Четверг , 1 октября 2026

ӘСКЕРДІ ТҮБЕГЕЙЛІ РЕФОРМАЛАУ ҚАЖЕТ

Кас­пий теңізін­де әске­ри оқу-жат­ты­ғу кезін­де болған қай­ғы­лы оқиға бүкіл Қаза­қстан халқы­ның қабы­рға­сын қай­ы­сты­рып кет­ті. Айдың-күн­нің ама­нын­да, бей­біт өмір жағ­дай­ын­да теп­се темір үзетін жап-жас 14 аза­ма­ты­мы­здан айы­ры­лып қал­дық. Осы ауыр қаза­ға бай­ла­ны­сты терең қай­ғы­ра оты­рып, ең алды­мен олар­дың ата-ана­ла­ры­на, туған-туы­ста­ры­на көңіл айта­мын. Ләй­ім, сар­ба­з­да­ры­мы­здың жаны жән­нат­та, топы­рағы жеңіл болғай! Алла оларға нағыз Отан қорға­у­шы­лар ретін­де бей­і­ш­тен орын бергей!

«Ұлы сөз­де ұят жоқ» – дей­ді халық дана­лағы. Бұл қай­ғы­лы апат «Өлім – бай­дың малын шаша­ды, кедей­дің – көтін аша­ды» демек­ші, Қазақ арми­я­сын­дағы бар былық, бірін­ші кезек­те тәр­тіп пен жау­ап­кер­шілік­тің жоқ екенін ашқан ауыр да бол­са, ащы ақиқат бол­ды. Пре­зи­ден­ті­міз мұны қыл­мысқа теңеді. Қаза тапқан жауын­гер­лер­дің құр­меті, олар­ды ел есін­де қал­ды­ру үшін, Аза тұту күнін жари­я­ла­ды. Жедел түр­де қыл­мыстық іс ашы­лып, жау­ап­ты офи­цер­лер тұтқы­нға алын­ды, Қорға­ныс мини­стрі лау­а­зы­мы­нан боса­ты­лып, жаңа бас­шы тағай­ын­дал­ды. Бұл сала­дағы былы­қтар­ды тек­се­ру мақ­са­тын­да үкі­мет­тік комис­сия құры­лып, кешен­ді тек­се­ру бастал­ды. Енді ол оқу-жат­ты­ғу­ды әзір­леу мен өткізу­ге, әскер­ді қажет­ті жаб­ды­қтар­мен қам­та­ма­сыз ету­ге және қауіп­сіздік талап­та­ры­ның сақта­луы­на жау­ап­ты бар­лық лау­а­зым­ды тұлға­ның әре­кетіне баға беруі тиіс.

Мем­ле­кет бас­шы­сы әске­ри қыз­мет­шілер лау­а­зы­мы­на, шеніне қара­ма­стан жау­а­пқа тар­ты­ла­ты­нын, заң бой­ын­ша қатаң жаза­сын ала­ты­нын ескерт­ті, сон­дай-ақ Қорға­ныс сала­сын рефор­ма­лау жөнін­де шұғыл тап­сыр­ма берді.

Пре­зи­дент Қару­лы күш­тер­дің «өткен ғасыр­да қалып қой­ға­нын» айтып, бей­біт уақыт­та сар­ба­з­дар­дың қаза табуын «гене­рал­дар­ды қоса алған­да, офи­цер­лер­дің қыл­мыстық сипаттағы кәсі­би біліксізді­гі­мен» байланыстырды.

– Бұл оқиға арми­яда олқы­лы­қтар өте көп екенін және кәсі­би­лік жетіс­пей­тінін анық көр­сет­ті. Әскер­ді түбе­гей­лі рефор­ма­ла­уды іске асы­ра­тын уақыт кел­ді. Бұл – кезек күт­тір­мей­тін мәсе­ле, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Жаңа министр қазір­дің өзін­де әскер­де қан­дай өзгерістер жаса­ла­ты­нын айт­ты. Оның сөзін­ше, нақты нәти­же бер­мей­тін есеп­тер мен жиын­дар­дың саны қысқа­ра­ды, әкім­шілік рәсім­дер­дің бір бөлі­гі цифр­лық фор­матқа көшіріледі, оқу-жат­ты­ғу тәсіл­дері өзге­реді. Сар­ба­з­дар мен офи­цер­лер­ді даяр­лау кезін­де қазір­гі қару­лы қақты­ғы­стар­дың тәжіри­бесі ескеріледі, ұшқыш­сыз ұшу аппа­рат­та­ры­на көбірек көңіл бөлі­неді. Әске­ри қыз­мет­шілер радио­элек­трон­дық күрес, бар­лау және бай­ла­ныс құрал­да­рын қол­да­нуға да машы­қта­на­тын болады.

