АҚИҚАТТЫҢ ақсұңқарынан АЙЫРЫЛДЫҚ

Астана жақтан Жұмабике қайтыс болыпты деген қайғылы хабар келді…

Сене алмадым демейін, ауырып жүргенін білуші едім… Бірақ жалғыз өзі сірі жанын шүберекке түйгендей болып, тас-түйін жүретін Жұма әпекем асығыс кетіп қалады деп кім ойлаған?! Жан-жағына деген жанашырлыққа жаны толы, әлсізге әділет іздеген жігері берік адамдар да бір күні өмірден кететіні өкінішті-ақ!

Жаңылмасам, 2007 жыл болуы керек, «Эпоха» газеті жабылған соң, Жұмабике Жүнісова «ДАТ»-тың сол кездегі жобасы «Тасжарған» газетіне келді. Бұған дейін бірнеше басылымда жорналшылық жанкешті жолдан өткен, «Индустриальная Караганда» сияқты азулы газетте шыңдалған тәжірибелі қаламгерді бірден редакцияға қабылдадық. Шолушы болды, бөлім басқарды, газеттің астаналық тілшілер қосынына жетекшілік етті. Содан 2018 жылы зейнет демалысына кеткенге дейін «ДАТ»-тың дауылпаз жорналшысы болды. Әділеттің жаршысы, сот тақырыбына жазудың теңдессіз шебері еді.

Бұдан екі ай бұрын хабарласты: «Сырқаттанып жүрсем де, әділет іздеп, қолқа сала келген ағайынның бетін қайтара алмадым, мені іздеп келген адамның тағдырына арнап жазарым бар» деген-ді. Сондағы Жұмабике жазған сот очеркін газеттің үш нөміріне бердік. Арада бір ай өткенде, ескі жылдың соңына тақау: «Суд закончился, как всегда, справедливость потерпела поражение, напишу очерк-резюме на первый новогодний номер, дай мне полосу?!» – деді Жұмабике жабырқау үнмен.

«Әрине, әрдайым сен үшін газет беті дайын», – дедік біз…

Газетің сені күтіп тұр, Жұмабике! Бірақ бұл нөмірге сенің ағайынға араша іздеп жазғаның емес, сен туралы қазанама жарияланғаны өкінішті… Сен «ДАТ»-тың тарихындағы даңқты жорналшы ретінде біздің зердемізде мәңгі сақталасың!

Қош, ақиқаттың ақсұңқары!

Ермұрат БАПИ

  • Суретте (КазТАГ) Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Жұмабике Жүнісова «ДАТ»-тың атынан Вашингтонға (АҚШ) арнайы сапармен барған сәті (2011 ж.).

Светлая память СВЕТЛОЙ ДУШЕ!

Хрупкая и сильная Жумабике каждую человеческую судьбу, которую она исследовала, переживала, как свою. Абсолютная вера в долженствование триумфа правды, справедливости двигало ее постоянно к новым расследованиям. Она горела в работе. По ее работе в газетах можно, наверное, составить учебник для молодых журналистов.

В моей истории она своим присутствием на каждом заседании суда и публикациями была как луч света для меня, моей семьи, для всех, кто переживал за меня.

Светлая память светлой душе!

Анар МЕШИМБАЕВА,

экс-председатель Агентства по статистике РК 2007–2009 гг.

  • «ДАТ» медиа-жобасының редакциялық ұжымы Қазақстанның құрметті журналисі Жұмабике Жүнісованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен етжақын ағайындарына қайғырып көңіл айтады. Ардақты әріптесіміздің жатқан жері жарық, мәңгілік мекені жұмақ болсын!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн