Четверг , 12 ноября 2026

ЗІЛЗАЛА ЗҰЛМАТЫНАН САҚТАСЫН !!!

Алма­ты қала­сын­да сей­сми­ка­лық құжат­тау нәти­же­лері бой­ын­ша тек­серіл­ген көп­пә­тер­лі үйлер­дің төрт­тен бірі­нен аста­мы неме­се 26%-ға жуы­ғы жер сіл­кінісіне төзім­сіз деп таныл­ды. Бұл тура­лы дүлей зіл­за­ла­лар­дың қауіп-қатерін азай­ту және Орта­лық Азия елдерінің тұрақты­лы­ғын арт­ты­ру жөнін­де­гі өңір­лік семи­нар­да тех­ни­ка ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, ҚР ТЖМ Сей­смо­ло­ги­я­лық бақы­лау және зерт­те­улер ұлт­тық ғылы­ми орта­лы­ғы зерт­ха­на­сы­ның мең­ге­ру­шісі Вла­ди­мир Лапин айтып берді.

Ғалым­ның айтуын­ша, Алма­ты – Орта­лық Ази­ядағы сей­сми­ка­лық қауіп­ті аумақтар­дың бірі. Өңір тарихын­да 1887, 1889 және 1911 жыл­да­ры қира­ту­шы күші жой­қын тоғыз балл­дық үш жер сіл­кінісі болды.

– Біз­де қала­да тоғыз балл­дық сей­сми­ка­лық аумақ, он балл­дық сей­сми­ка­лық жаңа аумақ бар, тіп­ті қала аумағын­да 18 тек­то­ни­ка­лық жары­қ­шақтар бар, – деді Вла­ди­мир Лапин.

Тұрғын үй қоры­ның тұрақты­лы­ғын баға­лау үшін, Алма­ты­да біраз жыл бойы ғима­рат­тар­ды сей­сми­ка­лық құжат­тау жүр­гізіл­ді. Алға­шқы ауқым­ды зерт­те­улер 1990 жыл­дар­дың аяғын­да ұйым­да­сты­рыл­са, 2007–2009 жыл­да­ры осын­дай жұмыс Жапо­ния халы­қа­ра­лық ынты­мақ­та­стық агент­ті­гі­мен (JICA) бір­лесіп жүр­гізіл­ді. Сол кез­де тек­серіл­ген ғима­рат­тар­дың шама­мен үштен бірі сей­сми­ка­лық төзім­ділік талап­та­ры­на сәй­кес кел­мей­тіні, тағы үштен бірі тұрақты деп таны­лға­ны, ал қалған­да­ры қосым­ша тек­се­руді қажет ететіні анықталды.

2017–2018 жыл­да­ры маман­дар 8171 көп­пә­тер­лі тұрғын үйді тек­сер­ді. Құжат­та­удың келесі кезеңі 2023–2024 жыл­да­ры өтті және тағы 1777 үйді қам­ты­ды. Осы­лай­ша, екі кезең­де маман­дар 10 мыңға жуық көп­пә­тер­лі үйдің жағ­дай­ын бағалады.

– Нәти­же­сін­де екі құжат­тау бары­сын­да 10 мыңға жуық көп­пә­тер­лі тұрғын үй тек­серіл­ді. Олар­дың 2577-сі тұрақ­сыз болып шықты, бұл 25,9%, – деп атап өтті ғалым. Бұл рет­те әңгі­ме Алма­ты­ның бар­лық тұрғын үй қоры тура­лы емес, тек­серіл­ген ғима­рат­тар тура­лы ғана екенін ескер­ген жөн.

Сарап­шы­ның айтуын­ша, зерт­теу нәти­же­лері үйлер­дің неғұр­лым осал түр­лерін аны­қта­уға және осы деректер­ді сей­сми­ка­лық тәу­е­кел­ді төмен­де­ту бой­ын­ша іс-шара­лар­ды жос­пар­ла­уда пай­да­ла­нуға мүм­кін­дік береді. Зерт­теу қат­ты жер сіл­кіністері кезін­де ең қауіп­тілері кір­пі­ш­тен салы­нған кей­бір ескі және ағаш ғима­рат­тар екенін көр­сет­ті. Тұрақ­сыз деп таны­лған үйлер­дің 87%-ы дәл осы екі санатқа жатады.

Маман­дар сей­сми­ка­лық төзім­ді құры­лы­сқа қой­ы­ла­тын талап­тар едәуір аз болған кезең­де салы­нған көтер­гіш қабы­рға­ла­ры бар кір­піш ғима­рат­тарға ерекше назар ауда­ра­ды. Тәу­е­кел тобы­на сон­дай-ақ ағаш жабындысы бар кей­бір екі қабат­ты үйлер, ста­лин­дік құры­лыс ғима­рат­та­ры және 1960 жыл­дар­дағы жеке­ле­ген төрт қабат­ты кір­піш үйлер кірді.