– Армия есеп үшін неме­се көз­бо­я­у­шы­лық шара­лар үшін дамы­м­ауы керек. Әрбір үдеріс, әрбір шешім және бөлін­ген әрбір ресурс нақты нәти­же беріп, Қару­лы күш­тер­дің жауын­гер­лік қабілетін арт­ты­руға бағыт­та­луға тиіс. Әр сар­баз өзін қауіп­сіз сезі­нуі керек, – деді министр Айдос Мырзахметов.

Сон­дай-ақ ол бюд­жет қар­жы­сы­ның жұм­са­луын бақы­лау күшей­тілетінін, сатып алу мен ресур­стар­ды бөлу­ге қаты­сты шешім­дер ашық болуы тиіс екенін, коман­дир­лер әске­ри қыз­мет­шілер­дің қан­дай жағ­дай­да қыз­мет атқа­рып жүр­геніне жеке жау­ап­кер­шілік­пен қара­уы талап етілетінін айт­ты. Аса бөліп айта­тын жайт – әскер­де­гі жарғы­ға қай­шы қарым-қаты­на­старға қатаң тосқа­уыл қою қажет деп мәлімдеді.

Мұның бәрі жөн дей­ік, бірақ бұл сала­дағы басты сұрақтар­дың бірі – әскер қата­рын­да қыз­мет ету елі­міздің 18 бен 28 жас ара­сын­дағы бар­лық аза­мат­та­ры үшін мін­дет­ті бола ма, уақыт мерзі­мі өзге­ре ме, ол жас жігіт­тер­дің абы­ройы мен беделін арт­ты­ра­тын құр­мет­ті қыз­мет­ке айна­ла ма деген мәселе!

Өйт­кені Аза тұту күнін әжу­а­лап: «Біз үшін өлді ме?» – деген­дер де бол­ды. Бұл – қоғам­да әскер, оның қата­рын­да қыз­мет етіп жүр­ген жауын­гер­лер­ге деген құр­мет­сіздік­ті көр­се­тетін дерек. Әрине, «мал ала­сы – сыр­тын­да, адам ала­сы – ішін­де». Бірақ осын­дай бір «құма­лақ» бүкіл қоғам­ды шірі­тетінін ешқа­шан ұмыт­па­уы­мыз керек!

Сон­ды­қтан Қорға­ныс сала­сын рефор­ма­лау бірін­ші кезек­те бар­лық аза­мат­тар үшін ең асқақ арманға айна­лып, ең абы­рой­лы, ең құр­мет­ті кәсіп, маман­дық бола­тын­дай, әр жасөс­пірім физи­ка­лық жағы­нан мығым, адам­гер­шілік, отан­шыл­дық қаси­ет­тері, тұлға­лық ерекшелі­гі жағы­нан өзі­нен кей­ін­гілер­ге әрқа­шан үлгі бола­тын­дай дең­гей­де жүр­гізіл­генін қалар едік. Осы тұрғы­да доға­ры­стағы бұры­нғы офи­цер, 40 жыл­дық еңбек өтілі бар арда­гер жур­на­лист ретін­де өз басым мына­дай ұсы­ны­стар айтқым келеді.

1. Әскер қата­рын­да қыз­мет ету Қаза­қстан­дағы бар­лық ер аза­мат­тар үшін мін­дет­ті шар­тқа айна­луы тиіс. Өйт­кені бұл – өске­лең ұрпақты Пре­зи­ден­ті­міз күн­де айтып жүр­ген «Заң мен Тәр­тіп», «Адал аза­мат» қағи­дат­та­рын сақтап, заңға мой­ын­сұ­на­тын тәр­тіп­ті, жинақы, әділ болуға бастай­тын алғы­шат­тар­дың бірі.

