Четверг , 22 октября 2026

ЕҢБЕКАҚЫ ӘР ӨҢІРДЕ ӘРКЕЛКІ

«Әділет» пар­ти­я­сы­нан сай­ланған Құры­л­тай депу­та­ты Айна­гүл Бал­та­ше­ва педа­гог-асси­стент­тер­дің апта­лық нор­ма­тив­тік оқу жүк­те­месін 16 сағат етіп бекітіп, еңбе­кақы есеп­те­удің біры­ңғай тәр­тібін енгі­зуді ұсын­ды. Депу­тат бұл мәсе­лені Оқу-ағар­ту мини­стрі Жұл­дыз Сүлей­ме­но­ваға жол­даған сау­а­лын­да көтерді.

Оның айтуын­ша, Қаза­қстан­да ерекше білім беру қажет­тілік­тері бар 237 мыңға жуық бала тір­кел­ген. Ал білім беру ұйым­да­рын­да шама­мен 6,5 мың педа­гог-асси­стент жұмыс істейді.

Бал­та­ше­ва педа­гог-асси­стент­тер ерекше білім беру қажет­тілік­тері бар бала­лар­дың білім алуы­на, әле­умет­тік ортаға бей­ім­де­луіне, дер­бес­тік дағ­ды­ла­рын дамы­туы­на және өзіне деген сені­мін қалып­та­сты­руы­на көмек­те­сетінін атап өтті. Сон­ды­қтан олар­дың еңбек жағ­дайы мен еңбе­кақы­сын әділ рет­теу инклю­зив­ті білім берудің сапа­сы­на тіке­лей әсер етеді.

Депу­тат­тың сөзін­ше, қазір­гі нор­ма­тив­тік рет­те­уде педа­гог-асси­стент­тер­дің апта­лық оқу жүк­те­месі мен жұмыс уақы­тын есеп­теу тәр­тібін нақты­лау қажет. Бұған дей­ін олар­дың еңбе­кақы­сын есеп­теу кезін­де апта­сы­на 16 сағат­тық нор­ма­тив­тік оқу жүк­те­месі қол­да­ны­лған. Алай­да қол­да­ны­стағы ере­же­лер­де­гі айқын­ды­қтың жет­кіліксізді­гі өңір­лер­де жұмыс уақы­тын әркел­кі есеп­те­у­ге жол ашып отыр. Осы­ған бай­ла­ны­сты Айна­гүл Бал­та­ше­ва Оқу-ағар­ту мини­стр­лі­гіне үш ұсы­ныс енгізді.

Бірін­ші­ден, «Педа­гог мәр­те­бесі тура­лы» заң талап­та­рын еске­ре оты­рып, педа­гог-асси­стент­тер­дің апта­сы­на 16 сағат­тық нор­ма­тив­тік оқу жүк­те­месін құқы­қтық тұрғы­дан бекіту мүм­кін­ді­гін қарас­ты­ру және оған қар­жы­лық негіз­де­ме әзір­леу ұсынылды.

Екін­ші­ден, бала­ны тіке­лей сүй­е­мел­де­у­ге жұм­са­ла­тын уақыт­ты сабаққа дай­ын­да­лу, педа­гог­тар­мен бір­лесіп жұмыс істеу және құжат­та­ма жүр­гі­зу секіл­ді өзге кәсі­би мін­дет­тер­ден ажы­ра­тып, жұмыс уақы­тын есеп­ке алу тәр­тібін бел­гілеу қажет.

Үшін­ші­ден, педа­гог-асси­стент­тер­дің еңбек жүк­те­месі мен еңбе­кақы­сын есеп­те­удің рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша біры­ңғай тәр­тібін енгі­зу ұсынылды.

Республиканский еженедельник онлайн