Четверг , 5 ноября 2026

АКТИВТЕРДІ ҚАЙТАРУ – қалпақпен қағып алатын мәселе еместігіне көз жетті

Жылы­ста­ты­лған актив­тер­ді елге қай­та­ру мәсе­ле­лері жөнін­де жуы­қта «Еге­мен Қаза­қстан» газетінің тіл­шісіне сұх­бат бер­ген едім. Сон­да қозғалған тақы­рып­тар­дан «DAT» газетінің оқыр­ман­да­ры да хабар­дар бол­сын деген оймен сұх­бат­тың толық мәтінін ұсы­нып отырмын.

Ермұрат Бапи

– Қай­та­ры­лған актив­тер­дің көле­мі тура­лы мәлі­мет­тер жиі жари­я­ланға­ны­мен, олар­дың қай­дан алы­нға­ны, қалай баға­ланға­ны және нақты қан­ша­сы мем­ле­кет иелі­гіне өткен­ді­гі неге әрдай­ым ашық айтылмайды?

– Қай­та­ры­лған актив­тер­дің көле­мі мен струк­ту­ра­сы тура­лы айт­пас бұрын, жал­пы осы науқан­ның сая­си сипа­ты жөнін­де айта кету керек шығар. Менің ойым­ша, ұрла­нып-жыр­ланған актив­тер­ді қай­та­ру кам­па­ни­я­сы қоғам түгілі, осы науқанға баста­ма­шы мұрын­дық болған ел Пре­зи­ден­тінің көңілі­нен шық­паған сияқты. Оның үстіне сыр­тқа кет­кен актив­тер­ді халы­қа­ра­лық құқық нор­ма­ла­ры­на сәй­кес қай­та­ру тәжіри­бесі бол­маған­ды­қтан, біздің елдің тиісті мем­ле­кет­тік орган­да­ры бұл науқан­ды мең­геріп кете алма­ды. Ең басты­сы – бұл өгі­за­яң жүріспен ондаған жыл­дар­ды сарп етуі­міз мүм­кін еді және нәти­же көңіл көн­шіт­пей­тініне көз жетті.

Соның сал­да­ры­нан үш жыл­дың ішін­де ауыз тол­ты­рып айтар­лы­қтай нәти­же бол­ма­са, нені мақта­нып айта ала­мыз? Бір деректер­де 1,5 трил­ли­он тең­ге, енді бір ақпа­рат­тар­да 2 трил­ли­он тең­ге­ге жуық дедік – нақты сан жоқ. Бұның өзі дол­ларға шаққан­да, үш жыл­да қай­тарға­ны­мыз небәрі 4 млрд қана бол­мақ. Ал ашық ақпа­рат­та біздің сыр­тқа жылы­ста­ты­лған қазы­на­мыз 200 млрд дол­ларға жуық деген дерек бар. Оның ақша­мен, өндіріспен, баға­лы қағаз­бен, қым­бат заттар­мен, жыл­жы­май­тын мүлік­пен, т.т. қай­тқа­ны жөнін­де­гі ақпа­рат та нақты емес.

Егер үш жыл­дағы қай­тарға­ны­мыз $4 мил­ли­ард қана бол­са, $200 мың­ды қан­ша жыл­да қай­та­руы­мыз мүм­кін? Сон­ды­қтан актив­тер­ді қай­та­ру про­цесі ел Пре­зи­ден­ті ойлаған­дай нәти­же бер­ме­ген­дік­тен, уәкілет­ті орган­дар жұмыстың болым­сыз нәти­же­сін жария ете беру­ге де сон­ша­лы­қты құлы­қты емес деп ойлаймын.

– Мем­ле­кет­ке қан­ша актив қай­та­ры­лға­ны емес, сол актив­тер­ді заң­сыз иеле­ну­ге кім­дер­дің және қан­дай жағ­дай­лар­дың мүм­кін­дік бер­гені неге басты қоғам­дық талқы­лау тақы­ры­бы­на айнал­май отыр?

– Бұл тақы­рып­ты қоз­ды­ру – кон­тент­тік дүр­мек үшін масс-меди­аға ғана қызы­ғу­шы­лық туды­рға­ны бол­ма­са, мем­ле­кет үшін ешқан­дай қажет­тілік емес. Мен бұл орай­да өз пай­ы­мым­дағы жеке нұсқам­ды айтып көрей­ін. Артық ажи­о­таж туды­ра­тын, бұры­нғы режим онсыз да 30 жыл бойы бөл­шек­теп биле­ген ел ішіне іріт­кі сала­тын текетірес қоғам­ды жасам­паз­ды­ққа жұмыл­ды­ру иде­я­сы­на кереғар ұғым болады.

Актив­тер­ді заң­сыз иеленіп кет­кен оли­гар­хат­тың мүд­десін қорғай­тын «кесірт­келік жаны қалған» күш­тер бар және олар­дың «кэш» капи­та­лы пішен. Оларға онлайн қоғам­ды дүр­лік­ті­ру үшін бло­го­сфе­ра­ның бел­сен­ділері­нен жақ­тас табу түк­ке тұр­май­ды. Егер бүгін­гі билік актив­тер­ді заң­сыз иеленіп кет­кен­дер­дің түр-тегін аны­қтау кам­па­ни­я­сын қоз­ды­ра­тын бол­са, қар­сы тарап өздерін қорға­уға әре­кет­те­неді. Соның нәти­же­сін­де әле­умет­тік орта­ның діни негіз­де жақ-жақ болып бөл­шек­тен­гені сияқты, тағы бір қыры­қ­пы­шақ қырқыс баста­ла­ды. Сон­ды­қтан бүгін­гі өкі­мет өз баста­ма­сы­мен мұн­дай жік-жапар даб­ы­ра туды­руға мүд­делі бол­маған сыңайда.

– Актив­тер­ді қай­та­ру сая­са­ты бай­лы­қтың заң­сыз шоғыр­ла­нуы­на мүм­кін­дік бер­ген жүй­ені өзгер­те алды ма, әлде оның сал­да­рын ғана жою­мен шек­теліп отыр ма? Егер актив­тер­ді қай­та­ру про­цесінің өзін­де заң бұзу­шы­лық, қара­жат­ты тиім­сіз пай­да­ла­ну неме­се мүд­де­лер қақты­ғы­сы аны­қтал­са, оған нақты кім жау­ап береді?

– Бұл сұрағы­ңыз екі бөлік­тен тұра­ды екен. Бірін­шісіне айта­рым – актив­тер­ді қай­та­ру сая­са­ты қарқын алмай жатып доға­ры­луы себеп­ті сыр­тқа қарай ұрлық-қар­лық жасау жүй­есін түбірі­мен өзгер­тіп таста­ды деп айтуға кел­мей­ді. Бұл сая­сат­тың сипа­ты өзгеріп, жылы­ста­ты­лған актив­тер­ді елге инве­сти­ция ретін­де кері кір­гі­зу, қолай­лы инве­сти­ци­я­лық кли­мат қалып­та­сты­ру арқы­лы актив­тер­ді қай­та­ру про­цесіне жаңа­ша мүм­кін­дік жасау сая­са­ты қалып­та­су­да. Қаза­қ­ша­лап, қара­дүр­сін айтқан­да, «ұрлы­қ­шы­ларға» сти­мул жаса­лу­да. Басты­сы – жылы­статқан ақшаң­ды елге оралт, соның нәти­же­сін­де жаңа өндіріс орын­да­рын сал, энер­ге­ти­ка­лық сек­торға жәр­дем жаса, сол арқы­лы жаңа жұмыс орын­да­рын аш, «лас» қар­жы­ң­ды жуып-шай­ып, тазар­тып ал! Сенің сырт­тан инве­сти­ция ретін­де кіретін қара­жа­ты­ң­ның акку­му­ля­ци­я­сы мен шыққан тегін­де біздің шару­а­мыз жоқ, ең басты­сы – ұлт­тық эко­но­ми­ка­ны дамы­туға ақшаң­ды құй! Міне, бүгін­гі сая­сат­тың менің түй­сі­гім­де­гі қара­пай­ым түсіні­гі осы!