2. Оның мерзі­мі қазір­гі­дей 1 жыл емес, 2 жыл болға­ны дұрыс және алға­шқы бір жылын­да негіз­гі әске­ри маман­ды­қтарға қоса, әртүр­лі кәсіп, айта­лық, құры­лыс маман­ды­қта­ры, тех­ни­ка жүр­гі­зу үйретіліп, соңғы бір жылын­да осы бағыт­та жұмыс істеп, тапқан табысы есеп­шо­тын­да бір тиы­ны да жұм­сал­май тұруы керек. Мұны сар­ба­з­дар­дың әскер­ден кей­ін­гі өмірін қалып­та­сты­руға қажет мызғы­май­тын қор деп түсін­ген жөн.

3. Әскер­де­гі бар­лық тір­шілік мін­дет­ті түр­де тек қана мем­ле­кет­тік тіл­де жүр­гізіліп, сар­ба­з­дар­ды отан­шыл­дық рух­та тәр­би­е­леу үшін, қазақ халқы­ның тарихы, ұлт­тық және гео­гра­фи­я­лық ерекшелік­тері, қазір­гі кез­де­гі гео­са­я­си рөлі мем­ле­кет­тік тіл­де оқы­ты­луы тиіс. Бұл – жастар­дың бой­ын­да ата-баба дана­лы­ғы мен ерлі­гіне, елі­міздің кеңді­гі мен бай­лы­ғы­на деген мақта­ныш сезі­мін туды­рып, жауын­гер­лік рухы­ның асқақта­уы үшін қажет. Соны­мен бір­ге өзге этнос өкіл­дерінің де қазақ халқы­на, оның тілі мен діліне, әдет-ғұрып, салт-дәстүр­леріне деген құр­метін асы­рып, ақы­рғы есеп­те бір­тұ­тас Қаза­қстан халқы­ның тату тір­лі­гін, мызғы­мас бір­лі­гін нығай­ту тұрғы­сы­нан аса маңызды.

4. Әскер қата­рын­да қыз­мет етпе­ген ер аза­мат ешқан­дай мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке алын­баға­ны жөн. Өйт­кені әске­ри өмір мен тәр­тіп­ті басы­нан өткіз­бе­ген адам мем­ле­кет­тік тәр­тіп пен жау­ап­кер­шілік­ті тиісті дең­гей­де сезі­нуі екіта­лай. Қазір­гі мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есін­де­гі тәр­тіп­сіздік­тер­дің басты себеп­терінің бірі осы деу­ге де болады.

5. Әске­ри маман­дар­ды негізі­нен Ресей­де даяр­ла­уды доғарған жөн. Есесіне түбі бір туы­сқан Түр­кия, сон­дай-ақ АҚШ, Еуро­па елдерін­де оқы­туға басым­дық бер­ген дұрыс.

Бұл менің қысқа ғана айтқан ұсы­ны­ста­рым. Кең көлем­де әске­ри тәжіри­бесі мол және ұлт­тық мүд­де тұрғы­сы­нан ойын шынайы жет­кі­зетін нағыз маман­дар­мен пікір­лесіп, сұх­бат ала­мын деген ойым бар.

Қалай деген­де де, елі­міздің Қорға­ныс сала­сы­на түбе­гей­лі рефор­ма қажет. Мұны мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың өзі айтып, аса маңы­зды мін­дет жүк­теп отыр. Жал­пы, «Заң мен Тәр­тіп» қағи­да­ты­ның нақты жүзе­ге асуы, ниеті адал, ұста­ны­мы берік, отан­сүй­гі­штік сезі­мі жоға­ры тұлға тәр­би­е­леу тұрғы­сы­нан Қорға­ныс мини­стр­лі­гі өзге үкі­мет­тік меке­ме­лер­ге үлгі болуы тиіс. Әскер­де тәр­тіп бол­ма­са, қоғам­да тәр­тіп болуы қиын!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ, «D»

Республиканский еженедельник онлайн