Бұл соттау емес, БҰЛ – ОТТАУ

Бергей Рыскалиев

ДАТ-тың интернетте шыға бастаған электронды нұсқасында (www.datnews.today) шыққан «Бергейді сырттай соттау басталды» деген тақырыптағы хабарламалық мақала «Фейсбук» желісінде де жарияланған еді. Бір аптаның ішінде оны 20 мыңға жуық желі қолданушы оқыпты. Бір қызығы – сол жарияланымның астындағы 100-ден астам пікірлердің 99 пайызы Атыраудың экс-әкімі Бергей Рысқалиевті қолдаған екен. «Рысқалиев – қылмыскер» немесе «Бергей елді тонап кетті» деген бір ауыз сөз жоқ. Біз сол пікірлердің бір-бірін қайталайтын нұсқаларын қысқартып, желі қолданушылар қалдырған жазбаларды қаз-қалпында газет оқырмандарының назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Тоқтар Тайшы:
• Сырттай соттау Қазақстанда модаға айналған сияқты. Бұл да болса, бейшаралықтың белгісі емес пе?

Гауһар Кайырлиева:
• Бергей Рысқалиевтен жаманшылық көрмеппіз, жақсы жұмыс жасады деп айта аламын. Қазір сотталмау үшін, жемқор болу керек сияқты, әділдік жоқ…

Азамат Бергалиев:
• Теңіздегі құтырған экспаттар – түріктердің артын қыстырды, қазақтың патриоттық намысын қорғады. Оны соттаған адам тырнағына да тұрмайды. Қазір бәрін сатып жатыр шетелге. Үкімет адамдарынан не қайыр?

Гульбарша Капулова:
• Өте дұрыс пікірлер айтылып жатыр. Иманғали мен Бергей сияқты азаматтар елімізде саусақпен санарлықтай шығар. Елі, халқы үшін туған қазіргі заманның қаһармандары деген атақ беру керек. Қазір ешқандай жұмыс жасамай, ел еңбегін жеп отырғандар қаншама?! Кайда жүрсе де, АМАН жүрсін!

Разия Касымова:
• Бергей Сəулебайұлының халық игілігі үшін жасаған істері ешқашан ұмытылмайды. Қолдаушысы – халық. Алласы жар болсын! Көп тілегі көл деген, азамат аман жүрсін. Осы кісі келеді деген жақсы хабар болса, Атырау халқы «ақсарбас» айтар еді-ау!

Светлана Уралов:
• Атырауды – Атырау қылған Бергей ғой. Оның туып-өскен жеріне жасаған жақсылығын ешбір адам да, ешбір әкім де жасаған жоқ. Қайда жүрсе де, аман болсын!

Гульнар Кенжегалиева:
• Бергейдің жақсылығы мол жігіт қой. Әкім болып тұрған жылдары Қызылқоғаға газ жүргізген.

Жумабике Конажанова:
• Жалғыз Қызылқоғаға емес, Атыраудың қақ ортасы – шіркеу маңындағы жеке секторларға сол Бергейдің арқасында газ келген, асфальт жөнделіп, қыста жауған қарға дейін жинап алып кететін. Басы-қасында өзі тексеріп жүретін әкім еді, біздер – тірі куә адамбыз.

Гулмайра Тыныбекова:
• Бергей Рысқалиевті өлтірді деп, бір жерлерден оқып едім. Тірі дегенде, өз басым қуандым. Аман болсын! Əкім болып тұрғанда, көп жұмыс бітірді ғой. Жесе – жеген болар. Кім жемей жатыр?

Светлана Шагирова:
• Бергей мен Иманғалиға ешкім жетпейді. Қайда жүрсе де, аман жүрсін. Көп тілегі – көл деген.

Маншук Тасмуханова:
• Халыққа қызмет қылып, істі болған аяулы азаматтар, қайда жүрсеңіздер де, аман жүріңіздер! Бергей көпірлер мен жолдарды салдырмағанда, не істер едік? Ауылдың жолымен жүргенде, ылғи Бергейге алғыс айтамын.

Tazhibaeva Damelya:
• Бергей – азамат, қарапайым халықтың баласы. Халыққа жақын жанашары. Халыққа жақын қазір басшылар жоқ. Алла аман-есен қылсын!

Бакберген Кармысов:
• Бергейдей аға мың жылда бір туады. Қайран аға туған жердің жусанын сағынып жүрген шығар…

Алияш Мухтангалиева:
• Бергей емес пе – Атырауды балшықтан құтқарған, кірсең, шыға алмайтын көшелердің бәрін асфальттап, аяғымыздағы ботиды тастатқан.

Тілекқабыл Гумаров:
• Бұл кісі 5 көпір салдырмағанда, Атырауда техниканың пробкасы қандай болар еді? Бұл бір еңбегі ғана.

Гауһар Кайырлиева:
• Халық ақымақ емес, бір күндері немерелеріміз тарихтан оқиды – кімнің кім екенін.

Асылбек Усепов:
• Иманғали 40 жыл жиналған қоқсықты 4 айда тазартып, «ТШО»-ның газынан зардап шегіп отырған Сарықамыс, Қаратон халқын қалаға көшіріп; Бергей 70 жыл салынбаған көпір салып, қала-селоны газбен, сумен, жолмен қуантқан азаматтар.

Гани Есенович:
• Иманғали, Бергей сияқты ағаларымыздың еңбегін халқы бағалайды. Ал жеу жағына келсек, НƏН-нің айналасындағылар қандай еңбегінің арқасында молшылықта жүр екен? Құрттай ойланып, тəубелеріне келмесе, ұрпағының көзіне қалай қарайды екен – таңым бар.

Алия Багитова:
• Бергей болғанда, Атырау көркейіп, жол салынып, «Жұмыскер» мен «Балықшының» көпірін алматылық «Капчагаймостстройдың» жұмысшылары келіп, бітірмей, «ақша жоқ көпір салатын, ақшаны аудармайды, халықтың ақшасын бермейді» деп, кетіп қалғанда, аяқталмай қалғанда, Бергей келіп, көпірді, тас жолды, суды, газды – барлығын жасатты. Бұрын «Жұмыскер» поселкесі қандай болды? Жағадан балық жеп отыратын едік, қазір балық түгілі, балықтың тікеніне де зар болдық.

Сара Идирова:
• Бергей және Аманжан Сәулебайұлдары, қайда жүрсеңдер де, сендерді Алла қорғай жүргей! Халқыңа, туған жеріңе өте көп игі істеріңді халық ұмытпайды. Сіздердің амандықтарыңызды тілейміз. Қайда болсаңдар да, Алла қамқор болсын, айналайындарым! Сендерді сағындық!

Құралай Уалиева:
• Бергей – ел қамын ойлаған азамат. Көшеге жол салды, су құбырларын пластикке ауыстырды – тат су ішіп жүр едік. Қайсыбірін айтайық, көп жақсылық жасады халық игілігі үшін. Аман болсын!

Армангуль Хайруллина:
• Бергей қайда жүрсе де, аман болсын! Жасаған жақсылықтары ұшан-теңіз. Біртуар азамат! Халықпен бірге болды. Сағынамыз…

Исатай Рустемов:
• Түсінбей қалдым, аяқ астынан жемқор қылып жібергеніне.

Замира Жанабайкызы:
• Бұл кісі көп жақсылық жасады. Көшеміз суға батып, үйге кіре алмайтынбыз. Осы кісі жол салып берді, көшемізді жарықтандырды. Бергей әкім болған соң, үйімізге газ жүрді. Тіпті қайтқан аталарымыздың бейіт басына балшықтан бара алмайтынбыз, мола басына дейін жол салып берді. Қысты күні қар жауғанда, таңға дейін тазалатып, қарды жоқ қылғызатын. Ол кісі кеткен соң, қар тазалау қалды ғой. Атырауды тап-таза қылды. Бұл кісіні халық жақсы көреді.

Сауле Науханова:
• Қайда жүрсе де, аман болсын. Атырауға көп еңбегі сіңді. Бұндай азаматтар жоқтың қасы ғой қазір.

Тулеген Сарсенгалиев:
• «Жақсының жақсылығын айт» дейді қазағымыз. Бергей Сәулебайұлы облыс басшысы болып тұрғанда, Қызылқоға ауданына ауыз су, газ құбырын тартып берді. Сағыз – Миялы қатқыл табанды тас жолын төсеп берді. Бергеймен мақтанамыз! Қайда жүрсе де, аман болсын, отбасына амандық, деніне саулық тілеймін!

Гулбаршын Мухтарқызы:
• Осы қызық, иә. Неге сонша қудалайды екен. Мүмкін, таза адам шығар. Сонша не жеп қойыпты? Аман болыңыз!

Серик Табынтаев:
• Елге аман оралуына шын жүректен тілектеспін. Аман жүр, бауырым!

Беб Керей:
• Қызық екен, халық Бергейді қолдап отыр, жақсылығын ұмытпайды. Сонда соттап жатқандар халық жауы болғаны ғой!

Анар Нигметова:
• Бергей Саулебаевич туралы халық бағасын беріп жатыр. Бұл ең басты – АҚИҚАТ! Одан артық шындық жоқ және шындық әрқашан жалғыз!

Гульайм Маргарян:
• Иманғали, Бергей ағаларымызға жету қайда?! Нағыз жанашыр, халыққа пайдасы тиген әкімдер.

Жаркинай Арисова:
• Иманғали мен Бергейге жететін əкім жоқтың қасы, қайда жүрсе де,

халық үшін туған азаматтар аман болсын! Бергей елге аман-есен оралсын! Иманғали президент болса екен!

Еркин Калуов:
• Иманғали, Бергей халыққа қызмет жасаған азаматтар ғой. Бұрын-соңды ондай әкімдер болған емес сонау купец Гурьевтен бері Атырауда. Аман ердің аты шығар бір күндері.

Гульзира Куатова:
• «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан». Кому-то не угадил, сосын тырнақ астынан кір іздейді емес пе! Бергейдің кезі жақсы болды. Өзіне де, халыққа да жетті. Атырауда күніге 200 автобус линияға шығып, халыққа қызмет көрсетті. Ақаман кезінде автопарк күшті жұмыс жасап тұрды. Көшелерде асфальт салынды, неше көпір салынды. Бəріне жетті. Мұндай азаматтар өлді деуге сенуге болмайды. Қайда болса да, аман болсын, ағайындылар!

Нурбахит Саналиева:
• Бергей Рысқалиев облыс деңгейіне танылған ұстаздарға – 50 000, жалпы облыстағы барлық ұстаздарға Ұстаздар күніне 35 000 теңге сыйақы жасады. Екі сыйақысын да алған едім. Атыраудың көркеюіне зор үлес қосқан азамат еді. Өкінішті!

Есенбол Қамбаров:
• Бұл сырттай соттау емес, бұл – оттау.

Nursaule Serikkalieva:
• Индерге салған көпір үшін рахмет Бергей ағамызга, аман болсын!

Айжигитов Бактыгали:
• Ер Азамат – Атыраудың мұңын білетін, аман жүр!

Шабай Шабай:
• Бергей халқына қызмет етті, неғыл деп соттайды?!

• Иманғали мен Бергейге жететін əкім жоқтың қасы, қайда жүрсе де, халық үшін туған азаматтар аман болсын! Бергей елге аман-есен оралсын! Иманғали президент болса екен!

Еркин Калуов:
• Иманғали, Бергей халыққа қызмет жасаған азаматтар ғой. Бұрын-соңды ондай әкімдер болған емес сонау купец Гурьевтен бері Атырауда. Аман ердің аты шығар бір күндері.

Гульзира Куатова:
• «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан». Кому-то не угадил, сосын тырнақ астынан кір іздейді емес пе! Бергейдің кезі жақсы болды. Өзіне де, халыққа да жетті. Атырауда күніге 200 автобус линияға шығып, халыққа қызмет көрсетті. Ақаман кезінде автопарк күшті жұмыс жасап тұрды. Көшелерде асфальт салынды, неше көпір салынды. Бəріне жетті. Мұндай азаматтар өлді деуге сенуге болмайды. Қайда болса да, аман болсын, ағайындылар!

Нурбахит Саналиева:
• Бергей Рысқалиев облыс деңгейіне танылған ұстаздарға – 50 000, жалпы облыстағы барлық ұстаздарға Ұстаздар күніне 35 000 теңге сыйақы жасады. Екі сыйақысын да алған едім. Атыраудың көркеюіне зор үлес қосқан азамат еді. Өкінішті!

Есенбол Қамбаров:
• Бұл сырттай соттау емес, бұл – оттау.

Nursaule Serikkalieva:
• Индерге салған көпір үшін рахмет Бергей ағамызга, аман болсын!

Айжигитов Бактыгали:
• Ер Азамат – Атыраудың мұңын білетін, аман жүр!

Шабай Шабай:
• Бергей халқына қызмет етті, неғыл деп соттайды?!

Ғ 

Республиканский еженедельник онлайн