– Неғұр­лым сей­сми­ка­лық төзім­сіз ғима­рат­тар – ағаш ғима­рат­тар мен кір­піш қабы­рға­ла­ры бар ғима­рат­тар. Ол кез­де сей­сми­ка­лық төзім­ділік тұрғы­сы­нан тиісті құры­лыс нор­ма­ла­ры болған жоқ, – деп түсін­дір­ді ғалым.

Ол мұн­дай үйлер­дің жеке­ле­ген санат­та­рын нығай­ту атқа­ры­ла­тын жұмыстар­дың жоға­ры құны және кон­струк­ци­я­лар­дың тозуы­на бай­ла­ны­сты эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан тиім­сіз болуы мүм­кін дей­ді. Бұл рет­те нақты ғима­рат­ты одан әрi пай­да­ла­ну, нығай­ту неме­се бұзу тура­лы шешiм­дi тиiстi зерт­те­улер негiзiн­де уәкiлет­тi орган­дар қабыл­да­уы тиiс.

Ғалым­ның баға­ла­у­ын­ша, ескі ірі панель­ді үйлер көп жағ­дай­да едәуір жоға­ры сей­сми­ка­лық төзім­ділік көр­се­те­ді. Бұл жер­де әңгі­ме Алма­ты­ның шағын аудан­да­рын­дағы кеңе­стік құры­лыс нор­ма­ла­ры бой­ын­ша салы­нған ғима­рат­тар туралы.

– Ірі панель­ді ғима­рат­тар көбі­не­се, мыса­лы, цифр­лық шағын аудан­дар, тіп­ті ескі нор­ма­лар бой­ын­ша жоба­ланған­да­рын қоса алған­да, іс жүзін­де бар­лы­ғы сей­сми­ка­лық төзім­ді. Мұны күшті жер сіл­кіністерінің сал­да­рын тал­дау және қуат­ты діріл қон­ды­рғы­ла­ры­ның көме­гі­мен экс­пе­ри­мент­тік зерт­те­улер көр­сет­ті, – деп атап өтті Вла­ди­мир Лапин.

Алай­да кей­бір ерекшелік­тер бар. Тек­се­ру бары­сын­да маман­дар жоғарғы қабат­та­ры ірі панель­ден, ал бірін­ші қаба­ты кір­пі­ш­тен жасалған ғима­рат­тар­ды тапқан. Ғалым­ның айтуын­ша, мұн­дай кон­струк­ци­я­лық шешім­дер қат­ты жер асты сіл­кіністері кезін­де ғима­рат­тың орны­қты­лы­ғын айтар­лы­қтай төмен­де­туі мүм­кін. Сон­ды­қтан мұн­дай нысан­дар жеке назар ауда­ру­ды және қосым­ша инже­нер­лiк шешiм­дер­дi талап етедi.

Маман зама­на­уи моно­лит­ті ғима­рат­тар­дың сей­сми­ка­лық төзім­ділі­гіне жеке тоқтал­ды. Оның айтуын­ша, 2023–2024 жыл­дар­дағы зерт­теу нәти­же­лері алды­ңғы­ларға қараған­да едәуір жақ­сы болып шыққан, себебі ірік­те­ме­ге неғұр­лым кеш салы­нған үйлер­дің көп­шілі­гі кір­ген. Тек­серіл­ген моно­лит­ті ғима­рат­тар­дың көп­шілі­гі қазір­гі заманғы құры­лыс талап­та­ры бой­ын­ша жоба­ланған. Алай­да ғалым құры­лыс тех­но­ло­ги­я­сы­ның өзі қауіп­сіздік­ке кепіл­дік бер­мей­тінін атап өтті.

– Егер құры­лым­дық схе­ма ғима­рат­ты сей­сми­ка­лық төзім­ділік­ке жатқы­зуға бола­тын­ды­ғын көр­сет­се, құры­лыс бары­сын­да нор­ма­лар талап­та­ры­нан ауы­тқу болған-бол­маған­ды­ғын қарау керек. Мен әрдай­ым айтып жүр­генім­дей, орын­далған жұмыстар­дың сапа­сы­на баса назар ауда­ру керек, – деп атап өтті сарапшы.

Ол құры­лыс сапа­сын бақы­лау тех­ни­ка­лық және автор­лық қадаға­лау шең­берін­де жүзе­ге асы­ры­ла­ты­нын, ал ғылы­ми-зерт­теу ұйым­да­ры ғима­рат­тар­дың сей­сми­ка­лық төзім­ділі­гін баға­ла­у­мен айна­лы­са­ты­нын түсіндірді.

Семи­нар бары­сын­да қаты­су­шы­лар: «Үйді сей­сми­ка­лық тұрғы­дан төзім­сіз деп тану онда тұруға тый­ым салу­ды біл­ді­ре ме?» – деп сұра­ды. Вла­ди­мир Лапин құжат­тау нәти­же­лері тұрғын­дар­ды өзді­гі­нен көші­ру неме­се ғима­рат­ты бұзу тура­лы шешім болып табыл­май­ты­нын айтты.

– Біз өзі­міздің ұсы­ны­ста­ры­мы­зды бере­міз, ал құзы­рет­ті орган­дар, мыса­лы, әкім­дік шешім қабыл­да­уы тиіс. Не күшей­ту, не бұзу және тағы басқа. Бұл біздің құзы­реті­міз­ден тыс, біз зерт­те­ушілер­міз, – деп түсін­дір­ді ол.

Спи­кер­дің айтуын­ша, маман­дар­дың мін­деті – ғима­рат­тың тех­ни­ка­лық сипатта­ма­сын баға­лау және оның сей­сми­ка­лық төзім­ділі­гін аны­қтау. Нысан­дар­дың одан арғы тағ­ды­ры тура­лы шешім жеке қабылданады.

Жүр­гізіл­ген ауқым­ды жұмыстарға қара­ма­стан, ғалым­дар сей­сми­ка­лық тәу­е­кел­дер­ді баға­ла­уды жалға­сты­ру қажет деп санай­ды. Атап айтқан­да, мек­теп­тер­ге, бала­бақ­ша­ларға, ауру­ха­на­лар мен басқа да әле­умет­тік нысан­дарға қосым­ша баса назар ауда­ру қажет. Вла­ди­мир Лапин атап өткен­дей, мұн­дай ғима­рат­тар үшін сей­сми­ка­лық қатер­ге толы­ққан­ды тал­дау жүр­гі­зу керек.

Сон­дай-ақ ғалым­дар Алма­ты­ның сей­сми­ка­лық қауіп-қатер кар­та­сын жасау бой­ын­ша жұмысты жалға­сты­ру­ды жос­пар­лап отыр. Ол жер сіл­кіністерінің болу ықти­мал­ды­ғын ғана емес, құры­лы­стың әр түр­лері үшін ықти­мал сал­да­рын да еске­ру­ге мүм­кін­дік береді.

Сарап­шы­ның айтуын­ша, мұн­дай зерт­те­улер қала құры­лы­сы, ғима­рат­тар­ды қай­та құру және әле­ует­ті залал­ды азай­ту бой­ын­ша шешім­дер­ге негіз бола алады.

Бұл рет­те ғалым­дар­дың басты түй­іні – үйдің жасы неме­се оны салу тех­но­ло­ги­я­сы қауіп­сіздік­ті әрдай­ым бір­жақты баға­ла­у­ға мүм­кін­дік бер­мей­ді. Дұрыс баға­лау үшін, ғима­рат­тың құры­лым­дық ерекшелік­тері, құры­лыс нор­ма­ла­ры­ның сақта­луы және оның нақты тех­ни­ка­лық жай-күйі тура­лы мәлі­мет­тер қажет.

Иә, ата­ла­ры­мыз әрқа­шан от бәлесі­нен, су бәлесі­нен, жала бәлесі­нен, жер сіл­кінісі­нен, басқа да көрі­нер-көрін­бес апат­тар­дан сақтағай деп бата жасай­тын. Бірақ Алла да сақтанған­ды сақтай­ды. Осын­дай сей­сми­ка­лық аймақта орна­ласқа­ны­на қара­ма­стан, бүкіл ел халқы­ның 20 пай­ы­зы­на жуы­ғы Алма­ты­ның айна­ла­сы­на шоғыр­ланған. Оның үстіне іргесін­де жаңа қала – Ала­та­уды дамы­ту қолға алын­ды. Бұл да ойла­на­тын мәселе.

Сон­ды­қтан «жақ­сы­лы­ққа жоры да, жаман­ды­қты тақап қой» демек­ші, Үкі­мет, қала билі­гі орын алуы мүм­кін жер сіл­кінісіне әрқа­шан дай­ын болу­ды тұрғын­дарға ескер­туі тиіс. Қалай десек те, Алла зіл­за­ла зұл­ма­ты­нан сақтасын!

Сар­баз ҚҰТ-МҰХАММЕД, «D»

Республиканский еженедельник онлайн