Егер актив­тер­ді қай­та­ру сая­са­ты­ның сипа­ты дәл осы маз­мұнға ауыс­са, мен бұны да қол­дай­мын. Себебі бұрын­да­ры жылы­ста­ты­лған актив­тер 10–15 жыл­дың ішін­де нешетүр­лі схе­ма­мен қол­дан-қолға өтіп кет­ті, бене­фи­ци­ар­ла­ры да өзгер­ді, шетел­дік юрис­дик­ци­яда олар­мен сот­та­сып жүру ұзақ про­цес­ке және орас­ан зор шығы­нға айна­ла­ды. Бүгін­гі ұлт­тық эко­но­ми­ка­ның қар­жы­ға мұқтаж болған жағ­дай­ын­да «мысы­қтың түсі қан­дай болға­ны маңы­зды емес, тышқан аула­са болға­ны» деген тәм­сіл­ге ден қою­дан басқа лаж жоқ.

Сұрағы­ңы­здың екін­ші бөлі­гі тура­сын­да айтар бол­сам, ақша жүр­ген жер­де мүд­де­лер қақты­ғы­сы бол­май қой­май­ды. Бұл – капи­тал биле­ген нары­қтың жазыл­маған заң­ды­лы­ғы. Бірақ енді­гі жер­де актив­тер­ді қай­та­ру про­цесін­де заң бұзу­шы­лық орын ала­тын бол­са, оның жүріс-бары­сын бақы­лай­тын, оған жау­ап беретін тиісті мем­ле­кет­тік орган­дар бар. Бас про­ку­ра­ту­ра­ның құра­мын­дағы бұры­нғы Актив­тер­ді қай­та­ру коми­теті Инве­сти­ци­я­ны қорғау коми­теті болып қай­та құрыл­ды. Ел Пре­зи­ден­ті мен Үкі­мет бар­лық жау­ап­кер­шілік­ті осы коми­тет­тен сұрай­ды деп ойлай­мын. Соны­мен бір­ге халы­қтық қазы­на­ны көзінің қара­шы­ғын­дай қорға­уы тиіс Қар­жы мони­то­рин­гі агент­ті­гі мен бұры­нғы «Анти­кор» бар.

– Был­тыр бір сөзіңіз­де «ескі қаза­қстан­дық эли­та» билік­ке қай­та ора­лу­ды көз­деп, астыр­тын күресін жалға­сты­рып жатқа­нын айтқан едіңіз. Егер бұры­нғы эли­та­ның мүд­делі топ­та­ры мем­ле­кет­тік ресур­старға қай­та ықпал ету­ге ұмты­лып жат­са, қай­та­ры­лған актив­тер­дің қай­та­дан жеке­ле­ген топ­тар­дың мүд­десіне қыз­мет етпе­уіне қан­дай кепіл­дік бар?

– Қан­дай кепіл­дік барын айта­тын­дай, құзірет­ті сөзім жоқ! Ал егер өзім­нің жеке пікірім­ді айтар бол­сам, тран­зит­тік эко­но­ми­ка елін­де бәрі мүм­кін! Алға­шқы капи­тал­дың кір­шіксіз тап-таза бол­май­ты­ны бел­гілі жәйт. Энер­ге­ти­ка­лық сек­торға араб елдері­нен кір­ген инве­сти­ци­я­лық топ­тар басым қызы­ғу­шы­лық туды­рып жатқа­нын депу­тат­тық три­бу­на­дан да айтқа­ным бар. Ал энер­ге­ти­ка – эко­но­ми­ка­ның драй­вері екені дау­сыз акси­о­ма. Соны­мен бір­ге электр тоғын жағып-өшіретін «рубиль­ник» деген тетік және «тариф» деген құдірет тағы бар. Ол кім­нің қолын­да бол­са – құдай да сол! Олар­дың қоғам­да әле­умет­тік толқу туды­ру мүм­кін­ді­гін де жоққа шыға­руға болмайды…

– Қай­та­ры­лған актив­тер­ді әділет­тілік­ті қал­пы­на кел­тірудің нақты нәти­же­сі деп баға­лау үшін қан­дай дәлел­дер мен тәу­ел­сіз аудит қоры­тын­ды­ла­ры қажет?

– Бұл енді таза қар­жы-эко­но­ми­ка­лық тұжы­рым­ды қажет ететін сұрақ болған­ды­қтан, мен бұған нақты сарап­шы­лық пікір айта алмас­пын. Бір білетінім – әле­умет­тік әділет­тілік­ті қал­пы­на кел­тіру­ге бір ғана аудит­тің әлі кел­мей­ді. Бұған бүкіл мем­ле­кет­тік пәр­мен­нің жете­гі­мен тұтас ұлт­тық (этни­ка­лық деп түсін­беу керек) сая­сат­ты қажет ететін науқан арқы­лы қол жет­кізу­ге бола­тын шығар. Қысқа­сы, жылы­ста­ты­лған актив­тер­ді қай­та­ру – қал­пақ­пен қағып ала­тын мәсе­ле емес екен­ді­гіне менің көзім әбден жетті.

– Жал­пы заң­сыз актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі заңға қаты­сты пікіріңіз қан­дай? Заң қан­ша­лы­қты өз дең­гей­ін­де жұмыс істеп тұр?

– Актив­тер­ді қай­та­ру кам­па­ни­я­сы инве­сти­ци­я­ны қорғау сая­са­ты­на ауы­сқан соң, бұл заң бүгін­де пәр­мен­ді жұмыс істеп тұрға­ны­на күмәнім бар. Бәл­кім, жеке­ле­ген нор­ма­ла­ры бол­ма­са, заң­ның тұтас сипа­ты өзінің алға­шқы мақ­са­ты­нан өзгер­ді деп ойлай­мын. Бірақ қалай болған­да да, Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев актив­тер­ді қай­та­ру тала­бын өзінің сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­сы­ның басты пункт­терінің бірі ретін­де атаға­нын еске ала­тын бол­сақ, бұл тақы­рып мем­ле­кет­тік сая­сат­тың басты тар­мағы ретін­де қатаң бақы­ла­уда тұр деп ойлаймын.

Егер «Кар­мет­тің», «Қаза­қ­мыс» пен ERG-дің ел эко­но­ми­ка­сы­на қай­та­ры­ла бастаға­нын ескер­сек, ел Пре­зи­ден­ті өз сая­са­ты­на берік деп тұжы­рым жаса­уға бола­ды. Бірақ бір өкіні­штісі – бір­те-бір­те актив­тер­дің қай­тып жатқа­нын әлде қоғам түсін­бе­уде, әлде тиісті уәкілет­ті орган­дар қоға­мға бұл мәсе­лені жет­кілік­ті түсін­діріп бере алмауда. Қалай болған­да да, бұл тұрғы­да қоғам тара­пы­нан қол­дау таны­ты­лған тренд тап­шы сияқты. Қысқа­сы – актив­тер­ді инве­сти­ци­я­лық жол­мен қай­та­ру про­цесі мен бұл бағыт­тағы оң нәти­же­лер­ді наси­хат­тау тақы­ры­бы кем­шін болып тұр деп ойлаймын.

Сұх­бат­тасқан Зей­ін ЕРҒАЛИҚЫЗЫ,

«Еге­мен Қазақстан»

Республиканский еженедельник онлайн