ЖАҢА РЕДАКТОР

ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

  • «ДАТ» медиа-жобасының соңғы нұсқасы «Общественная позиция» газетінің меншік иесі «Дара ИНФО» серіктестігінің бас директоры – құрылтайшы Ерік Бапиевтің бұйрығымен басылым басшылығында ауыс-түйіс болды.

Бұған дейін белгілі болғандай, газеттің бас редакторы Ермұрат Бапи ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайлануына байланысты бас редакторлық қызметінен босатылды. Заң талаптарына сәйкес, Парламент депутатына мемлекеттік, квазимемлекеттік және коммерциялық субъектіде қызмет етуге тыйым салынатыны ескеріліп, «Дара ИНФО» ЖШС-і бас директорының бұйрығымен Ермұрат Бапи «ДАТ» – «Общественная позиция» газеті редакциялық алқасының қоғамдық негіздегі төрағасы болып тағайындалды.

Ал газеттің 25 жылдан бергі шығарушысы Ермұрат Бапидың ұсынысымен басылымның белсенді авторы, қоғам қайраткері, публицист Нұртаза Қадырниязов газеттің бас редакторы болып тағайындалды. Ескерте кетейік, ҚР Парламентінің жуықта өткен соңғы сайлауында Нұртаза Қадырниязов Алматы қаласындағы № 3 сайлау округі бойынша депутаттық сайысқа түсіп, Ермұрат Бапиға қарсылас 33 үміткердің бірі болған еді.

«ДАТ» медиа-жобасының редакциялық ұжымы газеттің жаңа бас редакторы Нұртаза мырза мен Қазақстан елінің жаңа депутаты Ермұрат ағаға ақ жол тілейді! Іске сәт, әріптестер!

ДАТ-ақпарат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн