза­қта бүгін мәсе­ле жоқ па?!

«Қай­ғы­сы – шекер, мұңы – бал,

Ақы­н­мын, өлең-жыры бар.

«Отан!» деп жүрек соқпаса,

Кеудем­нен оны жұлып ал!» – дей­ді жеті­сулық Аза­мат деген ақын бір өлеңін­де. Осы жер­де қай­ғы мен мұң­ды алып тастай­тын бол­сақ, шумақта қан­дай мән мен маз­мұн қалар еді? Отан деп соқ­паған жүрек­ті құр­бан­ды­ққа қиып оты­рған ақын­ды мұң сөзін қол­дан­дың деп айып­та­уға хақы­мыз бар ма?!

«Қошта­са­мыз, аңсай­мыз, сенделеміз,

Бір бақы­тқа жете алмай шерленеміз.

Айды­ны­на басқа­ның қона алмай жүр,

Сенің там­шы мұңы­ңа шөл­де­ген қыз» – дей­ді тағы бір ақын қыз ағы­нан ақтарылып.

«Шат­тық кетіп, жүре­гі­ме мұң батты,

Сағы­нам ғой, сағы­на­мын тым қатты.

Сағы­ны­шым жара­лаған жүрегі,

Көк­жи­ек­ті қан-жоса ғып күн бат­ты…» – дей­ді Әми­на Адай­хан ойын одан әрі жалға­сты­рып. Оның жүре­гін­де­гі мұңы­на сен­бес­ке ама­лы­мыз қалмағандай.

Қара аспан­ды суға алды­рып, жыла­у­ық өлең жаза бер­ген дұрыс емес, әрине, Деген­мен, мұң­ның да мұңы бола­ды емес пе. Жүре­гіңе жүк түсір­мей, ақы­рын ғана сызда­тып, асқақ бір арман­ның жете­гіне ергізіп жібе­ретін тәт­ті мұң­ның да дәмін татқан дұрыс-ау. Ал, санаң­ды сан­сы­ра­тып, көкіре­гіңді қарс айы­ра­тын кер­мек мұң аза­пқа сал­са қайт­пексің?! Қолы­ң­нан келер қай­ран бол­май, ұстаған­ның қолын­да, тісте­ген­нің аузын­да кетіп бара жатқан елді­гің мен жеріңе ара­ша түсе алмай аласұр­саң, оның емі қай­дан табы­ла­ды?! Ғасыр­лар бойы халқы­ң­ның біре­гей­лі­гін қорғап, ұлт ретін­де жоға­лып кет­пе­уіне дәне­кер болған тілің мен ділің, ата сал­тың мен дәстүр-ғұр­пың құр­ды­мға құлап бара жат­са, той­ға­ның мен кигенің­нен қалай қанағат тап­пақ­сың? Зер­дең ашық бол­са, бей­қам тір­лік кешу­ге дәтің шыдар ма екен осындайда?!.

«Мұң бар жер­де поэ­зия бар…» – дей­ді фран­цуз фило­со­фы әрі жазу­шы Дени Дид­ро. Демек, мұң ұғы­мы жал­пы поэ­зи­я­ның бастау бұлағы екеніне шүбә кел­ті­ру қиын-ау. Осы себеп­ті, мәр­те­белі Қасым-Жомарт Кемелұ­лы, Сіз­ден өтініш – өлеңді өзі­міз­ге қалдырыңызшы!..

Құр­мет­пен, Қуат деген ақын ініңіз.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн