Четверг , 15 октября 2026

Жылап жатып оянам

15 қазан – Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы сый­лы­ғы­ның, Қаза­қстан пат­ри­от­та­ры «Алмас қылыш» сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы «Алтын медалінің», Сорос қоры­ның жур­на­ли­сти­ка сала­сын­дағы «Батыл­ды­ғы мен табан­ды­лы­ғы үшін» сый­лы­қта­ры­ның иегері, «ДАТ» медиа-жоба­сы­мен шыға­тын «Обще­ствен­ная пози­ция» газетінің бұры­нғы бас редак­то­ры, бел­гілі жур­на­лист, ұлт жана­шы­ры болған марқұм Бақыт­гүл Мәкім­бай­дың туған күні. Биыл оның өмір­ден өткеніне 5 жыл тол­ды. Егер ара­мы­зда тірі жүр­ген­де дәл бүгін 64 жасқа толар еді. Әттең, әттең!..

Рухы шат бол­сын деген ниет­пен әріп­тесі­мізді еске алып, сіңлісі Мей­ір­гүл­дің осы өлеңін жари­я­лап отырмыз.

Сенің жоғың жүре­гі­ме батып жүр,

Дей­сің маған «еш уай­ым­сыз өмір сүр».

Бір сәт менің ойым­нан еш шықпайсың,

Сені, ӘПКЕ, ұмы­тқам жоқ, соны біл!

Мен сен­сіз – күн­сіз қал­дым түнекте,

Бар шуақты ап кет­тің ғой жүректен.

Қадіріңді біл­меп­пін сен барыңда,

Зардап татып жүр­мін енді түнекте.

Қамқор едің тым ерекше жанашыр,

Талап­шыл ең, әр ісің­де жаңашыл,

Ұрсып тұрып ерке­ле­те салатын,

Мей­ірім­ді ең ғой, заты бөлек, жаны асыл!

Қалай саған сағы­ны­шты қоя алам,

Ерке кездің естелі­гін жоя алам?

Түсім­де сені көрем деген үмітпен

Ылғи жоқтап, жылап жатып оянам.

Мей­ір­гүл МӘКІМБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн